Ұйқы безі - pancreas - сары күрең түсті, құрлысы жағынан күрделі көпіршікті - түтікшелі бездерге жатады ұйқы безі оң, сол және орталық бөліктерден тұрады. Орталық бөлігін бауырға қараған, ұйқы безінің басы деп атайды. Сиырда оң жақ бөлігі он екі елі ішек бойымен оң жақ бүйрек астына ығыса орналасады. Сол жақ бөлігі қысқа мес қарын, диафрагма талақ аралықтарында жатады.
Ұйқы безінің өзегі - ductus pancreaticus - он екі елі ішекке өт өзегінен бөлек ашылады. Жылқыда, итте бұдан басқа ішекке дербес ашылатын қосымша өзегі де болады.
Жуан ішек
Жуан ішек - intestinum crassum - соқыр, тоқ және тік ішектерден құралады. Соңында анус тесігімен аяқталады. Жіңішке ішектен келген азық қорытындысы жуан ішектің кілегей беткейінде сіңіп, қанмен бүкіл денеге тарайды. Қорытылмаған азық қалдықтарынан нәжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады. Жуан ішектің кілегей қабаты бірқабатты призма тәрізді көбелі эпителиймен астарланған, бірақ онда ішек бүрі (түгі) болмайды. Жуан ішекте қорытылған астың мол сіңуі, ішектің ұзаруы, диаметрінің кең кілегей қабығының қатпарлы болуы себептігін тигізеді, әсіресе өсімдік текті жануарларда. Бұлшықет қабаты жақсы жетілген. Жылқымен, шошқаның ішек диаметрі кең - соқыр (бүйен) және тоқ ішектерінің бойында, сыртқы қабатындағы салалы ұзын бұлшықеттер 3-4 қатар ет таспаларын - teniae - құрады. Таспалардың аралығында, ішек қабырғасы тек бір ғана ішкі жұқа сақинаша ет қабатынан тұрады. Сондықтан ішектің бұл тұсы қалталанып - haustra - жатады.
Соқыр ішек (бүйен) - caecum - жуан ішектің тұйық қалта тәрізденіп келген бөлігі: соқыр ішек пен тоқ ішектің шекарасына мықын ішектің тесігі ашылады. Жылқының соқыр ішегі (бүйен) жақсы жетілген. Пішіні ұтір тәрізді иіліп келеді сондықтан қарынға ұқсайды. Үлкен және кіші иіндерден тұрады. Тұйық шеті бүйен төбесі - apex caeci, негізгі аумағын денесі - corpus caeci - деп атайды. Бүйен оң жағымен он екі елі ішекке және құрсақ қабырғасына жанасады. Бүйеннің дөнесі құрсақ қабырғасының вентральды бетіне, ал төбесі семсер өсінді аумағында жатады. Артқы ұшы жамбас қуысының кіреберісіне, ал алдыңғы ұшы бауырға, 18-ші қабырғаға дейін созылады. Ірі қара малдың бүйені 30-70 см пішіні цилиндр тәрізді. Шошқада қысқа конус пішінді. Иттің соқыр ішегінің ұзындығы 20 см. Аталған жануарлардың соқыр ішегі құрсақ қуысының оң жақ аумағында орналасады.
Тоқ ішек - interstinum colon - жуан ішектің ортаңғы бөлігі қоректену сипатына байланысты бұл ішектің ұзындығы әр түрлі болады.
Мысалы, жыртқыштарда қысқа, шөп қоректілерде ең ұзын, соңғылардың ішінде бұғыда өте жіңішке, ал жылқыда жуан болып келеді. Жылқының тоқ ішегі үлкен және кіші тоқ ішек болып екіге бөлінеді. Үлкен тоқ ішек - crasum - бір-бірімен шажырқай арқылы байланысқан таға пішіндес екі қатарда орналасқан ішектер. Әр жартысы үш - оң жақ, диафрагмальды және сол жақ бөліктеріне бөлінеді. Тоқ ішектің дорсальды бөлігінің он жақ соңы қарын тәріздес ампула құрады. Күйіс қайтаратын жануарларда тоқ ішектердің пішіні диск немесе дискоконус тәріздес болып орналасады, құрсақ қуысының оң жағында. Шошқада тоқ ішектің пішіні конус тәрізді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |