№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны


кезең –контурлы суретермен сипатталады. Обьектілер шынайы түрінде  бейнелейді. Көп адамдар осы кезеңмен ғана шектеліп қояды.  4 кезең



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
3 кезең контурлы суретермен сипатталады. Обьектілер шынайы түрінде 
бейнелейді. Көп адамдар осы кезеңмен ғана шектеліп қояды. 
4 кезең –сурет салушы жарық пен көлеңкені перспективаларды пайдаланады
қозғалысты бейнелейді. 


Дәріс 3 
Тақырыбы: Бейнелеу және қол еңбек іс-әрекеті арқылы оқушыны жан-жақты 
дамыту,жеке қасиеттерін дамыту. 
Арнайы мектеп оқушыларын тәрбиелеу оқытумен тығыз байланысты. Еңбек 
сабағында оқушыларды тәрбиелеудің міндеттері:
- оқушыда еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу; 
- бала бойында жағымды қасиеттер қалыптастыру (талап, шығармашылық , 
ұқыптылық , жауапкершілік т.с.с.). 
Еңбек сабағында оқушыларды тәрбиелеу үшін мынандай әдістер қолданылады: 
1. Оқушылардың санасын қалыптастыру. Бұл тақырып бойынше әңгімелеу
сұхбаттасу, өздігінен кітап оқу сияқты жұмыстары арқылы жүзеге асады.Мысалы: 
мұғалім таңдап дайындалған тақырып бойынша әңгімелесу немесе тақырып
негізі 1 оқушының тәртібі болуы мүмкін. 
2. Оқушыда қоғамдық қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру. Бұл мақтау, 
әшкерелеу, жаттығу, мысалдар келтіру жұмыстары арқылы жүзеге асады. Мысалы:
3. Мұғалім 1 оқушының жағымды іс-әрекетін мысал ретінде айтады, балалар соған 
еліктеуге тырысады. 
Арнайы мектепте еңбекке баулудың мақсаты оқушыларға тек тиісті білім беріп, 
іскерлік пен дағды қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге ұжым ішінде ортақ мүддеде 
еңбек етуге әзірлеу. Ұжымшілдік, жауапкершілік сезімдері жолдастық қарым-қатынас 
кезінде және өзара көмекке негізделген еңбек процессінде қалыптасады. Тапсырмаларды 
орындау барысында оқушыларға жеке жұмыстарды бірлесе отырып атқаруға, бір-біріне 
көмектесуге, ақыл-кеңес алмасуға тура келеді. Мұғалім осы мүмкіншіліктерді тәрбиелеу 
мақсатында кең пайдалану керек. Тәрбие нәтижесіне тек сабақтың мазмұны ғана емес, 
жұмысты ұйымдастыру, бағалау да әсер ететінін естен шығармау қажет. Еңбек 
дағдыларын қалыптастыру барысында оқушыларды асықтырмаған дұрыс, өйткені жұмыс 
істеу тәсілдері қате, кейін оны түзету әлдеқайда қиын болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету. Мұғалім жасалған бұйымды тексеру кезінде 
оның сапасын оқушының өзіне бағалап көруін ұсыну мүмкін. Оқушы өз еңбегіне сырттай 
қарап оның кемшіліктерін танып біледі. Бұндай әдістің үлкен тәрбиелік мәні
бар. Заттардың жасалу сапасын анықтау жүйелі түрде беріліп отырса, онда 
балаларда өзін-өзі сын көзбен бағалау сезімі қалыптасады.
Саналы тәртіпке тәрбиелеу. Оқушыларды саналы түрде еңбек етіп үйрету үшін 
жұмыстарына жоғары талап қойған жөн. Олардың тәртібінде, өзара қарым-
қатынасындағы белгілі бір ауытқуларды түзету керек. Мұғалімнің жүйелі де табанды 
талаптарын орындау нәтижесінде оқушылар бірте-бірте шеберханада ұстанатын 
ережелерді меңгеріп, жұмыс тәсілдерін дәл орындауға дағдыланады. Олар жұмысты 
белгілі ырғақта істеуге, жұмыс орнын таза ұстауға, құрал-саймандарды күтуге үйренеді. 
Сөйтіп,оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу арқылы өздігінен еңбек етуге 
дайындаймыз. 
Қоғамдық және жеке меншік мүлікке ұқыпты болуға тәрбиелеу. Еңбекке деген көз 
қарасты оқушыларда қоғамдық және жеке меншік мүлікке ұқыпты болуға, еңбек адамына 
құрметпен қарауға тәрбиелеумен тығыз байланысты. Ол үшін балаларды өндірістік 
еңбекке, шеберхана мен кабинетті жабдықтау жұмыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу 
ісіне тарту – ең ықпалды тәсілдердің бірі. Сонымен қатар оқушылардың бойына 
материалды үнемдеуге, саймандарды, киімдерін күте білуге сияқты саналы тәртіппен 
жоғары еңбек мәдениетін сіңіру қажет.
 Эстетикалық тәрбие. Еңбек етудің эстетикалық мазмұны материалдық игіліктерді 
өндіруімен тығыз байланысты және ол тікелей еңбек процессінің өзінен, оның 
нәтижесінен көрініс береді. Мұғалім жақсы жасалған бұйымның әсемділігін, тазалығын, 
формаларының сұлулығын үнемі көрсетіп айту керек. Еңбек кабинетінің, шеберхананың 
іші оқушыларда эстетикалық сезім туғызуы тиіс. 


Сурет салу, мүсіндеу және аппликациялау-негізгі бейнелеу іс-әрекетінің түрлері. 
Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері. Бейнелеу іс-әрекеті арнаулы мектеп оқушылары үшін ең 
қызықты, ең пайдалы нәрселердің бірі: ол баланы терең толғанысқа түсіреді, жағымды 
сезім туғызады; жан-жақты дамытуға әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет