1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары


Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады. Б



бет25/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады.
Бақылау сұрақтары

    1. Терінің қҧрылысы және қызметінің жас ерекшеліктері

11Дәріс



Бүйрек жұмысының нейрогуморальдық реттелуі. Зәрдің құрамы, мөлшері және қасиеттері. Зәр түзілу механизмдері

Жоспары:

1Сыртқа шығару жүйелері (бөлу немесе экскрепция) жөнінде қысқаша физиологиялық шолу.

 2Бүйректер, олардың құрылысы және несеп шығару жолдары.



3Боумен Шумлянский денешіктері және құрылысы.

4Бүйректің қанмен жабдықталу спецификасы.

5 Несеп, оның құрамы және қасиеті.

.6 Несеп түзілуінің рефлекторлық және гуморальдық реттелуі.

7 Қуықтың қызметі, несеп шығу механизмі.

8 Олигурия және анурия.   Қосымша сыртқа шығару ағзалары.

9 Терінің экскреторлық қызметі. Тер бездері және терінің шығуы.

10 Бауыр мен өкпенің экскреторлық қызметі.

 Лекция мақсаты: Студенттерге: сыртқа шығару жүйелері мен қосымша сыртқа шығару ағзалары, олардың құрамы, құрылысы және атқаратын қызметтері жайлы түсінік беру.

    13.0. Организмнің зат алмасу процесінің уытты ыдырау өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе эксрепция деп аталады. Адам мен жоғарғы сатыдағы жануарларда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері асқорыту жолдары да атқарады. Өкпе арқылы организмнен СО2 газы су, наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкоголь бөлінеді. Сілекей мен қарын бездері кейбір ауыр металдарды, дәрі-дәрмектерді, бөгде органикалық заттарды бөледі.

    13.1. Адам мен жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлардың зәр шығару жүйесі қос бүйірден және одан шығатын зәр ағарлардан, қуықтан, зәр арнасынан тұрады.

Бүйректің құрылысы өте күрделі. Ол сыртқы қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт қабықтардан тұрады. Қыртысты қабат нефрондардан тұрады. Нефрон ішінде капилляр (мальпиги шумағы) бар нефрон капсуласынан басталады. (28-сурет) Капсулада қос қабырғалы бір қабат эпителий торшаларынан құралған тостаған пішінді құрылым. Оның қабырғасының арасында саңлау-қуыс жатады.  Капсуланың ішкі қабырғасы капиллярлар шумағымен тығыз жанасып, сүзгіш мембрана құрайды. Капсулаға капилляр қабырғасы арқылы қаннан сүзіліп шыққан сұйықтық- алғашқы зәр жиналады.

    13.2. Боумен – Шумлянский капсуласының қысқа мойыны 1-ші қатарлы ирек түтікшелермен жалғасады. Бүйректің бозғылт қабатына жеткенде бұл түтікшелер жазылып жіңішкереді (қылтаналады) де, тереңдей созылып, нефрон ілгегінің төмен кететін иінін түзеді. Бозғылт қабаттың бітер тұсында бұл түтікше ілген тәрізді иіліп, қайта кеңейеді де, қыртыстың қабатқа қарай жоғары көтеріледі. Түтікшенің бұл бөлігін «теңле» ілгегінің жоғарғы иіні деп аталады. Жоғары өрлеген бұл иік қыртыстың қабатта 2-ші қатарлы (дистальдық) ирек түтікшелерге айналады, ал олар жинағыш түтікшелермен жалғасады. Жинағыш түтікшелер тоғыса келіп еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше түтікшелер зәрді бүйрек қақпасынан басталатын несеп ағармен жалғасады. Осы баяндалған құрылымдар нефрон деп аталады да, бүйректе зәр түзу процесін қамтамасыз етеді. Адамның екі бүйрегінде 2 млн. астам, ірі қарада -8млн, шошқада -1,5 млн, қойда -1 млн. нефрон болады.

    13.3. Бүйрек қанмен өте мол жабдықталады, басқа мүшелермен салыстырғанда оған қан 20есе көп келеді. Мысалы, адамның әр бүйрегіне минут сайын 750мл қан келеді. Тәулігіне бүйрек тамырларынан 1700 л қан өтіп, оның 170 л мальпигий шумақтарында сүзіледі. Адам денесіндегі 5 л қан тәулігіне бүйректен 200-300 рет өтеді.

13.4. Несеп немесе зәр – құрамында: 96% су және 4% құрғақ қалдық бар сұйық зат. Оның құрамы қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне организмнің физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда ол түріне байланысты өзгереді.

   13.5 Зәрдің түзілуін дюрез деп атайды. Дюрезді реттейтін орталық сопақша мида орналасады. Ол аралық мидағы су мен тұздың алмасуын реттейтін орталықтарымен тығыз байланысты. Орталық зәр түсу процесін нервті-рефлекстік немесе гуморальді жолдарын реттейді. Бүйрек қызметін рефлекстік жолмен реттегенде осморецепторлармен болиумрецепторлардың маңызы өте зор. Бүйрек симпотикалық  және парасимпотикалық нервтерімен жүйкеленеді. Бұл нервтер бүйректің жұмысына, оның қанмен жабдықталу деңгейін өзгерту арқылы әсер етеді. Бүйрек тамырлары тарылып, қан қысымы төмендесе зәрдің түзілуі әлсірейді. Керіс, бүйрек тамырлары кеңейіп, қан қысымы жоғарласа зәрдің түзілуі күшейеді.

    Симпотикалық нерв тітіркенгенде нефрон шумақтарының қанмен жабдықталуы өзгеріп, зәр мен судың бөлінуі артады.

    Кезегең нервті тітіркенгенде зәр мен судың бөлінуі күшейіп денедегі азотты заттың шығарылуы кемиді.

13.6. Қуық – зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты 3 бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Ортаңғы қабаты сақина тәрізді еттерден, ал ішкі және сыртқы қабаттары бойлама (біріңғай салалы) еттерден тұрады. Зәр қуықтарын рефлекс түрінде шығарылады. Қуықта жиналатын зәрдің қуысын қуықтың кілегей қабығы мен ет қабаттарында орналасқан.

    Тітіркеніс орталыққа тепкіш, жыныс нервтері арқылы жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасқан зәр шығару орталығына беріледі. Зәр шығару орталығының қуыққа берілетін импульсі парасимпотикалық нервпен (жамбас нерві) бағытталса қуық еттері босаңсиды да, зәр шығарылады. Ал егер импульс қуыққа шажықайлық түйіннен басталатын симпотикалық нерв (құрсақ) арқылы бағытталса, онда қуық еттері босаңсып, қысқыш пен зәр шығару каналының еттері жиырылып, зәрдің шығарылуы тоқтап, зәр қуыққа жиналады. Қалыпты жағдайда әр адам тәулігіне 1-2 л, жылқы 5-10 л, сиыр 6-20 л. Құстарда қуық болмайды, бірақ зәр ағары саңғырауға (клоака) ашылып, нәжісі зәрмен араласып заттар түрінде шығады.

13.7. Зәрдің түзу қарқынының төмендеуі – омигурия, ал зәр бөлінуінің тоқтайтын кезеңі анурия деп аталады. Гипоталамус зақымдалса қанқа возопрессин бөлінбейді де зәрдің бөлінуі шамамен тыс артып кетеді.

Бұл полипурия деп аталады.

    Қосымша сыртқа шығару ағзасына: өкпе, бауыр, тері, ішек пен ұйқы безі жолдары кіреді. Тері арқылы су, минералды тұздар, азотты заттың алмасу өнімділігіне (несепнәр(мочевина), зәр қышқылы, сүт қышқылы бөлінеді. Бауыр – қанды тироксин, фолликуламен гормондарына, гемоглобиннің ыдырау өнімділігінен азотты заттың алмасу өнімдерін тазартады.

    Ішек пен ұйқы бездері арқылы ауыр металдар тұздары, өт пигменттерінің өнімдері бөлінеді.

13.8. Тері – денені (шеткі) сыртқы ортадан шектеп тұратын жабынды қабат. Оның жалпы беткейі ересек адамдарда 0,5-2м жетеді. Оның құрамына, атқаратын қызметіне қарай 3-ке бөлінеді. Сыртқы қабаты – эпидермис.

Ортаңғы –нағыз тері немесе кориум.

Ішкі – тері шегі.

    Тер және май бездерінің әрекеті нәтижесінде тері экрециялау қызметін атқарады. Тері бездері дененің әр түрлі беткейінде бірдей таралмаған адамда алар алақан мен табанда көп болады. Терінің жұқарған жерінде (құрсақ пен кеуденің вентральдық бөлігінде, қолтық пен шашта, құлақ қалқанында т.б). Олар көбірек. Адаммен салыстырғанда малда тер 2-3 есе аз бөлінеді, оның себебі тер бездері қанмен нашарырақ жабдықталуды тәулігіне адам -1 л, жылқы 2,2-3 л, сиыр 4-5 л тер бөледі. Тер рефлекс ретінде жылықты қабылдайтын сезімтал нерв ұштарының тітіркенуіне жауап түрінде бөлінеді. Тер бөлуді реттейтін орталық жұлында орналасады. Тер бездері үшін симпотикалық нервтер секрециялық нерв болып табылады.

    Бауыр қанды тироксин, фоликулин гормондарынан, гемоглобиннің ыдырау өнімдерінен, азотты заттардың алмасу өнімдерінен тазартады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет