Әдебиеттер тізмі 1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
4- дәріс. Басылымдарды жүйелеу.Басылымның статистикалық есебін жүргізу жолдары.
Кітап басылымының титул бетінде қойылатын шығарылым мағлұматтары.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, баспа және баспа ісімен айналысатын ұйымдардың қызметі туралы 2019 жылдың қорытындысын шығарды.
2019 жылы ҚР Кітап палатасына 304 баспа мен баспа ісімен айналысатын ұйымдардан кітаптар келіп түсті.
Баспа өндірісінің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан. Олардың саны - 156 (51,3%). Басқа аймақтар бойынша баспа және баспа ісімен айналысатын ұйымдар саны: Астана қаласы 34 (11,2%), Қостанай қаласында – 10, Қарағанды – 9, Қазақстанның басқа да ірі қалаларында 1–8 аралығында. Бұл жерде негізгі белсенді баспалар Астана мен Алматы қалаларында шоғырланғанын көреміз.
Статистикалық есеп Кітап палатасына келіп түсетін міндетті даналарға сәйкес жүргізіледі. Жалпы есеп бойынша 2019 жылы таралымы 22 млн. 563 мың 028 дананы құрайтын 4307 кітап және кітапшалар атауы тіркелді. Шыққан кітаптардың саны бойынша мәліметтер 2018 жылмен салыстырғанда 190 атауға (4,4%), ал жалпы таралымы 2 млн. 576 мың 690 данаға (11,4%) өскен.
2019 жылы Кітап палатасына кітап өнімдерімен қатар баспа өнімдерінің басқа да түрлері келіп түскен: 551 атаулы журналдар басылымдары (3861 нөмір), 752 атаулы газет басылымдары (34678 нөмір), 97 атаулы бейнелеу өнері басылымдары, 40 атаулы ноталық басылымдар, 12 атаулы картографиялық басылымдар.
Кез келген кітап басылымының титул беті шығарылым деректері орналастырылғандықтан кітап туралы бірінші мәлімет беретін дерек көзі. Титул беттен оқырман кітап туралы бірінші мәліметті алады, сол сияқты кітапханаларда библиографиялық тіркеу, іздестіру, каталогтарға орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
Әр кітап басылымы шығарылым мағлұматтарын дұрыс орналастырудан басталуы керек. Қазіргі кезде қолданыстағы « СТ РК 2383-2013 Басылым. Шығу мәліметтері.Жалпы талаптары және рәсімдеу ережелері» стандартында кітаптың титул бетінде, колонтитулында, біріктірілген титул бетте, титул беттің сыртында, соңғы титул бетте орналастырылатын шығарылым мағлұматтарының реті, олардың орындары мен орналастыру тәртібі келтірілген.
Кітап басылымының титул бетіне қойылатын негізгі шығарылым мәліметтеріне мыналар жатады:
тақырып үстінде берілетін деректер (надзаголовочные данные);