1 дәріс сабақтарының тақырыптары. Арнайы педагогика пәні, мақсаты, міндеті, нысаны, пәні. Арнайы педагогиканың бөлімдері


-дәріс. Зияты зақымдалған балалардың даму ерекшеліктері, этиологиясы, патогенезі



бет7/16
Дата17.04.2023
өлшемі163,9 Kb.
#83440
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
7-дәріс. Зияты зақымдалған балалардың даму ерекшеліктері, этиологиясы, патогенезі


Зиятында ауытқуы бар балалар
Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдық әрекеттегі ауытқулары бар.
Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.
Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский -Тернер синдромы ) т.б. Сонымен бірге ұрықтың жатырішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.
Біріншіден, жатырішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық -токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегалия және вирустық қызылша, тұмау және т.б. Жүктіліктің соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрықтың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік энцефалит және менингоэнцефалиттің пайда болуына алып келеді.
Анасының кейбір созылмалы аурулары: жүрек, қантамыр жүйесінің, бүйрек, бауырдың аурулары ұрықтын, миынын дамуына жағымсыз әсер етеді. Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған дәрілік препараттарды қолдану ұрықты уландырады. Ұрықтың дамуына темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық, анасының дұрыс тамақтанбауы, әртүрлі дене және психикалық жарақаттар, әйелдің зиян өндірісте жұмыс істеуі, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары қатты әсер етеді. Нәрестенің гемолитикалық ауруы түрінде көрінетін, анасы және ұрпақ арасындағы резус - фактор және қанның топтық антигені бойынша иммунологиялық келіспеушілік зият бұзылысының себептерінің бірі.
Туу кезіндегі патогендік факторлар миды органикалық түрде жарақат етеді.
Туылғаннан кейін, зият ауытқулары нейроинфекция (менингит, минингоэнцефалит т.б.) әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде, оның себептері бас миының жүре пайда болған жарақаттар мен улану болуы мүмкін.
Зият ауытқуының деңгейі патогендік фактордың әсер ету уақытына байланысты. Мысалы: жүкті әйелдің 3 айында қызылшамен аурса болашақ баланың ақыл ойы кемтар болып туылу себебінің бірі болуы мүмкін, ал кейін ауырса, кемістік аса байқалмайды, психикалық дамуының тежелуіне, сөйлеу тілінің кемістіктеріне әкеп соғады.
Зиятында ауытқушылығы бар тұлғалар өзінің құрамы бойынша әртүрлі топтарды біріктіреді, оған: мидың жатырішінде, туу кезінде және туғаннан кейін зақымдалғандар жатады. Мұндай жағдайда диагнозы -олигофрения (олиго-аз, френос- ми). Олигофрендер дамуға кабілетті, бірақ ол процесс баяу жүзеге асырылады. Олигофрендер зиятында ауытқушылығы бар адамдардың едәуір бөлігін қүрайды.
Зиятында ауытқушылығы бар балалап арасындаға ең аз топ - бұл зият ауытқушылығы 3 жастан кейін пайда болғандар. Бас миының жарақаты әртүрлі аурулар салдарынан психикалық функциясының бұзылуы, бұл жағдайды - деменция деп атайды. Деменция жағдайында ақыл ой кемістігі қайтарымсыз. Мысалы: 4 жастағы балада деменция фразалық сөйлеуін, өзін-өзі күту дағдысын, ойын, сурет салуға қызығушылығынын төмендеп, тез жоғалтуымен көрінеді. Бас миының бір аумағының зақымдалуымен қатар оның басқа бөліктерінің бұзылысы байқалады. Бұл жағдайда зейін, естің, еңбекке қабілетінің бұзылуы байқалады. Ақыл ойында ауытқуы бар балалардың дамуындағы өзгешілік - жоғары психикалық функцияларының жетілмеуі мен мінез-құлық, әрекетті реттеу бұзылыстары.
Ақыл-ой кемтарлықтың, яғни зият ауытқушылықтардың үш денгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік,нақұрыстық.
Батыс Европа және АҚШ - та бұл терминдер мамандардың кәсіптік аумағында ғана қолданады, мысалы, медиктер. Кең әлеуметтік және педагогикалық тәжірибеде, жалпылаушы анықтама «қиын оқытылатындар», "зиятында ауытқушылығы бар" деген ұғым қолданылады.
1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың ұйымы (ДДҰ) қабылдаған топтастыру бойынша зият төмендеуінің төрт деңгейін бөліп көрсетті: шамалы, орташа, ауыр, терең.
Зият төмендеуінің сапалы сипатын салыстыру, келесі байланысты береді (сурет-2)



IQ

DSМ - III, халықаралық жүйе

71 және жоғары

Калыпты

50-70

Шамалы зият бұзылысы, оқуда қиналуы.

35-49

Орташа зият бұзылысы, оқытудағы қиындық.

25-39

Ауыр зият бұзылысы, оқытуда едәуір қиналу.

20 және төмен

Терең зиятының бұзылуы.

Олигофрения (грек тіл. ақылдың аздығы) – психикалық қыз- меттің күрделі формаларының ұрықтың құрсақ ішіндегі дамуы- ның әртүрлі кезеңдеріндегі немесе баланың ең алғашқы даму ке- зеңіндегі орталық жүйке жүйесінің зақымдануы нәтижесінде пайда болатын толық дамымаушылық. Кӛбінесе олигофрения- ның пайда болуына құрсақ ішіндегі қабыну үрдістері себеп бо- лады. Сыртқы факторлардың ішінен анасының жүктілік кезінде немесе баланың ӛмірінің алғашқы жылдарында (тұмау, қызамық және т.б.) ауырған жұқпалы ауруларды айта кеткен жӛн. Әдетте олигофрения кезінде бірқатар анатомиялық ӛзгерістер пайда болады – мидың толық дамымауы және басқа да кемістіктер. Кӛбінесе олигофрения барысында жоғарғы жүйке қызметі, жүй- ке үрдістерінің қозғалмалылығы бұзылып, белсенді ішкі тежеу әлсірейді.


Деменция (лат. ессіздік) – жарыместік, танымдық қызметтің тұрақты әлсіреуі, сыншылдық пен еске сақтау қабілетінің тӛ- мендеуі, ерік-жігер аясының дӛрекіленуі. Балалық шақта ши- зофрения, эпилепсия, мидың қабынған аурулары, мидың жара- қаттануы кезінде мидың органикалық бұзылыстары нәтижесін- де пайда болуы мүмкін.
Олигофренияға қарағанда, деменция кезінде мидың қызме- тіндегі бұзылыстар баланың қалыпты даму кезеңінен кейін пай- да болады. Деменция кезінде ақыл-ой кемістігін қалпына кел- тіру мүмкін емес. Алайда негізгі ауруды сәтті емдеген жағдайда психикалық қызметтерді жартылай қалпына келтіруге болады. Кӛмекші мектепте оқытылады.
1. Жеңіл түрі – ақылының кемдік дәрежесі мардымсыз ба- лалар. Олар арнайы бағдарлама бойынша мектепте жүйелі түрде білім алуға қабілетті. Ең жоғарғы психикалық үрдістерінің: есте сақтау және назар аударудың ерікті үрдістерінің, талдау және жинақтау, ойлау, сӛйлеудің талдап қорытушы және реттеуші, себепті-тергеушілік байланыстарды анықтау үрдістерінің толық дамымағаны байқалады.
2. Орташа түрі – танымдық үрдістеріндегі, ерік-жігер ая- сындағы бұзылыстардың салдарынан ұзақ уақыт бойы ӛз бе- тінше мақсатты түрде жұмыс істеуге қабілеті аз, ақылының кем- дік дәрежесі орташа балалар. Ұзақ уақыт бойы оқытып, жүйелі түрде жаттығу жасаған жағдайда балалар оқу техникасын, жазу дағдыларын меңгереді, ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсетудің қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті.
3. Ауыр түрі – жалпы баланың жеке тұлға ретінде бұ- зылуының ең ауыр дәрежесі. Олар сӛйлей алмайды, басқалар- дың сӛзін түсінбейді, ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету дағдыларын мең- геруге қабілетсіз, моторикасында ауыр бұзы
Ақыл ой кемдіктің жеңіл түрі. Ақыл ойы кемдіктің 70 -80% осы топты құрайды.балалар Қалыпты дамитын құрдастарынан барлық жағынан артта қалып қояды. Олар кеш жүреді, сөйлейді, кеш уақытта өзін-өзі күту дағдысын меңгереді. Бұл балалар епсіз, әлсіз, тез ауырады. Оларда айналасындағы қызығушылықтары өз бетімен қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, табиғатта және әлеуметтік өмірде болған құбылыспен процестерге немқұрайлы қарайды.
Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік қоры өте шектеулі болады. Балалар қарапайым мазмұнды жеткізе алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайга қарағанда көлемі жағынан аз, олар 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар әріптесінің сұрағын жақсы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады.
Түзетушілік оқытусыз мектепке дейінгі жастың соңында, бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасады, ал ойындық әрекет жетекші болып қалыптаспайды. Төменгі мектепке дейінгі жаста, оларда ойыншықтармен ойнауда мақсатсыз әрекеттер пайда болады, жоғарғы мектеп жасына дейінгі жаста заттық-ойындык әрекеттер пайда болады (қуыршақты тербету, машинаны жүргізу). Ойындық әрекеттері сезімдік реакция мен сөйлеусіз жүреді. Сюжетті-релдік ойыны арнайы түзетушілік оқытусыз, өзбетінше қалыптаспайды.
Зиятында ауытқуы бар баланың қалыпты дамыған балалармен арақатынасы қиындаған. Ақыл ойы кемтар бала ойнай алмайтындықтан (ережелерді түсінбейді, ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар т.с.с), оны қалыпты құрбылары ойынға қабылдамайды. Ол әріптестерінің арасында теріс қаратылып, өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр болады.
Мұндай бала жалпы үлгідегі бала-бақшада, қарапайым математикалық елестерін қалыптастыру, тіл дамыту, айналамен танысу, құрастыру бойынша сабақтарда бағдарлама материалын меңгеруде тұрақты қиындықты сезінеді. Егер бала балабақшада арнайы түзетушілік көмекті алмаса, оның мектепте оқуға дайындығы қалыптаспайды.
Жеңіл зияты бұзылған балалар жалпы балабақшада тәрбиеленеді, себебі олардың артта қалуы анық білінбейді. Бірақ жалпы білім беру мектебіне түскенде, олар бірден математиканы, қазақ тілі, әдебиет сабақтарын меңгеруде қиындықтарды сезінеді. Көбінесе екінші жылға қалады, бірақ қайталап оқытуда да бағдарламалық материалды жетік меңгермейді, қиындық себебін ертерек анықтап, балаға арнайы педагогикалық көмек көрсету үшін, оны ПМПК-да психологиялық -медициналық - педагогикалық тексеруден өткізу керек, ал қажет болған жағдайда, оған арнайы мекте оқыту ұсынылады.
Елестерін қалыптастыру және білім мен дағдыны меңгерудегі, әртүрлі іс - әрекеттің тежелу қиындығына қарамастан жеңіл зият бұзылысы бар балаларда дамуға мүмкіндігі бар. Оларда негізінен нақты көрнекі сипатындағы ойлауы сақталған, бірақ олар практикалық жағдайда бағдарлауға қабілетті, көбінде сезімді - еріктік сферасы танымдыққа қарағанда сақталған, олар еңбек әрекетіне ықыласпен қатысады.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар, психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін, оқытудың арнайы әдіс, тәсілдерін және құралдарын кажет етеді. Олардың дамуын ескеретін ерекше білім беру жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы балабақшалар, жалпы балабақшадағы арнайы топтар арқылы білім беру жүйесі ұйымдасқан. Сонымен бірге зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 2-3 баланы қалыпты дамитын құрбылар ұжымына қосып тәрбиелеу тәжірибесі тараған, жағымды нәтижелері мен жетістіктермен сипат алады.
7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы (түзету) мектептеріне қабылданады.
Кіші қалаларда жалпы мектептерде зияты бұзылған балалар үшін арнайы сыныптар ашуға болады. Бірақ бұл сыныпта оқитын оқушылар үшін арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз ету, білім беру саласындағы кепілдіктерге сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен мектеп әкімшілігі міндетті.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар мектеп бітірер шағында өздерінің психометрикалық және клиникалық көрсеткіштері бойынша қалыпты дамитын адамдардан аз ғана ерекшеленеді. Олар ойдағыдай жұмыска орналасады, өндірістегі еңбек ұжымына сіңіп кетеді, отбасын құрып, балалары болады.
Бұл адамдарды қоғам өз қылықтарына заң алдында жауап беруге, мұраға ие болуға, жергілікті басқару органдарын сайлауға қатысуға қабілетті деп қабылдайды. Аталмыш кемістігі бар балалардың зият коэффициенті IQ 50-69.
Зиятында ауытқушылығы бар балалардың түйсік пен қабылдау процестері көптеген ерекшеліктерімен, баяу қалыптасады. Бұл өзгешілік барлық психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. ( Рубинштейн С.Я.)
Көру арқылы қабылдаудың баяулығы мен аз көлемін К.И. Вересотская, Нудельман М.М. дәлелдеген. Қабылдау кезде ақыл-ойы кемтар балалардың ұқсас заттарды ажырата алмауы да арнайы зерттеулермен дәлелденген (Кудрявцева Е.М., Шиф Ж.И.)
Бір нәрсеге назар аудару кабілеті де төмен дамығандықтан, зейін тұрақтылығы әлсіз. Осы себептен ақыл-ойы кемтар балалардың 50 % сөйлеу тілімен берілген нұсқауларды дұрыс пайдалана алмайды. Еркінше зейін қалыптасуы қиын түседі (Леонгард Э.И.). Зейн тұрақтылығын құбылмалы өзгеруі қозғыш және тежелу физиологиялық процестер арасындағы баланс бұзылуына байланысты (Певзнер М.С.).
Зейін көлеменің аз болуына себепті бұл балалар заттардың ерекше белгілерін ажыратпайды, байқамайды.
Бір әрекеттен басқаға ауысу зейін кемістігін көрсетеді. Олар бір орындап жатқан істе тоқтап қалады. Ал бір мезгілде бірнеше әрекетті орындау мүмкін емес жағдайдың бірі.
Ал, ойлау процестің ауытқушылығы - ақыл ойы кемтар балалардың ең негізгі көрсеткіші.
Ойлаудың жетілмеу қабылдау, сөйлеу тілінің, практикалық әрекет дұрыс дамымауымен байланысты. Жалпылау деңгейі төмен болғандықтан, ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлайды. Мысалы бір қатар заттарды топтастыру кезенінде олар болмашы көрсеткіштерге сүйеніп жинақтайды. Бұл кемістікті "Төртінші артық" әдістемені пайдалану арқылы байқауға болады. Оқыту барысында жалпылаудың төмендігі ережелерді жаттағандағы қиындықтар туғызады. Ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлағандықтан, абстрактілі ойлау өте қиын. Ойлаудың тағы бір кемістігі жасаған қателерін байқамауы, түземеуі. Ойлаудың реттеу қызметінің жетілмеуі, түрлі әрекеттерде бағыттау кезең жоқтығымен сипатталады. Аталмыш балалар жаңа әрекет орындауда алдын ала өз бетімен жоспар құрастыралмайды.
Ақыл-ойы кемтар балалардың 40-60 % сөйлеу тілінде ауытқуылар кездеседі, олар түрлі дыбыс айтудағы кемістіктер, тұтықпа мен сөздік қорының аздығы. Сөйлеу тілі тежеліп дамиды, бірінше сөздер 2-3 жасында, аграмматикалық сөйлемерді 5-6 жасында пайда болады. Сөздік қоры өте аз, шектелген, балалар сын есім, етістіктерді көп уақытқа дейін өз бетімен пайдаланбайды.
Жазбаша жұмыстарында көптеген қателер кездеседі.
Есте сақтау қабілетінде ауытқулар бар. Ақыл-ойы кемтар балалар ұмытшақ болады және жаңа мәліметті есте сақтауда қиындықтармен кездеседі. Аталмыш балалар есте сақтау үшін қалыпты балаларға қарағанда көп қайталауды қажет етеді (Замский Х.С., Леонтьев А.Н., Занков Л.В.)
Ересектерде ес, қабылдау, зейін, ойлау процестері терең зақымдалған. Сөйлеу тілі жай өте дамиды және шектелгіш немесе мүлдем дамымайды. Бұл балалардың моторика, қозғалыс координациясын, кеңістікте бағдарлауы ауыр деңгейінде зақымдалған. Бұл бұзылыстың ауыр болғандығы соншалықты, нақұрыстар жатып өмір сүруге мәжбүр болады. Қарапайым өзін-өзі күту, гигиеналық дағдылары жай және қиындықпен қалыптасады (А.Р. Маллер, Г.В. Цикото).
Бірақ ауыр ақыл ойы кем балалар басқалары сияқты дамуға қабілетті. Олар біртіндсп өзін күтуге, қажымас дағдыларын меңгеруге, қоршаған әлем туралы өз елесін кеңейтуге үйрене алады.
Біздің елімізде бұл топтағы адамдар негізінен әлеуметтік қорғау министрлігінің қармағында, олар әлеуметтік үй-интернатарында өмір сүреді, мұнда оларды бағып, күту, тіршілік ету жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қолданады.
Ресей Білім беру академиясының коррекциялык педагогика институтының қызметкерлері В.В.Воронкованың жетекшілгімен көмекші мектептердегі оқушыларың оқу білімдер деңгейіне сәйкес педагогикалық топтастыруын әзірлеп, енгізілген. Ақыл-ойы кем балалардың оқытылуының негізгі көрсеткіштері:
1. Ойлау кабілетінің жалпылығы, соның ішінде білім мен икемділіктің жаңа жағдайларға байланысты көшірілуі.
2. Ойлау қабілетінің сөйлеу-логикалық және практикалық компоненттерінің байланысымен анықталатын саналылығы.
3. Тапсырманы шешудегі өзінділігі.
4. Оқушылардың көмекті қабылдауы, олардың үлкендер жағынан
берілген көмектің мінезділігі мен көлеміне реакциясы.
Осы көрсеткіштер негізінде оқу материалдарын қабылдау мүмкіншілігіне қарай оқушыларды төрт топқа бөлуді ұсынады.
1 топ. Фронтальді оқу процесінде бағдарлама материалдарын жақсы меңгеретін оқушылар. Барлық тапсырмаларды олар өздігімен орындайды, негізінен жаңа жұмысты орындағанда бар тәжірибесін дұрыс қолдана біледі. Өздерінің іс-қимылдарын сөзбен түсіндіре білуі олардың бағдарлама материалдарын дұрыс кабылдағандарын дәлелдейді. Оларға жалпылықтың кейбір деңгейлері тиімді. Алынған білім мен дағдыларды бұл оқушылар практикасында басқаларға қарағанда табыстырақ қолданады. Салыстырмалы күрделірек тапсырмаларды орындағанда оларға үлкендердің белсендіретін шамалы көмегін қажет етеді.
2 топ. Бағдарламаның негізгі талаптарын қиыншылықпен орындайды. Оқу барысында бұл балалар бірінші топтың оқушыларына қарағанда біршама үлкен қиыншылықтар сезінеді. Олар негізінен мұғалімнің фронтальді түсіндіргенін ұғады, өйткені материалды есте сақтайды, бірақ көмексіз қарапайым жалпылаулар мен қорытындыларды жасай алмайды. Олар жұмыстардың барлық түрлерін өздігінен аз орындайды. Олар мұғалімнің белсендіретін және де ұйымдастырушылық көмегін бірдей қажет етеді. Білімнің жаңа жағдайға көшуінде негізінен қиналмайды. Бірақ оқушылардың жұмыс темпі төмендейді, маңызсыз көмекпен дұрысталынатын қателер жібереді. Өздерінің іс-қимылдарын түсіндіру екінші топтағы балаларда жеткіліксіз нақты, жалпылықтың төменгі деңгейінде ашық бағдарлама ретінде беріледі.
3 топ. Оқушылар жеңілдетілген оқу бағдарламамен оқытылады. Комектің түрлерін қажет етеді (сөздік - логикалық, көрнекілік және құралдық-практикалық). Бұл оқушыларға қайталап айтылған материалдарды жеткіліксіз қабылдауы тән (ережелер, теориялық дәлелдемелер, деректер). Оларға тақырыпта екіншілік және негізгі бөлімдер арасындағы байланыстарды анықтау қиын. Фронтальді сабақта материалды жақсы түсіне алмайды, қосымша тусіндіруді үнемі қажет етеді. Жұмысты өздігінен орындауы төмен, материалды қабылдау темпі екінші топқа карағанда аса төмен.
4 топ. Бұл топтың балалары пэндердің негізгі мағыналылығын қабылдай алмағандықган жеке бағдарламамен оқытылады. Оларға жазылған хаттың негізін түсіну үшін карапайым санауға, оқытуға қажет ен төменгі жүйесі арналады. Бүл балалар жаттыгулардың үлкен санын орындауды. оқытуға қосымша әдістерді енгізуді, жұмыс уақытында бірыңғай бақылау мен бағыт беріп отыруды қажет етеді. Кейбір деңгейде өздігінен қорытынды жасау, өткен тәжірибені қолдануға олардың мүмкіндігі жоқ. Оқушыларға кез-келген тапсырмаларды орындау үшін бірнеше рет нақты түсіндіру керек. Олар өздерінің жұмысындағы қатені көрмейді, байқамайды, әрбір келесі тапсырманы жаңа қалыпта қабылдайды. Білімдері таза механикалық бекітіледі, тез ұмытылады. Бұл топтағы балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында оқыту кажет.

2. Ақыл - ойы кемтар балаларға арнайы көмек ұйымдастыру


Ақыл ойы кемтар тұлғаларды қоғам тарапынан арнайы көмек көрсету дәстүрі XIX ғасырдан басталған. Эскироль ақыл ой кемтарлықты жан-жақты зерттеп нақұрыстықты ауру емес екендігін дәлелде оны ақыл ой дамуы ешқашанда қалыптастаған жағдайымен сипатталатын күйі екенің түсінген. Эскироль еңбектері ақыл-ой кемтарлықтын клиникалық және психологиялық тұрғыдан зерттеулердің көз-қайнары болған.
Ақыл-ойы кемтарларды оқыту мүмкіндіктерін тексеру мен аңықтауға бір жағдай көмектесті. Авейрон орманында 11-12 жастағы жабайы ұл бала табылған, адам баласына ұқсамаған. Ж. Итар (1775-1838) сенсуализм ағымының екілі болғандықтан, сол баланы (Виктор деп ат қойып) оқыту барысында сезімдерін дамытуға сүйенген. Итар кезекпен түрлі сезім мүшелерін дамытқан және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға қадам жасаған. Викторды қалыпты жағдайға келтіре алмамағанына қарамастан нақұрыстардың оқуға қабілетгері бар екені туралы дәлелдер пайда болды.
Эскирольдің шәкірті Э.Сеген (1846 ) нақұрыстықпен шамалы ақыл-ойдың кемтарлығы атты түсінктерге анықтама берген. Ол өзінің түзету жұмысының емдік және педагогикалық жіктеуін кұрастырып, ең алғашында Францияда кейінен АҚШ-та ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту тәжірибесін бастаған. Оның оқыту әдісінің негізгі алғаш қабылдауға қабілеттерін кейін ұғымдық функцияларын дамыту болған.
Б. Морель (1857) азғындау теориясынын негізін қалаушы нақұрыстықтын себебі ретінде қарастырып, оны тұқым дамуының кері кетуі деген. В. Магнан (1893) ақыл-ойы кемтарлықты кері кетудің көрсеткіші деп есептеген. Ақыл ой кемтарлыкты зерттеулердің бірінші кезеңнің қорытындысы, XX ғасырдың басында туа біткен ақыл ой кемтарлықты ес аусқан ауруларан ажырату туралы пікірлер қалыптасып тұқым қуалаушылық себептері анықаталған. Тәжірибеде туа біткен акыл-ой кемтарлықтын түрлері, деңгейлері баяндалған.
Ақыл ойы кем балаларды арнайы сыныптар мен мектептерде оқыту Еуропа елдерінде және АҚШ та біздің елімізге қараганда ертерек басталды сондықтан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуды ұйымдастыруда отандық мамандар шет ел тәрбиесіне сүйенген.
Ақыл - ойы кемтар балаларды оқыту XIX ғасырдан бастап өзекті мәселенің біріне айналды, себебі қоғам мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға да оқудың қажеттілігін түсіне бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында «ақыл - ойы кем» түсінігі психиатрияда қалыптасқанымен, бұл балаларды оқыту мәселесі үлкен күдік туғыза бастады Германия және басқа елдерде арнайы мектептің негізгі мақсаты - мектептегі үлгермеушілікке көмектесумен сипатталды. Осы арнайы сыныптарда 1 - 2 жыл оқығанан кейін балалар қайта жалпы мектепке ауысуы тиіс болатын.
Рейседе ақыл-ойы кемтар балалар үшін арнайы оқыту мекемесі дәрігер Ф.Пляцтің жетекшілігімен 1854-жылы Рига қаласында ашылған.
Кейіннен XX ғасырдың басында Мәскеу педагогтары мен дәрігерлері ақыл - ойы кем балаларды оқытуды ұйымдастыруда жоғары белсенділік танытты.
Ұзақ ізденістер мен өтініштердін көмегімен 1908 жылы алғашкы көмекші сыныптар ашылды. Бұл көмекші сыныптар Мәскеудегі, Үшінші Ольгинско - Пятницкий атындағы училищесінде М.П.Постовскаяның (1865-1953) жетекшілігімен ашылды. Осы кезден бастап ақыл - ойы кем балаларға арнайы сыныптар мен мектептердің қажеттілігін бүкіл қоғам мойындай бастады.
Бұл арнайы сыныптардың ашылуымен педагогтар шетелдегі арнайы білім беру жүйесін жан - жақты зерттей бастады. М.П. Постовская және оның інісі дәрігер Н.П.Постовский Германия, Швейцария, Бельгия т.б. қалаларда болды, осы қалалардың тәжірбиесін ақыл - ойы кем балаларды оқытуда пайдаланды.
Дефекгология тарихында ақыл - ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістерін ұйымдастыру жағынан терең із қалдырған мектеп - санаторий В.П.Кащенконың мектеп - санаторий болды.
Көмекші оқыту жұмысын ұйымдастыруда көптеген педагогтар мен дәрігерлер үлес қосты. Атап айтсақ, Е.К.Грачева, Г.И.Россолимо, В.П.Кащенко, Г.Я.Трошин, О.Б.Фельцман, А.С.Грибоедов, А.Ф.Даурский, А.В.Владимирский, Д.В.Фельдберг, Н.В.Чехов, Н.П.Постовский, М.П.Постовская, А.Н.Граборов, Е.Н.Баженова, Ф.Д.Забугин, С.Д.Рабанович, В.А.Селихова т.б.
Зиятында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбилеу мәселесін зерттеген озат ғалымдар Л.С. Выготский, Л.В. Занков, А.Н. Граборов, Г.М. Дульнев. Ақыл ойыдың кемтарлықты ғылыми тұрғыдан зерттегендер: А.Р. Лурия, Ж.И. Шиф, Б.И. Пинский,В.Г. Петрова, И.М. Соловьев, С.Я. Рубинштейн, В.И. Лубовский; Г.Е. Сухарева, М.С. Певзнер. Қазіргі уакытта зиятында ауытқушылықтары бар балаларга ерте жастан түзетушілік көмек көрсету мәселесін зерттеушілер Е.А. Стребелева, Ю.А. Разенкова, Б.С. Халыкова т.б. Мектеп жасына дейінгі зиятында ауытқушылыктары бар балаларды арнайы оқыту, тәрбиелеуді Л.Б. Баряева, О.П. Гаврилушкина, А.А. Аксенова, М.Н Перова зерттеуде. Ал зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мәселесімен айналысатын ғалымдар Г.В. Цикото, А.Р. Маллер, А.А. Еремина.
Ерте жастағы зиятында ауытқуы бар балалар отбасында немесе денсаулық сақтау аумағындағы арнайы бөбекжайларда тәрбиеленеді. Ал түзетушілік көмек ерте жастан көмек көрсету кабинеттерінде, оңалту оратлықтарында және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде қамтамасыз етіледі. Ата-анасынын қамқорлынсыз қалган зиятында ауыткуы бар балалар ерте жастағы балалар үйлерінде, кейін 3 жастан толған соң зиятында ауытқуы бар балаларға арналған балалар үйлеріне аусады. Ол жерде жұмыс балалардың эмоциялық, тұлғалық дамуын белсендіруге, кеңейтуге бағытталған, сонымен бірге психомоторикасын дамыту, өз құрбылары және ересектермен карым-қатынас әрекет жасау, қоршаған ортамен танысу, оны зерттеу.
Жанұясындағы тәрбиеленетін балалармен түзету жұмыстары ата-анасының белсенді қатысуын талап етеді. Зиятында ауытқуы бар ерте жастағы балалармен олигофренопедагогтың жетекшілігімен түзету жұмыстары жүйелі жүргізілсе дамуында көптеген жақсы жетістіктерге қол жеткізуге болады. Бұл арнайы мекемелерде арнайы сақтаушы күн тәртібі ұйымдастырылады.

3. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсету


Зиятында терен ауытқушылықтары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі әр елде өзгеше ұйымдастырылған, оның себебі: экономикалық тарихи қалыптасқан дәстүрлер, мәдениеттін даму деңгейі мен әлеуметтік саясаттын бағыты.
Батыс Еуропа және АҚШ елдері зиятында терең ауытқушылыктары бар балаларды оқи алатын, оқуға қабілетті, яғни жалпы мектептерде білім алуға қабілетті (жеке білім беретін оқу бағдарламасы бойынша) және арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде машықтандыру арқылы кейбір жетістіктерге жете алады деп есептейді.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап аталмыш елдерде оқи алатын және оқи алмайтын көрсеткіші бойынша балаларды бөліп, ажыратып оқыту тәжірибесе тоқтатылды (дискриминацияға қарсы және демократия бағытын басшылыққа алу қозғалыстар әсерін тигізді).
Шетел мамандардың пікірі бойынша зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға бірінші күннен бастап біріктіріп оқытуға қосу қажет, өйткені бала басқа балалар ортасында өзін ұстауға үйренеді, қарапайым оқу дағдыларын меңгере алады (басқаларды тыңдау, қарапайым өтініштерді орындау, өзіне қажетті қызмет көрсету дағдыларына үйрену сияқты). Ата-аналарын арнайы дайындау орталықтары және мектеп жасына дейігі топтарда тәрбиелеу мен оқыту арқылы зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды мектепте білім алуға арнайы шаралар ұйымдастырылады.
Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршылар зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемелерін тандауға құқылы.
Зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғалар бастауыш және кәсіби білім алуға құқылы. Бастауыш білімнің мазмұны - оқу, жазу, есептеудің қарапайым деңгейіндегі білім, икемділік пен дағдыны қамтиды. Аталмыш тұлғалар меңгере алатын кәсіби мамандықтар: автослесарь, көлік технигі, тоқымашы, үйді жинау, бақша күту, қойма ұстау, науқастарды күту, қарау т.бс.с. Бұл мамандықтарға зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларды арнайы кәсіби мекемелерде оқытады.
Шет елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларға арналған "қорғаушы еңбек жүйесі" еңгізілген, нақты жұмыс орнында табыс тауып, өз енбектерінің пайдасын көруге жағдайлар қамтамасыз етілген.
Біздің елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар мен ересек тұлғалар Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі қармағындағы арнайы интернат-үйлерінде өмір сүреді. "Ақыл ойы имбецил немесе нақұрыстық деңгейдегі, немесе дебилдік деңгейі тірек-қимыл-қозғалысындағы ауытқушылықтарымен күрделенген жағдайдағы балалар" атты ережелер бойынша балалар жоғарыда аталған мекемелерге жіберіледі. Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ең шіғаш бағдарламалары 60-70 жж. әзірленген, олардың мазмұны психикалык нроцестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерді түзету, сейлеу тілін дамыту, қарапайым өзін -өзі күту дағдаларын қалыптастыру.
Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі- ерте жастан көмек көрсету багдарламаларын әзірлеу.
Қазіргі күнде зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға "Кеңес", "Алпамыс" атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-нсдагогикалық қолдау көрсетіледі, жаксы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сеңім тудырады. Ал арнайы интернат-үйлерінде аталмыш бшіалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім, икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, соңғы жылдарғы арнайы білім беру жүйесіндегі жегістіктердің бірі зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету, ол үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет