Бүйректер түрлері және орналасуы
Ірі қара малдардың бүйректері көп жолақты (тілімді) болады. Пирамидалардың саны 18-22 шамасында. Емізіктер қосылып қос өзектің бойы мен несепағарға ашылады. Бүйрек түбегі болмайды. Оң жақ бүйрек 12-13-ші қабырға аумағынан 2-3 бел омыртқа аралықтарына дейін созылады, бауырға жанаса. Пішіні эллипс тәрізді. Сол жақ бүйрек 2-5-ші бел омыртқалар аумағында орналасады, каудальды шеті жалпақ болады.
Кіші қара малдардың бүйректері тегіс біреміздікті, қалың бұршақ пішінді. Бойында 10-16 пирамидалар болады. Оң жақ бүйрек алдыңғы шетімен бауырға түйіседі, сол жақ бүйрек оның артында 3-6-ші бел омыртқалар астында жатады.
Тегіс көп еміздікті, бұршақ пішінді жалпақ бүйректер шошқада болады. Ішкі құрылысы 10-12 пирамидалардан тұрады. Әр пирамида еміздіктері өз тостағаншаларына ашылады, олар қосылып бүйрек түбегін құрады. Оң жақ сол жақ бүйректер 1-4 беломыртқалар аралықтарында орналасады. Оң жақ бүйрек бауырға түйіспейді.
Жылқы малдарының бүйректері тегіс біреміздікті түрлеріне жатады. Оң жақ бүйрек жүрек пішіндес, сол жақ бұршаққа ұқсайды. Әр бүйректе 10-12 пирамидалар кездеседі. Оң жақ бүйрек алға ығысқан, сөйтіп, бауырда бүйрек ойпатын құрайды. Сол жақ бүйрек бел аумағында орналасады, 18-ші кеуде омыртқасымен 3-ші бел омыртқа аралықтарында.
Ит бүйректері де жылқы, кіші қара малдар бүйректері типіндей тегіс бір еміздікті. Зәр түзетін қыртысында ішкі сәулелер қатарлары жақсы көрінеді. Бүйрек денешіктерінің пирамида саны 12-17 болады. Бүйректер 1- 3-ші бел омыртқаларының астында орналасады. Оң жақ бүйрек бауырға түйісіп бүйрек ойпатын - impression renalis - қалдырады.
Лабораториялық 7
сабақ 5
КӨБЕЮ ОРГАНДАРЫ
Көбею органдары - organa genitalia - жануарлардың түрлерінің сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы. Көбею мүшелері жануарлар жынысына қарай аталық және аналық болып бөлінеді.
Аталық жыныс органдары - organa genitalia masculina
Аталық жыныс мүшелері қызметі жағынан бірнеше бөлімдерден тұрады: а) жыныс бездері - ен; ә) жыныс жолдары - ен қосымшасы (қосалқысы) шәует жолы, несепжыныс каналы; б) қосымша (қосалқы) жыныс бездері - көпіршік, простата (қуықалды), бадана в) жыныстық қатынас мүшесі - сыртқы жыныс органы (пенис).
Аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар - енде пісіліп жетіледі. Аталық жыныс безі алғашқыда даму кезінде құрсақ қуысында, аралық бүйрек маңында, бастама жыныс қатпары ретінде мезотелий жасушаларынан қалыптасады.
Туардың алдында жетілген жыныс безі - ен құрсақ қуысынан бағыттаушы байлам арқылы, сыртқы сір қабығымен бірге, құрсақ қуысынан шат сүйегінің астында немесе алдында орналасқан қалтаға ұмаға түседі.
Жыныс жолдары арқылы сперматозоидтар өтеді, жыныс бездерінде жетілген. Аталық организмдерде қосымша жыныс бездері жақсы жетілген. Осы бездердің секреттері мен қосылған жыныс жасушалары сперма затын құрады.
Шығылысу мүшесіне сыртқы жыныс органы жатады. Осы мүше арқылы жыныстық қатынас кезінде аналық ағзаның шағылысу мүшелеріне сперма заты өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |