Қан тамырына енгізілетін инъекция . Қан тамырына енгізілетін (іnjеctіones іntravenosae) және
артерияға енгізілетін (іnjеctіones іntraartherіeales) инъекциялар жатады. Бұл кезде ерітінді күре
тамырға (жиі шынтақ) немесе артерияға (сан, иық, ұйқы) енгізіледі. Бұл жағдайда дәрілік
заттың әсері тез (1-2 секунд) көрсетіледі. Инъекцияны қан тамырына енгізу тәсілі қанға өте көп
мөлшерде сұйықтық енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, физиологиялық ерітінділер кейде үш
литрге дейін енгізіледі. Қан тамырларына қанмен жақсы араласатын тек сулы ерітінділерді
енгізуге болады.
Жұлын-милы инъекция (іnjеctіones іntraarachnoіdales, cerebrospіnales, endolumbales). Ерітінді
ІІІ және ІV бел омыртқа арасындағы омыртқа каналының субарахноидалды және перидуальды
кеңістікке енгізіледі. Бұл тәсілмен негізіне жансыздандыратын дәрілер және антибиотиктер
енгізіледі. Жұлын-милы инъекцияларда рН мәні 5-тен төмен емес 8-ден жоғары болмайтын
нағыз ерітінділер енгізіледі. Жұлын-милы инъекцияларды тәжірибелі дәрігер-хирург жүргізеді.
Мисауыт ішілік инъекция (іnjеctіones suboccіpіtales). Дәрілік зат лезде әсер етеді. Нейтралды
реакциялы нағыз ерітінділер (1-2 мл) енгізіледі. Сирегірек инъекцияның басқа түрлері: сүйек
ішілік, буын ішілік, плевра ішілік, құрсақ ішілік және т.б. қолданылады.
«Инъекционные лекарственные формы» мақалаға сәйкес келесі талаптар қойылады :
стерильдік, апирогендік, тұрақтылық, механикалық қоспаларының болмауы, кейбір ерітінділер
фармакопеялық мақалалардағы нұсқауларға сәйкес изотонды, изогидрлі және изоионды
болуы керек.
Дисперстік орталар (еріткіштер). Шаншуға арналған ертінділерде сұйық дисперстік орта
(ерткіш) ретінде шаншуға арналған су, бейсу еріткіштер қолданылады. Олар нормативті
құжаттардың талаптарына жауап беруі керек. МФ XІ басылымына сәйкес шаншуға
(инъекцияға) арналған су, тазартылған суға қойылатын талаптарға жауап беруі және
апирогенді болуы керек.