Әдебиеттер тізмі 1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет: 1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru 3. www.kazakhstanlive.ru 4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm
7- дәріс. ГОСТ 7.83-2001 Электронды басылымдар. Негізгі түрлері және шығарылым мағлұматтары. Электронды басылымдардың шығарылым мағлұматтарын рәсімдеу.
Стандарт бойынша шолу жасау.
Электронды басылымдардың шығарылым мағлұматтары
Электронды басылымдар мемлекетаралық ГОСТ 7.83-2001 «Электронные издания. Основные виды и выходные сведения» стандартына сәйкес безендіріледі. Республикалық СТ РК 2383-2013 ИЗДАНИЯ. Выходные сведения. Общие требования и правила оформления стандарты 2013 жылдан қолданысқа енгізілгендіктен, кейінгі уақытта электронды басылымдардың шығарылым мағлұматтары осы стандартпен жүргізілуі керек
Электронды басылымдардың шығарылым мағлұматтары мыналардан тұрады:
тақырып үстіндегі мәліметтер;
авторлар мен электронды басылымды дайындауға қатысқан жеке және заңды тұлғалар туралы;
электронды басылымның тақырыбы (аталуы);
кіші тақырыпша астындағы мәліметтер;
шығу деректері;
мерзімді басылым ісімен айналысуға берілген куәлік нөмірі және оның берілген күні (тіркеу туралы куәлік) (мерзімді электронды басылым үшін);
жүйелерге қойылатын ең төмен деңгейдегі талаптар;
классификация индекстері;
аннотациялы кәртішке макеті;
шығару деректері;
халықаралық стандарттар нөмірлері (ISMN, ISBN);
штрих-кодтар;
авторлық құқық қорғау белгісі.
Электронды басылымда тақырып үстіндегі мәліметтер, автордың аты, аталуы, кіші тақырыпша астындағы мәліметтер, шығу деректері, классификация индекстері, аннотациялы кәртішке макеті, халықаралық стандарттар нөмірлері, авторлық құқық қорғау белгісі, және штрих-коды, кітаптардың шығу мағлұматтарын рәсімдеу ережелері бойынша жасалады.