Әдебиеттер тізмі 1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет: 1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru 3. www.kazakhstanlive.ru 4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm
6- дәріс. ГОСТ 7. 84 - 2002 Мемлекетаралық стандарт. Басылым. Тыстама және мұқаба. Безендірудің негізгі талаптары мен ережелері.
Кітап басылымы мұқабадан, тыстамадан және супер тыстамадан құрылады. Олар арқылы оқырман басылым туралы алғашқы және жалпы мағлұматтар алады.
Кітаптың тыстамасы мен мұқабасының шығарылым мағлұматтарына қойылатын талаптар мен ережелер мемлекетаралық ГОСТ 7.84—2002 «Басылым. Тыстама және мұқаба. Безендірудің негізгі талаптары мен ережелері» стандартында келтірілген. (ГОСТ 7.84 - 2002 «Издания. Обложки и переплеты. Общие требования и правила оформления»).
Безендіру баспагердің көркемдік шеберлігі мен басылымның типографиялық ерекшелігіне байланысты.
Кітаптың тыстамасы мен мұқабасында, супер тыстамасында келтірілген мағлұматтар басылымның титул парағындағы шығарылым мағлұматтарына сәйкес болу керек. Кітаптың тыстамасы мен мұқабасында келтірілген мағлұматтар оның титул парағындағы мағлұматтарға сәйкес емес, немесе оларды бұрмалайтын болмау керек.
Кітаптың тыстамасында, супер тыстамасында бірінші бетінде, немесе мұқабаның алдыңғы бетінде келтірілетін деректер:
автордың аты-жөні (қосымша авторлар);
басылым атауы.
Кітаптың тыстамасында, супер тыстамасында бірінші бетінде, немесе мұқабаның алдыңғы бетінде келтірілетін авторлар саны, басылымның титул парағында көрсетілген авторлар санына сәйкес болу керек, сонымен бірге, әдетте олардың саны үшеуден аспауы керек.
Кітаптың тыстамасында, супер тыстамасында бірінші бетінде, немесе мұқабаның алдыңғы бетінде келтірілген басылымның тақырыбы, оның титул парағында келтірілген түріне сәйкес болуы керек. Тіл үйренуге және тілді оқыту әдістемесіне арналған басылымдардың беттерінде, авторлардың аты-жөні мен басылымның тақырыбы оқытылатын тілде көрсетілуі мүмкін.
Ресми және нормативтік басылымдардың тыстамасында немесе супер тыстамасының бірінші бетінде, немесе мұқабасының алдыңғы бетінде келтірілетін мәліметтер:
мекеменің аталуы;
басылым атауы.
Көп томды басылымдардың тыстамасы мен супер тыстамасының бірінші бетінде, немесе мұқабасының алдыңғы сырт жағында мыналар көрсетіледі: