Осы ретпен берілген шығу деректерін титул парақтың төменгі жағына орналастырады.
Басылым шығарылған орны – баспагердің заңды мекен-жайы болып саналады. Басылым шығарылған орынның аталуы атау септігінде толық көрсетіледі. Қала аттарының артында «қала», немесе «қ.» сөздері көрсетілмейді. Басқа мекен-жайлар атауының алдында олардың әкімшілік-аймақтық мәртебесі (ауыл, кент) көрсетіледі.
Баспагердің аты оның маркасымен (эмблемасымен) бірге берілуі мүмкін. Баспагердің маркасы (эмблемасы) оның атының қасына орналастырылады
5- дәріс. ҚР СТ 2383-2013 Басылым. Шығу мәліметтері.Жалпы талаптары және рәсімдеу ережелері.
Кітап басылымының титул парақтың сыртқы бетінде шығарылым мағлұматтарын орналастыру
Титул парақтың сыртқы бетінде төмендегі шығарылым мағлұматтарын келтіріледі:
Әмбебап ондық жіктеуі (ӘОЖ) (УДК);
Кітапхана-библиография жіктеуі (КБЖ) (ББК);
авторлық белгі;
серия туралы титул бетте келтірілмеген мәліметтер;
егер титул бетте көрсетілмесе, оқулықтар мен оқу құралдарының бекітілу немесе ұсынылуы туралы мәліметтер;
егер титул бетте көрсетілмесе, қосымша авторлар (олардың төрт және одан көп болса), кітапты дайындауға қатысқан басқа авторлар туралы мәліметтер;
басылым туралы басқа да мәліметтер (мысалы, пікір білдірушілер, көмек берушілер, көрме ұйымдастырушылар, туралы мәліметтермен қоса алғыс білдірген жазбалар т. с. с.);
шығару деректері және шығару деректері алдындағы мәліметтер (егер олар титул парақтың соңғы бөлігінде көрсетілмесе);
ISBN;
Авторлық құқықты қорғау белгісі.
Баспагерлер басылым стандарттарының талаптарын сақтау үшін көрсетілген ретті сақтау керек. Титул бет болмаған жағдайда, жоғарыда келтірілген шығарылым мағлұматтары тыстаманың екінші, үшінші және төртінші беттерінде немесе соңғы титул бетте көрсетіледі.