1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Карта бойынша жердің кескінін жасау



бет30/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Карта бойынша жердің кескінін жасау. Топографиялық картада немесе планда АВ сызығы
бойынша жердің кеекінін салу керек болсын. Кескінді кез келген берілген масштабта, демек
карта масштабында да салуға болады.
Жергілікті жердің кескінін салу үшін берілген бағытқа жол-жол миллиметрлік қағазды
салады. Оған шығып тұрған барлық горизонтальдарды, жер бетінің кедір-бұдырындағы және
беткейлердегі нүктелерді, мысалы, АВ сызығын және 1,2,..., 11 нүктелерді (24-сурет) белгілейді.
Содан соң жол-жол қағазды «горизонталь қашықтықтар графасына көшіріл олардың мәндерін
жазады. Осымен қатар «биіктік белгісі графасына кескін сызығының горизонтальдарымен
қиылысқан нүктелердің биіктік белгісінің мәндері жазылып қойылады.
Кескін нүктелерін биікгік белгісі арқылы тұрғызу шартты горизонттың сызығынан салынады.
Көрнекілік үшін кескіннің вертикаль масштабы горизонталь масштабымен салыстырғанда 10 есе
үлкейіп алынады, бірақ масштабтардың катынасы басқаша да болуы мүмкін. Шартты
горизонттың биіктік белгісін ең кіші биіктік белгісі бар нүктеде берілген сызықтан 1 см
жоғарырақ орналасатындай етіп таңдайды. Шартты горизонтың сызығынан әрбір нүктеге
перпендикуляр тұрғызылып, оларға тандалған масштабта шартты горизонт сызығы мен
нүктелердің биіктік белгілерінің айырымы салынады. Перпендикулярлардың ұштарын қисық
сызықпен қосып, жергілікті жерді кескіндейді (24-сурет),
Су жиналу ауданының шегін анықтау. Жер бедерінің жағдайына байланысты су белгілі
бір суағарға (өзен, қойнау және т.с.с.) ағып жиналуы тиіс; жер бетінің осы учаскесін су жиналу
ауданы немесе алап деп атайды. Су жиналу ауданын контурлау жергілікті жердің жер бедерін
есепке ала отырып картадағы горизонтальдар арқылы жасалынады.
Горизонтальдарды тік бұрышпен қиьш өтетін суайрық сызықтары су жиналу ауданының
шегі болып саналады. Су жиналу ауданын, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерін,
жердегі ылғалдың булану және сіңу жағдайын біле отырып су ағынының күш-қуатын есептеп
шығаруға болады; ал мұның өзі көпірлердің, бөгендердің және тағы баска гидротехникалық ірі
құрылыстардың аудандарын есептеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет