1 Дәріс Тақырыбы



бет141/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Лабораториялық сабақ 6


ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ


Зәр шығару органдарының - organa urinaria, s.uropoetica - негізгі қызметі организмнен зәр бөліп шығару. Зәр - urina - дегеніміз бүйрек арқылы қаннан сүзіліп шығатын сүйықтық (экскрет). Оның құрамында әр түрлі күрделі заттардың ыдырау процесінде пайда болатын мономерлері, тұзды ерітінділер, гормондар, су, басқада бөгде заттар организмнен сыртқы ортаға бөлініп тұрады.
Зәр шығару жүйесіне жататындар: қос бүйрек, несепағар түтіктері, қуық, несепағар каналы.


Бүйрек


Бүйрек - ren (nephros грек.) жұп мүше қоныр қызыл түсті, пішіні бұршақ, немесе сопақша тәріздес. Бүйрек құрсақ қуысының бел аумағында орналасады. Сырт жағынан бүйректі май қабаты - сapsula adiposa - оның астында тікелей бүйрекке жабыса тығыз сір қабаты капсула - capsula renalis - қаптап жатады.
Әр бүйректе краниальды және каудальды шеттері - extremitas cranialis et caudalis, дөңес латеральды, ойыс келген медиальды жиектері - margo lateralis et medialis және дорсальды, вентральды беткейлері - facies dorsalis et ventralis - болады. Бүйректің ішкі кесіндісінің көрінісі, бір-бірінен анық ажыратылатын үш аумақтан тұратыны байқалады олар: сыртқы қызыл-қоныр түсті келген зәр жасаушы немесе қыртысты аумағы - cortex renis (zona corticalis) - ішкі зәр өткізуші немесе милы аумағы бозғыл түсті және осы аталған екі аралықтың арасында қоныр түсті келген ірі бүйрек қан тамырлары өтетін шекаралық немесе қантамыр қабаты - zona intermedia -орналасады.


Бүйректің түрлері

Жануарлардың бүйректері құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді. Оның негізіне бүйректің бастапқы құрылым түрлігі алынған.


Ақ аюда, китте, дельфинде әр бүйрек бірнеше бүйрекшелерден тұрады. Әр қайсысында үш аумақ пен қатар емізікшелер және оларға жанаса жатқан бүйрек тостағаншалары болады. Әр бүйрекшелердің сабақшалары өзара қосылып, несепағарды түзеді. Бұндай бүйректі - көптік бүйрек деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет