1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет2/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
б)Физикалық заңдылықтар. 
Теориялық физика мақсаттарының бірі – физикалық 
заңдарды тұжырымдап, олардың негізінде нақты құбылыстарға түсініктеме беру. 
Физиканың заңдары бізді қоршап тұрған дүниеде байқалатын объективті заңдылықтарды 
бейнелейді, сондықтан олар субъективтік факторларға тәуелді болмауға тиіс. Дегенмен, 
зерттеуші субъект табиғат заңдарын тану процесіне еріксіз ықпалын тигізеді. 
Зерттеуші ықпалының көрінісі физикалық шамаларды өлшеу бірліктерін таңдаумен 
байланысты. Өлшеу бірліктерін және физикалық шамалардың бірліктер жүйесін 
қабылдағанда, әдетте олардың ғылыми дамуының осы тарихи кезеңіне сәйкес 
қолайлылығын басшылыққа алады. Әрине, физика заңдарының тұжырымдамасы 
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін таңдап алудағы еркіншілікке тәуелді болмауы 
керек. Физикалық заңдардың физикалық шамалардың өлшем бірліктерін таңдауға 
тәуелсіздігі 
метрикалық инварианттылық принцип
деп аталады. 
Физикалық 
заңдардың 
инварианттылық 
принципіне 
бағыныштылығына
байланысты, олардың құрамында міндетті түрде пропорционалдық коэффициенттер 
болады. Егер заңға енген барлық шамалардың бірліктері алдын ала белгіленген болса, 


пропорционалдық коэффициенттер анықталған сандық мән қабылдайды. Мысалы, дәл 
осылай кезінде Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы құрамындағы гравитациялық 
тұрақтының мәні табылған болатын. 
Физика заңдарының екінші бір ерекшелігі санақ жүйесін таңдап алумен 
байланысты. Физикада дене қозғалады деген түсінік тек дененің қай санақ жүйесіне 
қарағанда салыстырмалы орын ауыстыратыны анық көрсетілгенде ғана нақты мағыналы 
болады. Өйткені, бір уақыт аралығында сол бір дене әр түрлі санақ жүйесінде әр алуан 
қозғалыс жасайды. Мысалы, қозғалып бара жатқан вагон ішіндегі стол бетінен құлаған дене 
вагонмен және Жермен байланысты санақ жүйелерінде екі түрлі қозғалыс жасайтыны 
түсінікті. 
Дегенмен, физикалық заңдар санақ жүйелерін таңдап алуға тәуелді болмауға тиіс: 
яғни, олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет