1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет28/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Горизонталь дегеніміз теңіз деңгейінен біркелкі биіктікте орналасқан нүктелерді қосатын
қисық сызық.
Горизонтальды түсіну үшін мынандай мысал келтірейік: деңгей беті 850 м биіктікте
орналасқан көлдің ортасында тау бар дейік. Мұнда жағалық сызықтың бойында жаткан жер
нүктелерінің биіктіктері біркелкі белгіге тең. Ендігі жерде көлдегі судың деңгейі 5 метр көтерілді
десек онда жағалық сызық 855 метрлік белгіге көтерілген. Сол сияқты судың деңгейі тағы да
5 метр көтерілсе, онда су деңгейі 860 м. биіктік белгіге жеткені.
Қорыта келгенде осылай бір қалыпты заңдылық түрінде орналасқан жағалық сызықтардың
топографиялық карталарда масштабқа сай кішірейтілген тұйық сызықтары горизонтальдар болып
салады. Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдардың мынандай қасиеттері бар:
1. Бір горизонтальдың бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікті
көрсетеді.
2. Карталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені не қазан шұңқырды
білдіреді, олар берхштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазан шұңқырларда көбіне
тоған немесе көл болады.
3. Планның немесе картаның ішіндегі, соңдай-ақ оның сыртындағы барлық горизонтальдар
үздіксіз болуы тиіс.
4. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар еш уақытта қиылыспайды.
5. Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты құлама тіктігін білдіреді.
6. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға перпендикуляр
сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес келеді.
  1. Су айрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдар мен тік бұрыш арқылы


қиылысады.



Нүктелердің биіктігін анықтау. Карталар мен пландарды қолданғанда көбінесе жергілікті
жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтауға тура келеді. Осы есепті шешуде үш түрлі жағдай
кездесуі мүмкін.
1.Нүкте горизонтальда орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігі горизонталь белгісіне тең
болады.
2.М нүктесі әр түрлі Нк және НN (20-сурет) горизонтальдардың арасында орналасқан. Осы

жағдайда нүктенің биіктігін интерполяциялаудың бірнеше әдістері арқылы анықтайды. Бұл үшін


сызғыштың көмегімен М нүктесінен ең таяу жатқан горизонтальдарға дейінгі d1 және d2 
қашықтықтарды өлшейді. М нүктесінің Нм биіктік белгісін жердің төмендеу бағытына
байланысты екі рет табуға болады
Мұндағы НNК— горизонтальдардың биіктік белгісі, м; dжәне d2 ~М нүктесінен
горизонтальдарға дейінгі ара қашықтықтар, мм; һ -жер бедерінің қима биіктігі,м.
3. Нүкте тұйық горизонтальдың ішінде орналаскан. Мысалы, Р нүктесі (21-сурет) тұйық
горизонтальдың ішінде орналасқан, әр төбенің ұшар басы болып табылады. Әрине, осы нүктенің
НР биіктігі нүктенің маңындағы горизонтальдың биіктік белгісінен, жер бедері қимасының
биіктігінің шамасынан кем екені белгілі. Сондықган Р нүктесінің НР биіктік белгісі шамамен
көршілес горизонтальдың биіктік белгісіне жер бедері қимасы биікгігінің жартысын қосқан кезде
шығатын санға тең деп алуға болады, яши НР =151,25 м. Егер нүкте қазан шұңқырдың түбінде
орналасса, онда оның биіктік белгісі көршілес горизонтальдың биіктігінен жер бедері қимасы
биіктігінің жарты шамасын алған кезде шығатын санға тең деуге болады. Горизонтальдар арқылы
орташа ойлы-қырлы жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтау дәлдігі шамамен жер бедері
қимасы биіктігінің -іне тең болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет