1 дәріс. Кіріспе Стандарттар туралы жалпы түсінік, стандарттардың мақсаты, ұстанымдары



бет3/12
Дата11.11.2022
өлшемі146 Kb.
#49339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Әдебиеттер тізмі
1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет:
1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru
3. www.kazakhstanlive.ru
4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm


3-дәріс

Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтар мен байланыстар.


1. Халықаралық байланыстарды нығайтуда стандарттардың ролі қандай?


2.Қандай халықаралық стандарттарды білесің?
3.Шығу тарихы


ISBN (Халықаралық стандартты кітап номері) – Халықаралық ISBN Агенттігі орталығы- Лондон. Кітаптарды өзіне тән ғана номермен тіркеп, нөмірлеу. Бұл системаны кітап жүйесіне енгізу осы ISBN Агенттігіне енген мемлекеттерде кітаптар туралы ақпаратты автоматтандырудың, электрондық жүйелермен ақпарат беруді іске асырудың бірден-бір жүйесі. 1965 жылы Ұлыбританияның үлкен кітап фирмасынан басталған жұмыс қазіргі уақытта 200 – ге тарта елді қамтыған. 1972 жылы Берлинде мүше-мемлекеттер бірігіп, Орталығын құрып, соған сәйкес Халықаралық стандарт ИСО 2108 «Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу» стандартының жобасы жасалған. Бұл орталыққа кірген мемлекеттер сол стандартқа сәйкес жұмыс істеп, орталық ISBN Агенттіктің методикалық нұсқауларын, ережелерін, жаңалықтарын басшылыққа алып жұмыс жүргізеді.
Қазақстан Республикасында мерзімді басылымдарды шығаруда ISО 32 97-98 “Ақпараттау және құжаттау. Сериялық басылымның халықаралық стандартты нөмері” (ISSN) Халықаралық стандартынан дәлме-дәл аударылған ГОСТ 7.56-2002 “Сериялық басылымдарды халықаралық стандартты нөмірлеу” мемлекетаралық стандарты басшылыққа алынады.
ISSN белгісі мерзімді басылымдардың ресми басылым екенін айқындайтын көрсеткіш.
Қазіргі кезеңде Кітап палатасында 2176 сериялық басылым, оның ішінде газет - 1190, журнал – 986 тіркелген. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат сферасының халықаралық стандартты сақтау қажеттілігін түсінуіне байланысты, Кітап палатасы мерзімді басылымдарға ISSN белгісі мен штрих-код беру жұмысын жапғастырып келеді.
Халықаралық музыкалық басылымдарды стандартты нөмірі ISMN (ағыл. International Standard Music Number) – ноталық басылымдар үшін он орында әріптер мен сандардан тұратын стандартты нөмір. Стандарт ISO (ISO 10957) негізінде жасалған.
Халықаралық музыкалық басылымдарды стандартты нөмірлеу, ISMN (ағыл. International ISMN Agency) Халықаралық агенттіктің басшылығымен жүргізіледі. ISMN Халықаралық агенттігі, ISMN жүйесіне кіретін елдердегі ұлттық ISMN агенттіктеріне ISMN нөмірлерін орталықтандырылған түрде таратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет