Тік ішек - rectum - жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында құйымшақ астында шажырқайға ілініп, артқы тесік ануспен - anus - аяқталады.
Лабораториялық сабақ 6 ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ
Тыныс алу аппараты - apparatus respiratorius - ауа өткізетін жолдардан (мұрын қуысы, көмекей, трахея, өкпе бронхтары) және негізгі респираториялық бөлімнен тұрады (өкпе ацинусы, және ауа көпіршіктері). Жүйенің негізгі қызметі ағзамен қоршаған орта аралығында оттегімен қөмір қышқыл газының алмасуы, бұны сыртқы тыныс алу деп атайды. Тотығу реакциясы кезінде артерия тамырларының бойындағы оттегі сіңіп, жасуша бойынан көмірқышқыл газы бөлініп отырады, бұны ішкі немесе ұлпалар бойындағы тыныс алу дейді.
Тыныс алу мүшелері газ алмасумен қатар басқада қызметтер атқарады олар: ауаны шаң-тозаңнан, микроорганизімдерден тазарту, тыныс алған кезде кеңсірікте ауа ылғалданады, жылынады, суиды. Дене температурасының көрінісі, иіс сезу қабылеті, тұзды ерітінділердің құрамының бір деңгейде болуы осы келтірілген жағдайлардың барлығыда тыныс алуды қажет етеді.
Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек және өкпе мүшелері жатады.
Мұрын - nasus - тыныс алу аппаратының бастапқы бөлімі. Ол кең мұрын қуысынан тұрады. Мұрын қуысы жоғарғы мұрын қабырғасынан - dorsum nasi, қос бүйір қабырғасынан - pars lateralis, мұрын түбірінен - radix nasi - маңдай сүйегі мен шеғаралас және үстінгі еріннен жоғары орналасқан мұрын ұшынан - apex nasi - тұрады. Мұрын ұшында, мұрын қуысына кіреберісті шектейтін қос танау - nares - тесіктері болады. Танау қабырғасын шеміршекті мұрын қанаттары - alae nasi - түзеді. Мұрын тесіктері аралығындағы түксіз суланып тұратын пигментті аймақты қаңсар - planum nasale - дейді.
Сиырда қаңсар ерінге дейінгі аймақты алып жатады. Серозды бездер қаңсар бетейіне әрдайым серозды секрет бөліп тұрады, сондықтан ол ылғалды және салқын болып тұрады дене температурасымен салыстырғанда. Сиырдың танау тесіктері онша үлкен болмайды, дорсолатеральды бұрышы танау сайын құрайды.