1 дәріс. Кіріспе Стандарттар туралы жалпы түсінік, стандарттардың мақсаты, ұстанымдары



бет2/12
Дата11.11.2022
өлшемі146 Kb.
#49339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1-15.Дәрістер

Әдебиеттер тізмі
1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
3.Мильчин А.Э., Чельцова Л. К. Справочник издателя и автора: Редакционно - изд. оформление издания. М.: Олимп: ООО «Фирма Изд-во АСТ», 2016. – 688 с.
Интернет:
1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru
3. www.kazakhstanlive.ru
4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm


2 -дәріс.
Баспа ісін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның қалыптасуы. Баспа ісі стандарттары.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт)

1.Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы туралы түсінік


2. Техникалық реттеудiң негiзгі мақсаттары
3.Стандарттау жөнiндегі техникалық комиссиялар

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт) (2004- ) ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен  министрліктің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің қайта аталуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен[2] комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметгер көрсету жөніндегі функцияларды, арнайы атқарушылық және бақылау қадағалау функцияларын, техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.


Заң Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, процестердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құқықтық негіздерiн белгілейдi. Техникалық реттеудiң негізгі мақсаттары: 1) өнiмдердiң және процестердiң азаматтар өмiрi мен денсаулығы, оның мүлкi мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 
3) ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; 4) өнiмдердiң қауiпсiздiгiне және оның функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларға терiс мағлұмат беретін iс-әрекеттердiң алдын алу; 
5) өнiмнiң бәсеке қабiлетiн қамтамасыз ету, саудадағы техникалық кедергiлердi жою болып табылады
Стандарттау жөніндегі техникалық комиссиялар салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегі жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады. 
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды басқару техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйeci шегінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет