Қозғыш тіндерге жалпы шолу.Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері
Жоспары:
2.1. Қозғыш ұлпалар түрлері.
2.2. Тірі құрылымға тән физиологиялық қасиеттер.
2.3. Қозу процесінің даму сатылары.
2.4. Тітіркендіргіш жіктелуі, заңдары.
2.5. Тыныштық потенциалары.
Адам денесіндегі бірнеше жүздеген триллион жасушалардың əр қайсысының
құрылысы мен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкінші-ліктері біркелкі болмайды. Олардың өзара қарым-қатынасы, əре-кеттік жүйелердегі ағзалар мен тіндердің байланысы, бір-біріне көрсететін көпжақты əсерлері де əртүрлі. Сондықтан белгілі бір қысқа мерзім милисекунд, минут арасында жасушалар мен тіндерде, жүйелерде сансыз, түрлі-түрлі күрделі үрдістер өтеді. Олардың бір-бірімен қосылуы, жалғасуы жəне керекті бағытта өтуі организмде ақпараттардың пайда болып таралуына байланысты. Ақпарат жасу-шаның өзінде немесе сыртқы жəне ішкі ортаның əсерінен туады. Бүлардың көбі орталық жүйке жүйесіне жеткізіледі жəне қайта қара-лады, өңделеді жəне жауап ретінде əрекет серпіністері түзіледі. Олар жүйкелер арқылы кері қарай жасушалармен ағзаларға жеткізіледі. Əр жүйенің элементтері мен жасушалары арасында ақпараттар ал-масуы үзілмейді.
Ақпарат үш түрлі жолмен таралады. Біріншіден, бір жасушадан екінші жасушаға олардың түйіскен жерінен тікелей өтеді. Екінші-ден, хабарларды қан мен лимфада жəне жасушааралық сүйықтық-та еріген заттар жеткізеді. Үшіншіден, ақпараттың ең тез таралу жолы - электрлік сигнал түрінде яғни жүйке серпіністері (импульс-тері) арқылы керекті хабарларды бүлжытпай шеткі ағзалардан ор-талық жүйке жүйесіне одан қайта шеттегі ағзаларға жеткізу. Ақпа-раттың электрлік сигнал түрінде таралуының басқа да қатысу жол- дарынан тағы бір артықшылығы сигналды белгілеуге (кодтауға) болатыны. Көп жасушалы организмде кодталған ақпараттарды қабылдау, талдау, сақтау, беру жəне керегінде еске түсіруді қамта-масыз ететін арнайы жүйе өріс алды. Ол жүйеге əсіресе адам бала-сының даму жолында ең жоғары сатыға жеткен жүйке жүйесі жа-тады.
Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері
Тірі организмде тіндерді "қозғыш", "қозбайтын" деп екі топқа бөлу-ге болады. Қозғыш тіндерге жүйке, бүлшықеттер, сөл бөлетін бездер, ал "қозбайтын" тіндер қатарына дəнекер тін, шеміршек, терінің бет-кей тіндер эпителийлері жатады.
Қозғыш тін тітіркендірілсе, оған жауап ретінде қозу үрдісі пайда болады, яғни тін тьшыпггық қалпынан қызмет жағдайына көшеді, оның белсенділігі жоғарылайды. Тіннің тітіркендіргіш əсеріне жауап беру қабілеті, оның қозғьпнтық қасиеті больш саналады. Қозғыштық қозатын тіндердің физиологиялық қасиетінің ең көрнектісі. Қозғыш тіндердің
екінші физиологиялық қасиеті қозу үрдісін өткізу. Ет тіндері үшін үшінші қасиет - жиырыпу, ал без тіндері қозу салдарынан сөл бөледі.
Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препараты қолданьшады. Ол бақаның шонданай жүйкесімен байланысқан балтыр етінен түрады.
Достарыңызбен бөлісу: |