1 дәріс. Кіріспе Стандарттар туралы жалпы түсінік, стандарттардың мақсаты, ұстанымдары



бет9/12
Дата11.11.2022
өлшемі146 Kb.
#49339
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-15.Дәрістер

Әдебиеттер тізмі
1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет:
1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru
3. www.kazakhstanlive.ru
4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm


10 –дәріс. ҚР СТ 994-2012 Ақпарат, кітапханатану және баспа ісі жөніндегі стандарттар жүйесі.Басылым. Халықаралық стандартты кітап нөмірі- ISBN.Баспа жұмысында хаттау және қолданылуы
ISBN (Халықаралық стандартты кітап номері) - Орталық ISBN Агенттігі орталығы- Лондон. Кітаптарды өзіне тән ғана номермен тіркеп, нөмірлеу. Бұл системаны кітап жүйесіне енгізу осы ISBN Агенттігіне енген мемлекеттерде кітаптар туралы ақпаратты автоматтандырудың, электрондық жүйелермен ақпарат беруді іске асырудың бірден-бір жүйесі. 1965 жылы Ұлыбританияның үлкен кітап фирмасынан басталған жұмыс қазіргі уақытта 200 – ге тарта елді қамтыған. 1972 жылы Берлинде мүше-мемлекеттер бірігіп, Орталығын құрып, соған сәйкес Халықаралық стандарт ИСО 2108 «Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу» стандартының жобасы жасалған. Бұл орталыққа кірген мемлекеттер сол стандартқа сәйкес жұмыс істеп, орталық ISBN Агенттіктің методикалық нұсқауларын, ережелерін, жаңалықтарын басшылыққа алып жұмыс жүргізеді.
ISBN нөмерін сызықпен түрлендіреді. ISBN нөмері әріп-сан түрінде графикалық сызықтардың үстінде (штрих-код) беріледі.
Көп томдық басылымдардың сызықты түрленімі дәл сол басылымында ғана беріледі.
Бір басылымды бірнеше баспагерлер бірігіп шығарғанда ISBN нөмерінің сызықты түрленімінің біреуі ғана қойылады.
Әдебиеттер тізмі
1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет:
1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru
3. www.kazakhstanlive.ru
4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm

11 –дәріс. ГОСТ 7.56-2002. ISSN-сериялық басылымдардың халықаралық стандартты нөмірі.


ISSN белгісі мерзімді басылымдардың ресми басылым екенін айқындайтын көрсеткіш. Әрбір ISSN нөмірі Франциядағы Халықаралық мерзімді басылымдардың тіркеу орталығының халықаралық базасында сақталады.
Қазіргі кезеңде Кітап палатасында 2020 сериялық басылым, оның ішінде газет - 1388, журнал – 782 тіркелген. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат сферасының халықаралық стандартты сақтау қажеттілігін түсінуіне байланысты, Кітап палатасы мерзімді басылымдарға ISSN белгісі мен штрих-код беру жұмысын жапғастырып келеді.
ISSN номері әрбір сериялық басылымдардың бірегей идентификаторы болып табылды.
11 қыркүйек 1996 жыл № 1110 “Қазақстан Республикасындағы штрих- код жүйесі туралы” Үкімет Қаулысының талабына сәйкес ISSN нөмері бар мерзімді немесе жалғасты басылымдар штрих кодқа да өте алады.
Әрбір басылымға тіркелген ISSN нөмері- құрылтайшысы, шығарушысы, мерзімі, тілі өзгергенімен тіркеу нөмері өзгермейді. Бір рет берілген ISSN нөмірі екінші рет қайталанбайды.
Бүгінгі таңда әлемнің 160 елінде ISSN жүйесі қолданылады.
Қазақстан Республикасында мерзімді басылымдарда реттейтін ГОСТ 7.56-202 мемлекетаралық стандартының 3.1 пунктінің талабына сәйкес серялық нөмір әрбір басылымның шығу мәліметіндегі міндетті элементі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет