7.1.Бұрмалану түрлері Әр түрлі Картографиялық проекцияларда қүрылған карталар накты жер бетінің кескінін біраз
бұрмалап көрсетеді.
Бұрмаланудың үш түрі болады: а) бұрыштық картадағы бұрыштар глобустардағы бұрыштарға тең болмайды.
б) аудандық (аудандардың масштабты картаның әр аумағында әртүрлі); в)сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).
Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай :
Тең бұрышты (конформдық) картографиялық проекцияларға масштаб тең нүктенің орнына ғана
тәуелді болады, ал бағытына қарай байланысты болады.Мұндай проекциялардағы бұрмалану
эллипстері шеңберге айналды,мыс. Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
Тең шамалы (эквиваленттік) картографиялық проекцияларда аудандар сақталады: мұндай
проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына
пропорционал, ал пропорционалдық коффициенті картаның бас масштабының квадратына кері
шама болады. Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен
бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады.
Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды.
Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бір-біріне тең) және ортодромиялық (шарының
үлкен шеңбері-ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді.
7.2. Картогафиялық проекция –Жер эллипсоидының немесе плпнетаның бетін математикалық
тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Картографиялық проекция теориясы –Жер элипсоидын
қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз
бұрмаланумен ғана кескінделетін проекциялауды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ
және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің
сферадан айырмашьлығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде
ғана бейнеленеді. Картогафиялық проекциялардағы меридиандар (λ-const) болған жағдайында)
мен параллель дерден (ω=сопst жағдайда) картографиялық тор құралады. Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономия-ның, географияның,
математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (б.з.б. 6 –
1 ғ.) жасалды. Ең көне Картографиялық проекциялар — жұлдыздар картасын жасауға
қолданылған милеттік Фалестің гномондық проекциясы. Картографиялық проекция, б.з.б.
3 ғ-да Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. 16 ғ-нда Г.Меркатордың, 17 — 18ғасырларда Р.Бонның,
Д.Кассинидің, И.Ламберттің, Л.Эйлердің, И.Лангранждың 19 ғ-да К.Гаусстың, А.Тиссоның
еңбектерінде дамыды. Қазақстанның картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, т.б. еңбектері
Картографиялық проекция теориясын одан әрі жетілдірді.
Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалық, тең аралық және
ортодромиялық қасиеттері пайдаланылмайды. Кескінделетін аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды
көрсету үшін төмендегі әдістер қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі көрсетіледі; ә) изоколдар
(мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі;
б) карталардың әр жерінде кейбір сфералық сызықтар (көбінесе, ортодромия "0" мен
локсодромия "Л") сызылады. Қалыпты Картографиялық проекцияларды меридиандар мен
параллельдердің кескінделуі жағынан жік-телімдеу — Картографиялық проеклардың тарихи
дамуының нәтижесі