1 дәріс сабақтарының тақырыптары. Арнайы педагогика пәні, мақсаты, міндеті, нысаны, пәні. Арнайы педагогиканың бөлімдері


-дәріс. Арнайы педагогиканың қалыптасу мен даму тарихы (Н.Н. Малофеев бойынша)



бет2/16
Дата17.04.2023
өлшемі163,9 Kb.
#83440
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2-дәріс. Арнайы педагогиканың қалыптасу мен даму тарихы (Н.Н. Малофеев бойынша)
Арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесінің даму тарихы әрқашанда мемлекеттің әлеуми-экономикалық жағдайымен, мемлекеттің ауытқуы бар балаларға деген көзқарасымен,білім беру заңдылықтарымен,дефектологияның ғылыми ретінде қалыптасуымен тығыз байланысты болды.
Арнайы білім беру жүйесі мемлекеттік институт болып табылады,сондықтанда оның даму тарихының негіздері мемлекеттік эволюциямен байланысты болып келеді.
Арнайы білім беру жүйесінің құрылуының бір кезеңінен екінші кезеңіне өту, әлеуметтік-мәдени факторлармен анықталады.
Арнайы білім берудің отандық жүйеде дамуын болжау және ақыл есі мен физикалық кемістігі бар балаларды оқытудың тарихын түсіндіріп беру мүмкін емес.
Антикалық уақыттан бергі мемлекеттің ауытқуы бар адамдарға деген көз қарасының тарихын зертей келе эволюцияның бес кезеңін бөліп көрсетті.Ауытқуы бар адамдарға деген жеккөру мен дұрыс көзқарастың аралығы 2,5мың жылды қамтиды.

3.1 Эволюцияның 1-ші кезеңі.


Б.з.д.VIIIғ. мен б.з.д. XII ғ. арлығындағы Европа тарихының бөлігін мемлекеттік ауытқуы бар адамдарға деген көзқарсының 1-ші кезеңіне жатқызуға боллады. Бұл уақыт арлығында батыс Европалықтардағы агрессивті көзқарас көмек көрсету керектігін түсінуге дейін өзгерді.Бұл жол 2мың жылға созылды.
Европалықтардың ауытқуы барларға деген агрессивті көзқарасын Линурдың зағңдарынан басталды деуге де болады.Бұл кезеннің төменгі шекарасына б.з.д.VIII ғ.осы заңдарды мойындауды жатқызуға болады.Ал жоғарғы шекарасына XIIғ. Жатқызуға болады.Өйткені осы жүз жылдықта Европалықтар соқырларға арналған бірінші приюттар ашыла бастады.Қайырымдылық қорларының ашшыла бастауы мемлекеттің оларға деген көзқарасының өзгергендігін білдіреді.
Жетіспейтіндерді жою керек деген Лурияның заңдарының бекітілу уақыты мен ең бірінші қайырымдылықтың пайда болуына дейінгі уақыт 2мың жылды қамтиды.Осыдан неліктен европалықтар ауытқулары барларды өте ұзақ уақыт жек көрді және бұл көзқарастардың өзгеруіне не себеп болды деген сұрақ туындайды.Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, европалық цивилизацияның даму факторларын қарастырайық..
Антикалық уақытта бізді қызықтырған адамдардың тағдыры қайғылы болган.Оларды адам қатарына қоспаған, олардың дәрежесі құлдармен бірдей болған.Ауытқуы бар адамдарды өлім күтіп тұрган.Туылғаннан керең, соқыр, ақыл есі кем адамдарға бұл өмірде орын жоқ деп санаған.
Адам өміріне деген жаңашыл көзқарас христиан дінімен бірге пайда болды. Ол қатыгез өмірге діни сезімдермен діни аяушылықты кіргізді.Қайырымдылық христиан дінін ұстаушы адамның міндеті болып саналды.Бірақ та көп жылдар бойы сіңіп қалған агрессивтілік көзқарасты ысырып тастау онайға түспеді.
Орта ғасырлық заң шығарушылар антикалық көзқарасты ұстанды.Олар керең-мылқаулардың, соқырлардың, ақыл- ойы кешеуілдегендердің, мүгедектер мен құбыжықтардың құқы жоқ деп санады.
Мұндай адамдарға мейірімділік көрсеткендердің ең бірінішілері шіркеу қызметкерлері болды.Шіркеулерде приюттар ашылды, ол жерлерде кемтар адамдар тамақтанды.
Соңғы 5жүз жылдықта батыс европа елдерінде кемтарларға арналған шіркеулер,приюттар және емханалар көптеп ашылды, кейіннен соқырларға, дәлірек айытсақ соғыста соқыр болғандарға арналған арнайы мекеме ашылды. Келе-келе кемтарларды емдеуге арналған институттар ашыла бастады.Олардың біреуіне шіркеу демеу жасаса, екіншілеріне жоғарғы немесе қалалық басқарма демеу жасады.
Біздің еліміздегі мемлекеттің кемтарларға деген көзқарасының қалыптасуының бірініші кезеңі X ғ. басталып XVIII ғ. аяғында бірақ бітеді. Оның төменгі шекарасына Русиядағы христиандық уақытпен ең бірінші шіркеулік приюттардың пайда бола бастаған уақытын жатқызуға болады. Жоғарғы шекарасына I-ші Петрдың заңдарын жатқызуға болады, ол туа пайда болған кемістігі бар балаларды жоюға тиым салды (1704): жетімдер мен қаңғырбастарға көмек көрсетуге арналған емханалар мен шіркеулер салуға бұйрық берді (1715).
X ғасырлардағы кемтарларды жек көрушілік христиан дінін қабылдай бастаған кезде тоқтала бастады.Князь Владимир мүгедетерді жеп көрді және шіркеуге артып қойды (996), ал Киево-Печерки атындағы шіркеудің негізін салушылардың бірі Фиодосий болса, ең бірінші болып шіркеулік емхана салғызды, ол жерде мүгедектер мен керең-мылқауларға көмек көрсетілді.
Шығыс словяндық және Киевтік Русьтердің мәдениеті мен тарихын зерттей келе мынаған тоқталдық:
Словян-тілділер ауытқуы бар адамдарға агрессивтілікпен қараған жоқ,керісінше оларды аяды;
Киевтік князьдар өздерінің қайырымдылығымен ерекшеленді, олар өздеріне түсетін табыстарының жартысын қайырымдылық қорларына өткізіп отырған;
Славян-тілділерге христиан дінімен бірге қалыптасқан қайырымдылық сезімі халықтық дәстүрге сініп кетті. Орыс князьдары кемтарларға аяушылық көзқараспен қараса да олардың жағадайын өзгертуге деген еш іс-шаралар болған жоқ.. Ал, Киевтік князь Владимир мен I Петр басқаша жасады. Олар ең бірінші болып батыс европалықтардың тәжірибесін қолданушылардың бірі болды.
Батыс Европадағы мүгедектерге қайырымдылық көрсету XII ғ.басталса, бұл Ресейде мұндай көмек көрсету тек XVIII жүз жылдықтың басында басталды.
Демек Ресейдегі кемтарларға көзқарастың өзгеруі ұзақ уақытқа созылды.
3.2. Эволюцияның 2-ші кезеңі: керендер мен соқырлардың оқу мүмкіндігін түсіну:
Батыс европада XII ғ.мен XVIII ғ. аралығында қалалық басқармалардың демеулігімен көп деген емдеу және қайырымдылық көрсету мекемелері ашылды, ал кейінірек приюттар көпте ашылды.Мүгедектерге әсіресе мүгедек балаларға деген көзқарас алдағы ғасырларға қарағанда жақсырақ бола бастады,бірақ бұл өте баяу және қиын құбылыс болды.
Рениссанның мәдениеті мен (XIV – XVIғ.ғ,Қайта туу дәуірі). Реформациясы ( XIV ғ. - екінші жартысы XVII ғ. ортасы, ұлы шіркеулік көтерліс) климаттың күрт жылынуын қамтамасыз еткен, онда физикалық және психикалық ауытқуы барлар бейшара күн кешкен.
Европалық цивилизацияның жаңару кезеңінде кемтарларға тек қамқорлық көрсетіп қана қоймай, олардың кейбіреулерін оқытуға да кірісті. Бірақ, кемтарларды оқытқанымен оларға арналған арнауы мектептер ашылған жоқ . Тек батыс европа елдерінің бірі Францияда ,Париж қаласында ең бірінші рет мемлекеттік керен-мылқауларға арналған (1770),соқырларға арналған (1784) арнайы мектеп ашылды. Адам құқының декларациясы үшін болған ұлы Франциялық революциясы париждіктердің ақыл-ойы аздардың және мүгедектердің дәрежесіне деген көзқарасын өзгертуге себеп болды,ең бастысы бұл «психиатрияда революция»жасады, оның қолбасшылары П.Ж..Кабанис, Ф.Пинель, Ж..Эскориоль, Ж..Итар.Европалықтар ақыл-ойы кемдердің тағдыры туралы және мемлекеттің олардың өміріне жауапты екеніне ойлана бастады.
«Адамдар дүниеге келеді және еркін болып қалады және құқықтары тең болу керек» (адам құқығы жөніндегі декларацияның I статьясы)-деген лазункпен Батыс Европалықтар үшінші кезенге өтті.
Реформация рақымшылдыққа деген көзқарасты өзгертті.Протестанттардың мемлекетінде жоғары таптың қайырымдылығы қалыптасты.Қоғамдық қайырымдылық ережелері мен дағдылары қалыптасты,әлеуметтік саяси пайда болды.
Урбандалудың әсерінен қалалықтардың ерекше дәрежесі қалыптасты.Осы урбандалудың әсерінен шіркеулермен қоса, көптеген жоғары таптық приюттар, емханалар , госпитальдар, мектептер ашылды.
Университеттердің пайда болуы, мектептік білім берудің дамуы, кітаптардың көптеп шығуы ғылымның дамуына, батыс европалықтардың мәдени деңгейінің жоғарылауына себеп болды, қалалықтар балаларын оқытуға қызыға бастады, білімнің адам өмірінде маңыздылығын түсінді.
Соқыр балаларды оқытудағы қадамды ең алғаш болып, олардың ата-аналары жасады, олар балаларының жұмыс істей алатындығын заң жүзінде дәлелдегілері келді.Оларды оқытуға ниет білдіргендердің тағы бірі діндар-филантроптар болды.Сенсорлы бұзылысы бар балаларды нәтижелі оқыту туралы деректер, олардың мүмкіндіктері жайлы пікірлерді өзгертті.
Батыс европадағы кереңдер мен соқырларға арналған мектептердің ашылуы университеттер мен мектептік білімді ұйымдастыруда жетістіктерге жетуге көмегін тигізді.
Бұл кезеңнін басты ерекшелігі қайырымдылық жұмыстарына көптеп көңіл бөліну болып табылады.
Кемтар балаларды оқыту керектігін түсіну үшін Европа елдеріне алты ғасыр керек болды.
Россияда, екінші кезең Европа елдерінен 5 ғасыр кеш басталып, 1 жүз жылдыққа созылды да, Европа елдеріндегімен бір уақытта аяқталды.Мұның себептері кереңдер мен соқырларға ашылған арнайы мектептер болды(XIX ғ. басы).
Россиядағы ең алғашқы арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемесі 1806 жылы 14 қазанда ашылды.Бұл мекеме Павлов қаласында императрица Марина Федорованың тапсыруымен салынған.Оны I Александор шақырған француз тифлопе дагогы В.Гаюдың бастамасымен салынған.
Ең бірінші соқырлар мектебіне I Александордың қалауымен 1807жылы В.Гаюдың аты берілді.
Европадағы арнайы мектептердің ашылуына әлеуметтік және экономикалық реформа, ғылымның дамуы, университеттердің ашылуы, жоғары таптық мектептердің ашылуы, кітаптарың көптеп басылуы, сенсорлы бұзылысы бар адамдардың құқығын мойындау себеп болса, Россиядағы арнайы мектептердің ашылуына монархияның батыс европалықтардың тәжірибесімен танысуы, олардың тәжірибесін шет елдерден шақырылған мұғалімдердің көмегімен отандық білім беруде қолдануға ұмтылуы себеп болды.
Отандық ғылымның, медицинаның, университеттік және мектептік білімнің жағдайы төмен деңгейде болды.Бұл, сенсорлы бұзылысы бар тұлғаларды жеке-дара оқытуға кедергі келтірді.
Мұнымен қоса ресейлік отбасылар, тіпті олар жоғарғы таптан болса да, өздерінің мүгедек балаларын оқытуға онша қызықпады.Адам өміріндегі білімнің ролін әлі онша түсінбеді.
Батыс Европа мен Ресейдегі көптеген айырмашылықтар, келесі тарихи кезеңде айқын көрінетін ерекше нәтижелерге жеткізді.

3.3. Эволюцияның 3кезеңі :сенсорлы бұзылысы бар балалардың оқуға құқығы бар екенін мойындау. Арнайы білім беру жүйесінің құрылуы.


Мемлекет пен қоғамның ақыл-ойы және физикалық жетіспеушілігі бар адамдарға деген көзқарасының үшнші кезеңі XVIII ғ.аяғы мен XX ғ.басын қамтиды.Бұл уақыт аралығында батыс европа елдері, сенсорлы бұзылысы бар балаларды оқыту мүмкіндіктерін түсіну мен қоса, көру, есту, интелекті бұзылған балалардың оқу құқы бар екенін және оларға міндетті түрде арнайы мектептер ашу керектігін түсінді.
Бұл кезеңнің басы, керең және соқыр балаларға арналған арнайы мектептердің ашылуын, (жатқызуға болады) сенсорлы және интелектуалды бұзылысы бар балалардың міндетті түрде бастауыш бөлім ашу керектігі туралы заңдардың қабылдануын жатқызуға болады.Батыс Европада бұл құбылыс XX ғ жүз жылдықтың басында болды.
Эволюцияның үшінші кезеңі аномальды балаларға деген қарым-қатынастың кординалды өзгерісімен, дамуында ауытқуы бар тұлғалардың азматтық құқына гуманды және демократиялық көзқарастың дамуымен, сонымен қатар жалпы бастауыш білім алудың міндеттілігімен сипатталады.
Эволюцияның бұл кезеңі европадағы арнайы білім беру жүйесінің халықтың кұрылысымен сәйкес келеді.
Болжанған кезеңде мүгедектердің статусы заңды түрде өзгерді : көптеген европалық мемлекеттер олардың білім алу құқын мойындады. Көптеген ұлы ақындардың, көтерілісшілердің және альтруистердің армандары орындала бастады: аномальды балаларды оқыту экзотикалық қоғам болудан қалды.Призедиенттер уақыты бітіп, арнайы білім берудің жүйесі қалыптаса бастады.
XIX ғ. басынан бастап көптеген мемлекеттерде арнайы білім беруді енгізу туралы нормативті актілер қабылдана бастады:
1817 ж. Дания – керең балаларға білім беру туралы ант.
1842 ж. Швеция –жағдайы төмен балаларға бастауыш білім беру туралы заң.
1873 ж. Сансония – соқыр, керең, ақыл-ойы кем балалардың білім алу құқы туралы заң.
1881 ж. Норвегия –кереңдердің міндетті түрде білім алуы туралы заң.
1882 ж. Норвегия – ақыл-ойы кемдердің білім алуы туралы заң.
1884 ж. Пруссия – кемтар отбасынан шыққан педагогикалық қараусыз қалған балаларды оқыту.
1887 ж. Швеция – кедей және ақыл-ойы аз балаларды оқыту арқылы ерекшелеу туралы заң.
1889 ж. Швеция – керендерді сегіз жастық оқыту туралы заң.
1893 ж. Англия – керең және соқырларға бастауыш білім беру туралы заң
1896 ж. Швеция – соқырларға міндетті түрде білім беру туралы заң.
1909 ж. Франция – көмекші мектептер мен сыныптар ұйымдастыру туралы заң.
1920 ж. Нидерландия – соқыр, нашар еститін, керең, ақыл-ойы кешеуіл-деген балалардың білім алуы туралы қалпы.
1923 ж. Италия – керең мылқауларды міндетті түрде оқыту туралы заң.
XX ғ XX ғ. басы – арнайы білім беру жүйесінің нақты қалыптасуының басталысы, бұл үш категориядағы балаларды оқытуды қарастырады: естуі, көруі, интелекті бұзылған.Басқа да дамуында ауытқуы көрінген балалар шіркеулер мен қайырымдылық қорларының қамқорлығында болады.Сонымен революцияға дейін Ресейде арнайы білім алу мекемелерінің жемісі құрылған бірақ арнайы білім жүйесі тіркелмеген .Революция төңкерісінен кейін 1917 ж. Аномальды балаларды тәрбиелеу мен оқытудың финонтропикалық принциптермен күресі негізінде құрылған арнайы білім беру жүйесі бірінші рет мемлекеттің білім беру жүйесінің бөлігіне кірді.Батыс Европаға қарағанда арнайы білім беру құрылымы, жалпы және мемлекеттің эволюциялық дамуымен сәйкес келді.Біздің елімізде ол тарихи кезеңдерімен сәйкес келуі мемлекет құрылымының төңкеріспен ауысуы, идеология, бағалы оринтациялар, терең экономикалық кризис кезеңі, азамат соғысы.Комунистік идеология контектісінде азамат құқығы білім алудың мақсаты мен міндеті жаңа совет мектебінің негізінде қаланды.Декларацияың орындалуына еңбекшілер мен халықтың құқығынан шіркеу мемлекеттен, мектептен бөлінді.Филонтропикалық қайырымдылық әрекеттеріне тиым салынды. Осыларға негізделген бала мекемелері Наркомпросқа, Наркомздравқа берілді. Ал аыл есі кешеуілдеген балалар халық комисариатының арнаулы мектептерінде тәрбиеленуде.
Мемлекет саясатында ақыл есі кем, тірек қимылы бұзылған балалар жағдай төмен балаларға қарағанда мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылады.Арнайы білім алуының жүйесінің түрленуі – арнаулы оқу мекемелерінің жемісі құрылды.Мұнда оқып жүріп дефекті балалар басқа елдерден яғни басқалардан шектелді.Ақырында арнайы білім алу мекемелері жыл бойы мектеп интернатқа барған жағдайда бала ата-анасынан, әлеуметтен қалыпты дамып жатқан құрдастарынан шектелді.Дін, шіркеулік қайырымдар, филонтропия заңсыз болып жариаланды.Дефекті балалар және оның жақындары шіркеудегі көмектен және қайырымдылық ұйымдардың көмегінен қолдарын үзді.Балалар тұйықталып қалды.Олар ерекше әдеумет болып қалды.Сол әлеуметте арнайы білім беру іске асырылды.
Арнайы мектептердің құжатын комплектілеу мүгедек баланы оқуға алмай тұрып оның қай топқа жататынын білу керек. Мекемелердің жетіспеушілігіне байланысты мұндай орындарда тек зайып соқырлар, керең және мылқаулар және ақыл есі кем балалар, жағдайы төмен отбасылардың балалары.Сонымен, еуропа елдері аномальды балалардың білім алуға құқылы болуын жүзеге асыруға 200-ге жуық жылға созылды.
3.4 Эволюцияның 4-ші кезеңі: арнайы білімді барлығына беру керектігін түсіну.Арнайы білім беру жүйесінің дамуы және дифференцациялау.
Зерттеулерге сүйенетін болсақ XX ғ. басы мен 70 жылдарына дейін Батыс Европалықтар керең, соқыр, ақыл –ойы кем балаларды оқыту керектігін түсінуден, барлық ауытқуы бар балаларды оқыту керектігін түсінуге дейін жетті. Бұл уақыт арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесін дифференциялау мен жетілдіру арнайы мекпетремен арнайы білім беру жүйесінің жаңашыл түрлерінің құрылуы, арнайы мектептерге қосымша мектепке дейінгі және мектептен кейінгі мекемелердің ашылуы және оқу орындарының көбею кезеңі болып табылады. Әр түрлі елдерде бұл кереңдерге, нашар естейтіндерге, соқырларға, нашар көретіндерге, керең – соқырларға, тіл кемістігі бар балаларға, физикалық жетістеушілігі бар, оқуында қиындығы бар, көптеген кемістіктері, мінез-құлықтығында ауытқуы бар, созылмалы ауруы бар баларға арналған мектептер мен ғылыми зерттеу орталығында орналасқан мектептерді кіргізуге болады.
Артайлықтай айырмашылықтары болса да, ХХ жүз жылдықтың басында Батыс Европа елдері арнайы білім берудің бір қатар жүйесі құрды.
Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс арнайы білім беру жүйесін құруды тоқтатып тастады. Екінші жүние жүзілік соғыстың, концлагерлердің қатыгездіктерін бастан өткізіп, өркениетті адамдар арасындағы айырмашылқтарға, олардың даралығына және өзіндік ерекшеліктеріне жаңа қарай бастады.
Өмір, еркіндік, адамгершілік, адам құқығы басты құндылық болып табылады.
Мемлекеттер БҰҰ 1945 жылы ұйымдастырып бірлестіктің дамуы және қауіпсіздігі, бекіту және қолдау мақсатында күштерін қосты. Адам құқығы туралы БҰҰ жалпыға ортақ декларациясы жаңа дүниеге көз қарас жиынтыгын бекітті.
1 статья Барлық адамдар өзінің абыройы және құқығы бойынша тәуелсіз және тең (Олар бір-бірімен қатынаста)
3 статья Әр адам өмір сүруге еркіндікке және жеке өміріне құқылы.
7 статья Барлық адамдар заң алдында тең.
50 – 70 ж.ж. экономикалық жоғарлаудың толқымындағы жаңа либералды – демократияның қайта құрылулардың әлеуметтік – мәдени контекстінде бізіді қызықтыратын балаларға білім беру проблемаларына көп көңіл бөлінеді. Арнайы білім беруді қажет ететін балалардың жаңа категориялары көрінеді, классификация ауысады және нақтыланады. Енді оларға есту, көру, интелекті бұзылған балаларды ғана емес, сонымен қатар оқуында қиындығы бар, эмоционалдық бұзылулары, девиантты мінез құлықты, әлеуметтік және мәдени депривациалы балаларды жатқызады. Арнайы білім беру жүйесінде әр елде мұңдай мемлекеттер көбеие бастады. Психологиялық – педагогикалық көмек көрсету шеңбері кеңейді, мектепке дейінгі мекемелер құрылды. Осымен қатар әр түрлі қайырымдылық қорлар, ата – аналар, кәсіби қоғам, ұйымдар пайда болды.
БҰҰ «Ақыл – ойы кем тұлғалардың құқығы» туралы, «Мүгедектер құқығы» туралы декларация қабылданды.
Жас қоғам өзін унитарлы социум сияқты тойтарады. Әр мүше қабылданған стандартқа сәйкес келуі керек деген көрінстерден бірте – бірте бас тарты. Бұл жерде арнайы мектептерді жабудын және олардың оқушыларын жалпы білім беру мекемелеріне ауыстырудың; ерте жастан оқытылмаған терең ақыл – ой кемістіктері бар балаларға арналған сыныптардың жаппай ашылуының алғашқы прецеденттері пайда болды. Бұл феномендерді ұлттық жүйедегі білім беруде болашақ өзгерістердің анық алғашқы хабар деп есептеуге болады. Олардың пайда болуы қоғамдық және мемлекеттік дамуында ауытқулары бар балаларға қатынастың ауысумен қамтамасыз етілген. Біздің елімізде қатынастың эволюциясының 4-ші кезеңі Заңға сыйымды арналған білім берудің ұлттық дәстүрдің дамуының ІІ этапымен ара қатынаста болады.
Арнайы білім берудің жүйесінің дамуының ІІ этапы Батыс Европада парадокс (түрінде көрінетін) ерекшеліктердің қатарымен аналогиялықтан ажыратылады.
Мамандардың есті есептеуіне және негіздерін болжамдауына сирек идеология араласады. Бір жағынан мемлекеттің дефоктолоктарға аномальды балаларда «Толық жеке адамдарды, қоғамның пайдалы мүшесі» шығаруды тапсырма етіп қояды. Басқа жағынан – сәтсіздіктің әр көрсеткішінің социолизмді құруы көлемі бойынша төмендеуіне арнайы орнату, арнайы білім беруді қажет ететіндердің саның қысқарту туралы айтуды міндеттейді. Жалпыға ортақ сауаттылық, ауқатты, мәдениетті құбылыс партия жеткізген социолизм кезінде ақыл ойы кем кеш дамыған құбылыс болмайды.
Кеңес кезінде арнайы білім берудің айырмашылықтары болып, оның цензді ерекшелік табылады. Бірдей мемлекеттік стандарт бойынша міндетті білім беруді жариялап және дамуында ауытқу бар оқушылар үшін мамандандырылған стандартты еңгізбей мемлекет мектеп жасындағы балаларды қоспағанда барлығы үшін бір білім беру цензін орнатты.
Дамуында ауытқулары бар бала,арнайы мектеп-интернатқа түсіп,арнайы оқыту әдістерінің көмегі бойынша меңгеруді керек ететін, бірақ мемлекеттік стандарт әдеттегідей дамитын оқушылар үшін өңделген дефектологиялық ғылымдарға әлемнің басқа елдеріне аномальді бала туралы ғылымының дамуының ешбір тарихи кезеңдерді қойылмайтын « тапсырмадан тыс » тапсырманы шешу қойылды. Бірақ нақ осы мемлекеттік тапсырыс дамуында ауытқуы бар әр түрлі категориялары үшін цензді білім алуға мүмкіндік беретін жоғары деңгейдің зерттеу міндеттерінің дефектологиялық теориялық негіздерін интенсивті өңдеудің арнайы педагогикалық технологияның дамуының жоғары деңгейінің құрылуына мүмкіндік туғызады.
Дефектологияның ғылыми мектебі арнайы білім берудің әдістемелік, теориялық негіздерін өңдеуді( Азбукин, Бейн, Боскис, Выготский, Гандер, Граборов, Грибоедов, Дульнев, Зыков, Лебединский, Неймон, Певзнер, Рау, Слезина, Шиф, Хватцев ) 50ж. бастап жүйе арнайы мектептің 5 түрін қосып дифференцияалды (соқыр мылқау, мүкісқұлақ, соқыр, ақыл ойы кемдер үшін) олардың сандары өсіп келеді. Жүйенің дамуы, басқа елдердегі сияқты, оқыту типтері, мектеп түрлерінде дифференциясы бойынша жүреді. 1945 ж. бастап мекемелер екі есе көбейді, мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрлері пайда болды. 50 – жылдардың басы мен 60 жылдардың аралығындағы саясаттағы өзгерістер арнайы мектептердің жедел өсуіне себеб болды.
Білім беру тәртібін құрушылар үлгермейтін балалардың жағдайын ескере отырып білім беру жүйесін өзгертті.
«Жалпы білімді» - деген Заңының қабылдаыуына орай мемлекет күрделі тіл кемістігі бар балаларға, психикалық кешеуілдеген балаларға, тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 70 жылдың басы мен 80 жылдың аралығында мектептерде психикасы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы сыныптар ашыла басталды. 80 жылдың аяғында ең бірінші рет ақыл-ойында терең бұзылысы бар балаларға арналған жеке зертханалық сыныптар ашылды. 1990 жылы арнайы мектептердің саны 2789 жетті (575 мың оқушы). Мектеке дейінгі мекемелер көптеп ашылды, олар 300 мыңнан астам ауытқуы бар балалар тәрбиеленді.
СССР-де арнайы білім беру туралы Заң қабылданған жоқ, соңдықтан да Батыс Европадағы арнайы білімді қажет ететін адамдар саны кезеңнің соңына қарай (70 ж.) 5% -тен 12 % ке жетті, ал СССР-де кезеңнін соңынына қарай (1990 – 1991 ж.ж.) тек 1,5 % құрады.
Эволюцияның V кезеңі: тең құқықтан тең мүмкіндікке дейін, институтциялизациядан – интерграцияға дейін
70 жылдардың басында европалықтар антикалық дәуірден басталған дамуында ауытқуы бар адамдардың тең емес құқықтары туралы мәселелерді толық шешті. Цивилизацияның тарихында алғаш рет адамдардың құқығы тең екендігі мойындалды, олардың кемшіліктеріне қарамайды.
70 жылдардағы мүгедектерді әлеумеи және педогогикалық интеграциялау либеральды – демократиялық реформаның ашық адами қоғамның дамуымен қатар жүрді. Дискримимацияға қарсы күрес жаңа мәдениеттін қалыптасуына себеп болды, бұл мәдениетте адамдар арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарады.Дәл осы кең қанат жайған антидискриминациондық контексте арнайы мектептер (әсіресе интернаттар) сегрегациондық мекеме деп мойындалды, ал жалпы білім жүйесінен бөлектетілген арнайы білім беру жүйесі – дискриминационды деп танылды. Егер эволюцияның алдыңғы кезеңінде қоғам арнайы мектептер құру үшін күрессе, бұл кезеңде баланы арнайы мектепке беру, оның құқығын бұзу деп санады.Эволюцияның бесінші кезеңі, арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесі құрылған үшінші кезеңге өте ұқсайды.
Европалықтардың ойынша «кез-келген шындыққа ұмтылатын, адам құқығы жөніндегі халықаралық тәртіпті ұстанатын мемлекет барлық балаға олардың мүмкіндігіне қарай білім беруі керек. Ал, ерекше білімді қашет ететін балаларға келетін болсақ, олрғада мемлекет мүмкіндіктеріне қарай білім беруге міндетті».
Адам құқығы жөніндегі ЮНЕСКО комисиясының «Адамдар мен мүгедектердің құқығы» деген баяндамасында европалық біріккен қоғамның арнайы қалпы көрсетілген: көп жағдайда мүгедектік кедергі келтірмейді, баланың дұрыс білім алуына кедергі келтіретін – дискриминация болып табылады. Заң шығарушы органдардың шешімдерімен көптеген мүгедек балалар арнайы мектептерге ұдайы барып тұрады, бұл арнайы сегрегация болып табылады.
БҰҰ-ның қабылдаған «Ақыл-ойы кешеуілдегендердің құқығы», «Мүгедектердің құқығы» жөніндегі заңдар, сондай-ақ көптеген антидискриминациондық, арнайы білім беру жөнінде қабылданған заңдар бесінші кезеңнің бастамасы болды.Мысалы, Швецияда – негізгі мектептің оқу жоспары жөніндегі заң, ақыл-ойы кешеуілдегендер жөнінде заңдар қабылданды(1980); Великобританияда – білім алу жөніндегі АКТ (1981-1995); Ал Нидерландияда – орта және жоғарғы арнайы білім жөніндегі уақытша қабылданған заң (1985).
Ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы потокқа қосу,яғни интеграциялау 70-ші жылдардан басталды.Интеграциялап оқыту түріне көшу Батыс Европалылықтардықң демократизациясының әсерінен болды; әркіқмнің құқығын қамтамасыз етуді дамыту; экономиқалық өркендеу мақсатында антидискриминациондық саясат жүргізу; қайырымдылықтың белсенді өсуі.
Арнайы білім беру жөніндегі жиналыста(1980) ЮНЕСКО-ның эксперттері мынаны мақұлдайды. «Ең бастысы-мүгедектердің қоғамға көптеп араласуына ой салысу керек.Мұндай болмаған жағдайда психикалық барьелер мен жағымсыз құбылыстар болуы мүмкін».
Мүгедектер кедергісіз өмір сүру керек ,-деп ойлайтын қоғамның, кемістігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге араластырып оқытудың салдарынан арнайы мектептердің саны азая бастады, кемтар балалар жалпы білім беретін мектептерде көбейе түсті, мектептерде ақыл-ойы кешеуілдегендерге арналған сыныптар көптеп ашылды.
Қазіргі эволюцияның бесінші кезеңі үш он жылдық бұрын басталды, бірақ әлі аяқталған жоқ.
Бір жағынан интеграциялау жақсы дамып жатса, екінші жағынан интеграцияның нәтижесі критикалық жағдайға төмендеп кетті.
Интеграция баланың көпшілігіне зиян деп таныған ата-аналар мен мамандар интеграцияға қарсылық білдіре бастады.
Сонымен қоса Батыста ақыл-ойы нда және физикалық кемістігі барларға арналған көптеген жеке орындар ашыла бастады, оған мысал ретінде «кемпхимиялық деревняларды» алуға болады.
Осы уақытта кеше ғана құқығы жоқ деп саналған мүгедектер өз құқықтары үшін күреске кіре бастады.Дүниежүзілік кереңдердің ұйымы (ВФГ) өз дәрежелерін қоғаммен тең деп санауды және де олардың өздерінің тілімен мәдениеті бар екендігін мойындауларын талап етті, олар өздерінің балаларына мемлекет білім беруге міндетті деп санады, сондай-ақ олар «жесті тілді» терең мылқаулардың мемлекеттік тілі деп тануды талап етті.Кереңдердің тілін басқа сау адамдарда олармен қарым-қатынас жасау үшін үйрену кереке деген жарлықтар шықты.
Мамандар, керең балаларға естуге мүмкіндік беретін жаңа медициналық технологияларды ойлап таба бастады, бірақ естуі бұзылғандар бұған қарсы болды.Олардың айтуы бойынша мұндай технологиялар керең адамның керең болу құқығын бұзады деп санады.(Кереңдердің әлемдік конгресі 1995).
Врачтар ұрықты диогностикалау технологиясын жан-жаққа таратты, олар жүкті әйелді алдын ала тексеріп керең бала туылуы мүмкін деген болжам болса, жасанды түсік жасау керек деген ұсыныстар жасады. Бірақ бұған тең ата-аналар ғана емес, түсік жасатуды баланың құқығын бұзу деп санайтын ұйымдар да қарсы шықты.Олар баланы құдай қалай жаратса, солай туылуы кере, бұл құдайдың сыйы деп санады.
Ерекше білімді қажет ететіндердің тең құқықты екендігін дәлелдеу мақсатында ғылыми жаңалықтар ашқан ғалымдар көптеген зерттеулердің арқасында адам табиғатын түсінудің жаңа құралдарын ашты.Оларды ғылыми негізде де, сондай-ақ адам популяциясын қадағалау негізінде де қолданды. Осы ғылыми технологиялық жетістіктердің кейбіреуін атап өтейік:
Мүшелерді ауыстырудың жаңа технологиясы;
Жасанды мүше жасаудың жаңа технологиясы;
Имплантациямен протизированияның жаңа технологиясы;
Вакцинамен препараттарды шығару,қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ететін;
Жаңа туылған нәрестеге күтім жасайтын жаңа технологиялар;
Бүкіл ағзаға, жеке мүшелерге әсер ететін экологиялық таза өнімдерді шығара бастады;
Баланың кемтар болып туылуының алдын алуға арналған, пренатальды диогностиканы дамытты;
Ерте жастан жасалатын диогностиканы жетілдіру;
Жасанды ұрықтандыру мақсатында тәжірибелер жасау;
Адамды, тірі ағзаны клондаудағы жаңа нәтижелерді ашуға себеп болған, нәтижелі клонирование жасау.
Мұндай жетістіктерді түрлі мақсатта қолдануға болатыны анық..
Ресейліктер 90-шы жылдарда 4-ші кезеңнен 5-ші кезеңге өтті. Бұған1991-ші жылдағы РФ-ның ратификациясы дәлел болады. Бірақ Батыс Европадағы сияқты Россиядағы бұл кезең алдын ала болжанбады.Ресейдегі бұл кезең скачкообразды түрде болды.
Біз құрастырып отырған 5-ші кезеңнің қашан және қалай аяқталатының, оның орнына қандай түсініктер келетінін кесіп айту өте қиын.Сондай-ақ эволюцияның 3-ші кезеңіде әлі аяқталмаған деп айтуға болады.Тек жаңа қадамдармен жүйелер белгіленген. Болашақта арнайы білімді қажет ететіндердің мәселесі жөнінде қандай жаңалықтар болатын тек ХХІ ғ. көруіміз мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет