№1 дәріс. Кіріспе. Математиканың бұлақ-бастаулары (IX ғ. дейін). Курстың объектісі, пәні және оны оқытудың мақсат-міндеттері. Курстың басқа оқу пәндерімен байланысы



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата22.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#120538
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
 
6. 
Мұсылман елдері математикасында сандардың бөлінгіштігі теориясының ең үлкен 
ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік, жай сандар, өзара жай сандар сияқты қарапайым 
ұғымдарына, әсіресе, Евклид алгоритміне математикадағы кейбір жаңа теорияларды 
құрудың негізі ретінде айтарлықтай мән беріледі. Мұсылман математикасында сандық-
теориялық мәселелерге көп көңіл бөлініп, арифметиканың осыны қамтитын саласы «хисаб 
ан-назари» (теориялық арифметика немесе сандар теориясы деген мағынада) деп аталады. 
Орайы келгенде, практикалық арифметиканың ««хисаб әл-амали» деп аталғанын айта кету 
керек.
 
Мұсылман елдерінің ғалымдары сан мистикасынан арыла біліп, сандарды ғылыми 
тұрғыда зерттеу жолына түсе білді. XIII ғасырда мұсылман математигі аш-Ширази келесі 
кемел санның 33550336 болатындығын тағайындады. Еуропада бұл сан алғаш рет XV 
ғасырдағы кітапта кездеседі.

Мұсылман
 


математикасы достас сандар теориясында IX 
ғасырда-ақ
 
айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін атап айту керек. Бұл орайда ибн 
Корраның «Достас сандар туралы кітабында» тұжырымдалған және дәлелденген достас 
сандардың жұбын табу ережесі атап айтуға тұрарлық.


Мұсылман математикасында анықталмаған теңдеулердің бүтін түбірлерін табуға 
және оның теориялық мәселелеріне де айтарлықтай мән берілген. Анықталмаған 
теңдеулердің бүтін түбірлерін табуға берілген есептер мұсылмандық математикалық 
әдебиетте жиі кездеседі. 
 
 
әл-Ходжанди 
«екі санның кубтарының қосындысы куб сан болып 
табылмайтындығы» туралы тұжырымды дәлелдеуді қарастырған. Осы орайда әл-
Ходжандидың 
𝑥
3
+ 𝑦
3
= 𝑧
3
теңдігін қанағаттандыратындай натурал
𝑥, 𝑦, 𝑧
сандарының 
болмайтындығы туралы тұжырымы және оны дәлелдеуі ерекше назар аудартады. Шын 
мәнісінде әл-Ходжандидың бұл тұжырымы «Ферманың ұлы теоремасының» дербес 
жағдайы болып табылады. Сонымен, қорыта айтқанда, мұсылман елдерінде сандар 
теориясы «хисаб ан-назари» деген атаумен математиканың ерекше саласы деңгейіне 
көтерілді деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет