1 Дәріс Тақырыбы



бет146/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159
Простата (қуықалды) безі - glandula prostata - барлық жануарларда болады. Орналасуына қарай қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан бездер болып бөлінеді. Қабырғадан тыс орналасқан без қуық мойынының дорсальды бетінде жатады. Оның екі бүйір бөлігі, аралық және денесі болады. Екінші, қабырғалық бездер, уретраның жамбас бөлігінің кілегейлі және етті қабықтарының арасындағы кеуікті денеде шашырай орналасады.
Сондықтан оны шашыранды қуықалды бездері деп атайды. Без өзектері уретраның - дорсальды қабырғасында екі қатар болып ашылады, секреті спермалардың тіршілік қабілетін көтереді.
Баданалық без - glandula bulbouretralis - уретраның шонданай доғасына жақын орналасады. Бұл безді жоғары жағынан бадана - кеуікті бұлшықет жауып жатады. Қызметі онша зерттелмеген. Ғалымдар арасында бездің секреті уретра беткейін қорғайды деген ой айтылады.


Айғыр енінің ішкі құрылысы


Ен – testis, s.didymis, s.orchis - жүп, пішіні сопақша келген паренхиматозды мүше. Енде аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар және ішкі секреция безі ретінде қанға жыныс гормондарын бөледі. Әр еннің екі ұшы болады басжағы - extremitas capita - айғыр енінде алға қараған, құйрықжағы - extremitas caudata - артқа. Ен қосымшасына жанаса орналасқан ұзын бойын, қосымшалық жиегі - margo epididymis - оған қарама-қарсы жатқан бос жиегі - margo liber - дейді және латеральды, медиальды беттері болады.
Енді сыртынан тығыз дәнекер ұлпадан тұратын ақ қабық - tunica albugina - қаптап жатады. Бұл қабат еннің бас жағынан ішке үнгілей еніп, ен ортасын - mediastenum testis - жасайды. Ен ортасынан еннің сыртқы беткейіне қарай көптеген тығыз дәнекер ұлпадан құралған перделер - septum testis - таралады. Бұл перделер енді көптеген бөліктерге бөледі. Ақ қабық, ен ортасын және перделер еннің стромасын құрайды. Олар арқылы енге қорек тендіруші қан, лимфа тамырлары және қызметін реттеуші жүйке тарамдары өтеді. Ал, ен паренхимасын - parenchyma testis - перделер аралықтарындағы бөліктердің ішіндегі иректелген ен түтікшелері құрайды. Бұл иретелген тұқым тұтікшелерінің қабырғасында жыныс жасушалары сперматозоидтар түзіледі. Иректелген тұқым түтікшелері ен ортасынан басжағына қарай, бағытталып, түзу тұқым түтікшелеріне - tibuli recti - айналады. Олар ен ортасында бір-бірімен жалғасып ен торын - rete testis - жасайды. Ен ортасы ен торымен бірге Гайморов денесі - corpus Highmori - деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет