1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары


Эндокринді бездердің гипо және гипнрмекрециясы кезіндегі жағдайлар



бет30/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Эндокринді бездердің гипо және гипнрмекрециясы кезіндегі жағдайлар

Жоспары:

6.1. Ішкі сөл бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальды реттеудегі маңызы. Гармондар жіктелуі, қасиеттері, қызметі.

6.2.Гипофиздің құрылысы, физикалық рөлі.

6.3.Қалқанша бездің қызметі, қалқанша серік бездерінің маңызы.

6.4.Айырша без (тимус) қызметі.

6.5.Аралшық без (ұйқы безі) физикалық қызметі.

6.5.Бүйрек үсті бездерінің маңызы.

6.6.Эпифиз. Маңызы.

   


    Лекция мақсаты: Ішкі сөл бездер түрлері құрылыс ерекшеліктері мен физиологиялық қызметтері жайлы білімгерлерге түсінік беру.

    6.1. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз – ішкі, крино – бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, Оларда пайда болатын заттарды гармондар (грек тілінен аударғанда гормон – қозғаймын деген сөз) деп аталады. Ішкі секреция бездерінің мөлшері шағын болады, бірақ олар қанмен жабдықталады. Безде қан тамырлары арасан көп калимерлер торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді.

1. Тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер оларға: қалқанша, қалқанша серін бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айырша безі (тимус), гипофиз, эпифиз жатады.

2)Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

1.Гармондар дегеніміз не,олар қалай жіктеледі?

Гармон деген атауды 1902жылы алғаш В.Бейлис пен Э.Старлинг ұйқы безінің сөл бөлінуін реттейтін секретин деген затқа байланысты енгізген. Гармондар немесе инкреттер-ішкі секреция бездерінде түзілетін биологиялық белсенді заттар, яғни ерекше биокатализаторлар – реттегіш заттар. Табиғатына қарай гармондарды 4 топқа бөледі: стероидтық гармондар, полипептиптік гармондар амин қышқылының туындылары, белок тектес гармондар.

а) Стероидтық гармондар холестериннің туындыларына жатады: бұл топты бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінің гармондары мен жыныс бездері гармондары құрайды.

б)  Полипептидтік гармондарға: окситоцин, визотрессин.

в)  Амин қышқылдарының туындыларына: тироксин, бүйрек үсті безднрінің бөз затының гармондары – катехоломиндер;

г) Белок тектес гармондарға: - гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөліктері мен арамшық без (ұйқы безі) гармондары жатады.

    2. Организмге ететін әсерлердің сипатынан, физиологиялық мәніне қарай гармондар: метаболизмдік, морфогенездік және үйлесімдік гармондар болып бөлінеді.

а) Метаболизмдік гармондар: организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Мысалы: инсулин, глюкоген, адреналин гармондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гармоны – белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар  мен майладың  алмасу қарқынын өзгертеді, белоктар, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.

б) Морфогенездік гармондар-торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін,жіптелуін бағыттап, реттеп отырады.

в)Үйлесімдік гармондар: жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы: адреанин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін арттырады, шеткей қан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады.

    3) Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гармондар үш топқа бөлінеді.

а) Эффекторлық гамондар – олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді.

б) Троптық гармондар – эффекторлық гармондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады.

в) Релизинка гармондар – гипофиздік троптық гармондардың бөлінуін және  кипоталамустың нейросекрециялық қызметін реттейді.

          Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдарынан қандай аурулар пайда болады?

Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады:1) Гиперфункция – без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гармонды көп бөледі; Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады. Қалқанша без қызметі күшейсе, организм «базер» ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады. (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әсәресе ересек организмде шырышты ісік – микседема дерті байқалады: тері кебісін, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Ауыз су мен топырақша йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де организм зоб ауруына шалдығады.

    Қалқанша серік безінің қызметі нашарласа тетания – құрысу байқалады, Дененің бұлшықеттері тартылып, қарысып, қанда Са – дің мөлшері күрт төмендейді, тіс бұзылады, салмақ кемиді.

Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды: бәрі қошқылданып, тәбет жойылады. Қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді.

    Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр – диабет байқалады, көмірсулар мен майдың алмасуы бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметі күшейсе организмнің өсу қарқыны үдеп, ол әсіресе – ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің бұзылуы салдарынан организм акрогамегамия (дененің жеке бөліктерінің өсуіндегі үйлестіктің бұзылуы) май басу сияқты дерттерге де шалдығады.

    6.2.  Гипофиздің құрылысы. Гипофиз немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сырт жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық мимен тығыз байланысты.

    Без қанмен өте жақсы жабдықталады, оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді, сондықтан гипоталамустың нейросекрециялық торшаларын бөкімей биологиялық белсенді заттар аденогимефизге өтіп, оның троптық гармондардың түзілуін күшейтеді. Гипофиз 4 бөліктен – туберальдық, алдыңғы, аралық (ортаңғы) және нервті (артқы),- құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп аталады. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, кейде дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.

           Гипофиздің физиологиялық рөлі. Гипофиз гармондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды – судың, минералды заттың, көмірсулардың, белоктың, майдың алмасуын реттейді. Сондықтан оны орталық без деп атйды. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гармон бөледі: оларға мыналар жатады.

а) Соматотроптық немесе өсу гармоны (ЕТТ) – организмінің барлық гармондарында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, көмірсулар мен минидтер алмасуын жандандырады. Организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, (Са) мен (Р) алмасуын реттейді. Бұл гармон жетіспесе организмнің өсіп дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көбінесе – алыпты қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гармонның көп бөлінуінің салдарынан акромеголия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхагомия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларына байланысты организм кахексия (көтерем) және май басу сияқты ауруларға да шалдығады.

б) Аденопортикатроптық гормон (АК.ТП,Т)

в) Тиреотроидтық гормон (ТТГ)

г) Гонадотроидтық гормон (ГТГ), д) Фолликуланы жандандырушы гормон (Ф.Ж.К), е) Лютеиндеуші гормон (Л.Г), з) Лютеотромтық гормон және Пролактик, ү) Окситоцин, и) гипофиздік аралық бөлігі мен артқы бөлігі (нейрогипофиз).

          Эпифиз деген не? оның маңызы. Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарладың барлық клеткасында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен киттәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған. Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың 4 төмпешігінің алдыңғы 2 төмпешігінің  арасында орын теуіп, мидың 3 – ші қарыншасын арнаулы сабақша арқылы жалғайды. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған, оның бөлшектерін кинеальдық және имиялық торшалардан құралады.Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші етіп, жыныстың жетілу процесін реттейді.

         Қалқанша бездің қызметі. Қалқанша без кеңірдектің алғашқы 2 -3 сақинасының вендральдық бетінде, көмекейдің қалқанша шеміршегінің артында орналасқан жұп без. Оның массасы адамды: 20 – 40г, жылқы мен сиырда 25- 40г, шошқада 15 -20г, қой ешкіде5 -10г, тауықта 40- 100мг. Без сырт жағында дәнекер ұлпалы қабықша мен қапталады да, одан тараған перделермен жеке-жеке көпіршіктерден тұратын бөліктерге бөлінеді. Қалқанша без құрамында (І) элементі бар тироксин және үш иодты тиронин атты гормондар бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп- жетілуін реттейді, жоғарғы дәрежелі нервтік қызметіне әсер етеді. Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды заттарыдың алмасуын реттейді, ас қорыту ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады.

    6.3. Қалқанша серік безінің қызметі.  Қалқанша серік без қалқанша бездің артқы жағын ала, оған жабыса орналасқан кішкентай құрылымдар. Бұл бездер балықтан басқа омыртқалы жануардарда кездеседі. Бұл бездер: түйе, қой-ешкі, ит және қоянда қос жұптан, ао шошқада – жалғыз жұптан тұрады. Без негізгі және оксифильбдік торшалардан құралады. Негізгі торшалар – секрециялық қызмет атқарса, ал окифильдік торшалар маңызы әлә анықталмаған.

    Қалқанша серік безі – паратгормон және кальцитонин деп аталатын гормондар бөледі. Паратгармон сүйекте (Са)-дің жиналуын реттесе, (Са)-дің : белоктармен, фосфаттармен қосылыс түзуін шапшаңдатады, қан құүрамындағы (Са) мөлшерін жоғарылатады, бүйректе (Са)-дің кері сорылдуын жеңілдетеді. Кальцитони – қан құрамында (Са) деңгейін төмендетеді, демек әсероі паратгормонға қарсы бағытталған (30 – сурет)

6.4. Айырша без (тимус) қызметі. Аралшық без. Айырша без жүрекке жақын жатқан ірі тамырларда вентральдық бетін ала орналасады. Ол бір-бірімен дәнекер ұлпамен жабысқан еті бөліктен тұрады. Без ұлпасы:өз заттан және қыртыстық бөліктен тұрады. Әр бөлік секрециялық торшалардан және қан түзуші мүшелерге тән – эндотимилі ұлпа торшалардан құралады. Айырша без – тиозингормонын түзеді. Без бүлік линфасында жүйкенің дамуына әсер етеді. Организмнің өсіп – жетілуін реттейді.

    Аралшық без (ұйқы без), физиологиялық қызметі. Ұйқы безі - әрі экзокриндік, әрі эндокриндік қызмет атқарады. Ішкі секрецияның қызметі лангергонс арамшықтары атқарады. Арамшықтар альфа,бетта және дельта торшаларын құрайды. Альфа торшалар глюкаген гормонын, бетта торшалар – инсулин гормонын,ал дельта торшалар – самотостатин гормонын бөледі (31-сурет).

    6.5. Бүйрек үсті бездер, маңызды.

Бүйрек үсті бездер – сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без. Ол сыртқы қыртыстың қабатқа және ішкі бөз затқа бөлінеді. Қыртыстың қабаты үш аймаққа бөлінеді: сыртқы – шумақты, ортаңғы – шоғырлы және ішкі –торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар – 1) минералопортиноидтар (альдостерон, т.б) 2) глюкокортиноидтар (гидрокортизон, стерон, т.б)   3) андокортиноидтар (андрастендион, андростерон, крогестерон) болып үш топқа бөлінеді.

1-тобы – организмде минералды заттың алмасуын, (Na) мен (К) деңгейін реттейді.

2-тобы – көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді.

6.6.  Эпифиз маңызы.

Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарладың барлық клеткасында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен киттәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған. Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың 4 төмпешігінің алдыңғы 2 төмпешігінің  арасында орын теуіп, мидың 3 – ші қарыншасын арнаулы сабақша арқылы жалғайды. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған, оның бөлшектерін кинеальдық және имиялық торшалардан құралады.Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші етіп, жыныстың жетілу процесін реттейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет