геометриялық инварианттылық принципін қанағаттандырады. Дәлірек
айтқанда, геометриялық инварианттылық принципі инерциялық санақ жүйесінде
орындалады. Бірақ, қажетті қосымша шарттар орындалса, бұл принципті инерциялық емес
санақ жүйесінде де қолдануға болады.
Физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыстарды математикалық түрде
өрнектейтін физикалық заңдар абсолютті дәл емес: олардың дәлдігі сәйкес уақыт
кезеңіндегі ғылым мен техниканың даму деңгейімен байланысты. Дегенмен, физика
заңдарының жуықтығы олардың маңызын кемітпейді: физикалық заңдар, жуық та болса,
материяның объективтік қасиеттерін салыстырмалы дұрыс бейнелейді және олардың
дәлдігі таным процесінде арта түседі.
Өте күрделі физикалық процестерді талдағанда, себептік байланыстар мен
заңдылықтар саны көп болып, бәрін ескеруге қиын болғандықтан, әлбетте, олардың
арасынан тек ең маңыздыларын бөліп алуға тырысады. Ал байланыстар мен
заңдылықтардың қайсысы түбегейлі маңызды, қайсысы оншалықты маңызды емес екені
тәжірибе жүзінде салыстырмалы анықталады. Сонымен, талдау барысында негізгі маңызды
ерекшеліктер бөлініп, әсері аз эффектілер ескерілмей, қабылдап алған абстракциялардың
шектеу аймағында зерттеліп отырған құбылыстың моделі құрылады. Қысқаша айтқанда,
физикалық заңдылықтарды қорыту барысында қолданылытан ғылыми әдіс бақылаудан,
тәжірибеден және модельдеуден құрылады.
Сонымен, біз бүгін Физика нені зерттейді? Физикалық заңдылықтардың қандай
ерекшеліктері бар? деген сұрақтарға жауап іздедік. Қорыта келе,
физиканың мақсаты -
Әлемді, оның дамуын басқаратын түбегейлі заңдарды анықтау, яғни, өткенді білу, заманауи
қалыптасқан жағдайды түсіну, болашақты болжау; физикалық заңдылықтар
метрикалық инварианттылық принципті, геометриялық инварианттылық принципті қанағаттындырады;