Өлшемдер кестесі
НЕГІЗГІ БІРЛІКТЕР
Шама атауы
Өлшемділік
Өлшем бірліктері
1 Масса
M
килограмм
кг
2 Ұзындық
L
метр
м
3 Уақыт
T
секунда
с
4
Температура
Θ
Кельвин
К
5 Ток күші
I
Ампер
А
6 Жарық күші
J
кандела
кд
7 Зат мөлшері
*
N
моль
моль
ҚОСЫМША БІРЛІКТЕР
8
Жазық бұрыш
Ω
радиан
рад
9
Денелік бұрыш
Ω
стеридиан
стер
ТУЫНДЫ БІРЛІКТЕР
Мысалы,
энергия
2
2
dim
−
=
T
ML
E
, dimX = L
α
M
β
T
γ
1.3. Механикалық қозғалыс ұғымы
Механикалық қозғалыс
деп денелердің немесе олардың бөліктерінің кеңістікте бір-
біріне салыстырмалы орналасуының уақыт аралығындағы өзгерісін атайды.
Барлық
денелердің ұзындық өлшемі бар, олар белгілі бір орын алады және бір-біріне салыстырмалы
анықталып орналасады. Материялық денелердің осы айтылған жалпы қасиеттері адамның
күнделікті тәжірибесінде
кеңістік
түсінігі ретінде қалыптасқан. Осыған сәйкес уақыт
материялық объектілердің (процестердің) анықталған ұзақтыққа ие болуы,
бірінің артынан
бірі анықталған тәртіппен жүруі және этаптар мен кезеңдер ретінде дамуы болып
анықталады.
Кеңістік
пен
уақыт
– материяның көрініс формалары. Бұл ұғымдардың
материясыз мағынасы жоқ.
Кеңістік қасиеттерінің математикалық өрнектері геометриялық түсініктер мен
олардың арасындағы байланыстар жүйесі түрінде беріледі.
Табиғатта жүріп жатқан периодтық процестерді адам материялық процестердің
ұзақтылығы түсінігімен байланыстырып, оны уақыт өлшеудің негізі ретінде қарастырады.
Эталон ретінде қабылданған периодтық процесс
сағат
деп аталады.
Механикалық қозғалысқа қатысатын объектіні –
механикалық жүйені
суреттеу үшін,
қарастыруға оның құраушы бөлігі –
материялық нүкте
ұғымын енгізейік.
Материялық
нүкте
деп есеп шарты бойынша өлшемін ескермеуге болатын денені айтады. Материялық
нүкте – күрделі физикалық процестерді талдауда қолданылатын абстракциялардың бірі.
Қабылданған абстракциялар
шеңберінде құбылыстар, процестер талқыланады, негізі,
бастысы іріктеледі, зерттеліп отырған құбылыстар, процестердің модельдері құрылады.
Механикада кеңінен қолданылатын тағы бір абстракция – абсолют қатты дене.
Абсолют
қатты дене
деп қозғалыс барысында кез келген нүктелерінің
арасындағы қашықтық
өзгермейтін денені атайды.
Әрбір уақыт мезетінде кеңістік нүктелерінің орнын анықтау үшін материялық санақ
денені көрсету қажет. Кеңістік нүктелері мен материялық санақ дене жиынтығы
санақ
жүйесінің
бөлігін құрады. Санақ жүйесінің нүктелерін сандық сипаттау үшін қарастыруға
координаталар жүйесі енгізіледі. Координаталар жүйесін кеңістік нүктелерінің орнын
сандық анықтау әдісі
деп қарастыруға болады. Координаталар жүйесінің саны шексіз көп.
Теориялық тұрғыдан
олардың бәрінің маңызы бірдей, бірақ нақты есеп шығару
табыстылығы координаталар жүйесін қолайлы таңдап алумен тығыз байланысты.
Классикалық механикада негізінен үш өлшемді кеңістік қарастырылады. Бұл – нүкте орны
үш сан - координаталармен анықталады деген сөз. Координаталар анықтамасы
координаталар жүйесін таңдап алуға тәуелді. Жиі қолданылатын маңызды координаталар
жүйелері: тік бұрышты декарттық, цилиндрлік, сфералық.
Достарыңызбен бөлісу: