1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары



бет33/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
1 Дәріс.docx физ

Қозу мен қозғыштық

Тітіркендіру əсерінен қозғыш тінде қозу үрдісі туады. Ол өте күрделі қүбылыс. Ол көптеген



физиологиялық, биохимиялық жəне морфологиялық қүрылымдық өзгерістермен сипатталады. Тін қозған-да, оның физиологиялық қасиеті - қозғыштығы өзгереді, жасушалар-дың мембраналық шамасы əрекет потенциалына айналады. Əрекет потенциалы қозудың ең көрнекті белгісі, яғни қозу үрдісінің туғанын əрекет потенциалының пайда болуынан білуге болады. Тін қозған сəтте заттар алмасуы əдеттегіден əлде қандай күшейеді. Осыған орай жылу шығару деңгейі артады, қимьгл əрекеттері туады. Мысалы, ет тіні қозу салдарынан ширығып жиырылады. Сондай-ақ қозған жасу-шаның протоплазмасы золь қалпынан гельге айналады, оның түтқыр-лығы өседі, миофибрилдердегі актин протофибрилдері миозин прото-фибрилдерінің арасынан өтіп, ет талшықтары қысқарады, оның көлде-нең жолақтығы жоғалады. Қозған тін өзіне тəн қызметін атқара бас-тайды: ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу өткізеді, бездер сөл шығарады. Сонымен қозатын тіннің тітіркендіруге жауап беру қабі-леті - қозғыштық, ал оның жауабы қозу үрдісі.

Қозатын тіндердің қозғыштығы бірдей емес. Жүйке басқа тіндерге қарағанда қозғыш келеді. Қозғыштық қасиетін салыстырса, қаңқа етінің жүрек етіне қарағанда қозғыштығы жоғарырақ, ал бірыңғай салалы бүлшықеттің қозғыштығы олардан томен болады. Тіннің қоз- ғыштығы қозу үрдісі кезінде, не қажығанда өзгереді.
Тіннің қозғыштық дəрежесі тітіркендіру арқылы анықталады. Фи-зиологияда қолданылатын тітіркендіргіштер адекватты (барабар) жəне адекватсыз (инадекватты немесе бейбарабар) - болып екі топқа бөлінеді. Барабар тітіркендіргіштерді қабьшдайтын организмде арнайы қабылдағыштар болады. Бейбарабар тітіркендіргіштерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштары болмайды. Мысалы, көздің торлы қабығын-дағы көру қабылдағыштары сəулені қабылдайды, яғни сəуленің əсер-іне қозады, оның нəтижесінен жарық сезу түйсігі пайда болады. Көру қабылдағыштары үшін сəуле адекватты тітіркендіргіш. Бұл қабылда- ғыштар бейбарабар тітіркендіргіштерге де қозады. Бірақ одан пайда болған қозу үрдісі тұрпайы келеді, ал сезімнің сапасы темен болады. Адекватты əсерлерге арнайы қабылдағыштар қозғыш болады.

Тітіркендіргіштер өзінің табиғатына байланысты механикалық, химиялық, температуралық, электрлік болып та бөлінеді. Физиоло-гиялық тəжірибелерде көбінесе электрлік тітіркендіргіштер қолда-нылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет