1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері


б)Бірліктер жүйесі. Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ)



Pdf көрінісі
бет6/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
б)Бірліктер жүйесі. Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ). 
Физикада 
қолданылатын шамалар тек өздеріне тән бірліктермен өлшенеді. Сондықтан өлшем 
бірліктерінің саны физикалық шамалардың санына тең. Мұндай саны көп өлшем 
бірліктерін қолдану өте қолайсыз. Бақытымызға қарай, түрлі физикалық шамалардың біраз 
бөлігі өзара тәуелді, демек, осыған байланысты өлшем бірліктері санын азайтуға мүмкіндік 


бар. Яғни, физикалық шамалардың арасындағы байланыстарды қолдана отырып, оларды 
бір – бірі арқылы өрнектеуге, өлшем бірліктері негіз болатын физикалық шамалардың аз 
санымен шектелуге болады. Бұл өлшем бірліктерін негізгі, ал олардың жиынтығын 
бірліктер жүйесі деп атайды. Негізге алынатын физикалық шамаларды таңдау мүмкіншілігі 
шектелмейді. Өлшем бірліктерінің барлық жүйелері шын мәнісінде өзара теңдес. Олардың 
арасынан біреуін таңдап алу тек оның қолайлылығына, қалыптасқан дәстүрге, тіпті 
зерттеушінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. 
1960 жылы өлшеуіштер мен таразыларға арналған Халықаралық XI бас конференция 
төмендегідей шешім қабылдады: 
а) алты түбегейлі бірліктер негізінде құрылған жүйеге « Халықаралық бірліктер жүйесі» 
деген ат беру; ә) аталмыш жүйені «SI» (ХБЖ) деп белгілеу; б) еселік және бөліктік 
бірліктерді өрнектеу үшін арнайы кесте енгізу; в) болашақта саны артуы мүмкін екендігін 
айта отырып, 27 туынды бірліктер қабылдануы туралы бірнеше маңызды шешім 
қабылдаған еді. Еселік және бөліктік өлшем бірліктерінен басқа, ХБЖ бірліктерімен қатар 
немесе уақытша кейбір жүйеден тыс өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. 
ХБЖ – нің негізгі бірліктері: метр (м) – ұзындық бірлігі; килограмм (кг) – масса бірлігі; 
секунд (с) – уақыт бірлігі; кельвин (К) – термодинамикалық температура бірлігі; моль 
(моль) – зат мөлшерінің бірлігі (кейіннен қосылды); ампер (А) – ток күшінің бірлігі; кандела 
(кд) – жарық күшінің бірлігі. 
Қосымша бірліктер: радиан (рад) – жазық бұрыш бірлігі; стеридиан (стер) – денелік бұрыш 
бірлігі. 
Туынды бірліктер негізгі және қосымша бірліктерден анықтаушы теңдеулер көмегі арқылы 
құралады. Егер туынды бірлік басқа бірліктермен құрамындағы пропорционалдық 
коэффициент бірге тең теңдеулер арқылы байланысса, ол когерентті болады. 
Әрбір негізгі бірлікке оның өлшемділігі деп аталатын және латын немесе грек 
әліпбиінің бас әріптерімен өрнектелетін белгі бекітіледі. Мысалы: ұзындықтың өлшемділігі 
– L, массаның – М, уақыттың – Т, т.б. Физикалық шаманың өлшемділігін dim ( ағылшынша 
dimension – өлшеу, өлшем) символымен белгілейік. Онда
жылдамдық
dim 𝜗 =
𝐿
𝑇
= 𝐿𝑇
−1

үдеу үшін
dim 𝑎 = 𝐿𝑇
−2

күш үшін
dim 𝐹 = 𝑀𝐿𝑇
−2
немесе жалпы түрде: 
dim 𝑥 = 𝐿
𝛼
𝑀
𝛽
𝑇
𝛾

Яғни, механиканың негізгі шамалары ХБЖ – де негізгі үш өлшем бірліктері – ұзындық, 
масса, уақыт арқылы өрнектеліп отыр. Оң, теріс немесе нөлге тең бола алатын α, β, γ 
көрсеткіштер физикалық шаманың өлшемділік көрсеткіші деп аталады. Көбіне dim
символының орнына квадрат жақша белгісі қолданылады, мысалы: 
dim 𝜗 = [𝜗]

dim 𝐹 =
[𝐹]
, т.б. Енді ХБЖ – де негізгі механикалық бірліктердің анықтамаларын келтірейік.
Метр жазық электрмагниттік толқынның секундтің 1/299792458 бөлігінде вакуумде жүрген 
қашықтыққа тең. Секунда Цезий – 133 атомының негізгі күйіндегі екі жұқа деңгейдің 
арасындағы ауысуға сәйкес сәуле шығарудың 9192631770 периодына тең. Килограмм, 
жуықтап алғанда, температурасы 
15℃
1 л таза судың массасына тең. Метр, килограмм, т.б. 
эталондар Францияның Севр деген қаласында (Парижге жақын) орналасқан Өлшеуіштер 
мен таразылардың Халықаралық бюросында сақталады. Айта кету керек, килограмм – 
ерекше бірлік: тек оның ғана жасанды материалдық түп нұсқасы бар. Яғни, басында үлгі 
ретінде көлемі 1 дм
3
таза су массасы алынғанмен, мүмкін болатын қателік үлкен 
болатындықтан ( 28 * 10
-3
кг) жасанды түп нұсқа дайындалды: ол – 90% платина мен 10% 
иридийден жасалған диаметрі мен биіктігі 39 мм цилиндр. Енді көрнекті болу үшін мына 
кестелерді келтірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет