Аппликацияға арналған құрал –жабдықтар. 1. Матадан жасалған аппликация Матадан жасалған аппликация – тігісің әр түрлері. Аппликацияны тігудің
маңыздылығы негізгі түстегі матаға түрлі маталардың бөлшектерін тігу болып
табылады. Маталар аппликацияда не тігу, не жабыстыру арқылы бекітіледі. Матадан
жасалған аппликация заттық, сюжеттік немесе сәндік:бір түсті, екі түсті немесе бірнеше
түсті болуы мүмкін.
Матадан аппликация жасау белгілі дағдыларды қажетсінеді. Біріншіден,
маталарды кесе білу қажет (матаны кесу қағазға қарағанда қиынырақ); екіншіден,
матаның шеті сөгіліп кетіп, жұмысты қиындатуы мүмкін.
2. Шиден аппликация жасау Ши Беларус, Молдавия, Украина ұсталарына зергерлік зат ретінде бұрыннан бері
таныс. Олар одан түрлі заттар жасады: сумка, кілемшелер, ойыншықтар және т.б.
Горьков, Киров аудандарында шимен түрлі заттарды сәндеді: шкатулка, рамка.
Шиден жасалған апликациялар ерекше сәнді, олар алтын төгіп тұрғандай
көрінеді. Бұл шидің жылтырлық қасиеті мен қылшықтарының орналасуына
байланысты. Бұл қылшықтар кейбір жағдайларда ғана ең нақты, анық түсін көрсетеді.
Аппликация қайталанбас ойын жасайды:алтын секілді жалтырайды. Шиден жасалған
аппликация заманауи мекемелердің сәнін келтіреді. Шиден жасалған мүсіндер – тамаша
сыйлық. Бұл картина, шкатулка, рамкалар болуы мүмкін.
Мектеп дайындық топтарының өзі шимен аппликция жасауға тез үйренісіп
кетеді. Жұмыс жасау үшін тікбұрышты заттарды таңдау керек: үй –квадрат, шатыр –
үшбұрыш, үшбұрыштан тұратын шырша, жалауша, бас киім - дөңгелектің жартысы.
Шимен аппликация жасауда шағын топтармен (3-4 баламен )жұмыс жасаған дұрыс.
3.Кептірілген өсімдіктерден жасалған аппликация Осы күндері гүлден, шөптерден,жапырақтардан жасалған, флористка деп аталып
жүрген аппликациялардың аты шығуда. Табиғи заттармен жұмыс жасау мектеп
жасына дейінгі оқушыларға да толықтай қол жетімді. Табиғатпен қарым-қатынаста болу
көңілді,
қызықты,
пайдалы.
Ол
шығармашылықты,
ойлау
қабілетін,
қырағылықты,еңбексүйгіштік және шығармашылық талғамдылықты дамытады.
Табиғат бізге қайталанбас түрлі бояулар мен дайын формаларды береді. Табиғи
заттармен жұмыс жасау балаларды табиғатты сүюге, оны аялауға тәрбиелейді. Табиғи
затты жинау мен жұмысқа дайындау кеңістікте жүзеге асатындығымен де пайдалы.