1 Дәріс Тақырыбы



бет134/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Қатпаршақ (жалбыршақ) - omasum - дөңгелек пішінді, бір шеті алдыңғы қарынмен жалғасса екінші жағымен ұлтабарға ашылады. Кілегей қабатының ішкі бетінде жұқа, жалпақ қатпарлар болады, олар жапырақша - lamellae - деп аталады.

Көлемі жағынан үлкен, орташа, кіші және тым кіші - lamellae majorеs, mediae, minores, minimae - түрлеріне бөлінеді. Жапырақшалар бетінде азықты сығып ұсақтау қызметін атқаратын бүртіктер - papillae omasi - орналасады.




Қатпаршақ түбі - basis omasi - ішкі жағында қысқа жыраға ұқсайды, жұмыршақты ұлтабармен жалғастыратын. Қатпаршақ түбімен жапырақшалардың бос шеттерінің аралығы қатпаршақ каналын құрады. Канал екі үлкен жапырақшалардың аралығымен жалғасады. Қатпаршақ оң жақ 8-9 қабырғалар астында орналасады.


Ұлтабар - abomasum - пішіні алмұрт тәрізді, оң жақ қабырға астында төс шеміршегіне жақын орналасады, шығаберіс шеті жіңішке, он екі елі ішекке жалғасады.

Ұлтабардың дөңес вентральды беткейін үлкен иін, ал дорсальды ойыс шетін кіші иін деп атайды. Ұлтабардың кілегей беткейі бірқабатты цилиндр тәрізді эпителиймен астарланған. Кілегей қабатының кардиальды, фундальды және пилорикалық бездері қарын сөлдерін бөледі, химиялық жолмен азықты қорыту процесін жүргізеді. Бұлшықет қабаты сыртқы ұзынша, ішкі сақинаша қабаттардан тұрады.


Пилорикалық бөлігіне қарай сақинаша қабаты қалындап, қақпақша қысқыш етін құрайды. Ұлтабардың сыртқы сір қабаты үлкен және кіші иіндерінде тоғысып, ұлтабардың шарбыларына айналады.


Жіңішке ішек


Жіңішке ішек - intestinum tenue - жануарларда ұзындығымен (60 м), жіңішкелігімен және орналасу ерекшелігімен байқалады. Кілегей қабатын бірқабатты призма тәрізді эпителий астарлайды. Олар әр бағытта орналасатын қатпарлар - plica - құрады. Қатпарлар жалпы кілегей беткейінің секрет (шырын) бөлетін және қорытылған асты сіңіретін беткей көлемін үлкейеді. Сонымен қатар кілегей қабатының ішкі беткейінде, барқыт түгіне ұқсас ұсақ бүрлер - velii intestinales - болады. Кілегей қабатында қабырғалық бездер де болады олар: жалпы ішек және дуоденальды бездері. Бұлар құрлысы жағынан қарапайым түтікті бездерге жатады, өзегі ішек қуысына бүрлер арасына ашылады. Бездер ішек сөлдерін бөледі; азықтағы күрделі қоректі заттарды (ақуыз, май, көмірсу) қарапайым түрлеріне ыдырататын. Кілегей қабатында азық құрамында болатын микроорганизмдерді басқа да бөгде заттарды жоятын, қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіндері де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет