1 Дәріс Тақырыбы



бет147/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ен қосымшасы (қосалқысы) - epididymis - ен бойына жанаса орналасады. Оның бойында басы, денесі және құйрық аумақтары болады.


Ен қосымшасының басы - caput epididymis - ен торынан басталған тұқым шығаратын өзекшелерден тұрады. Тұқым шығаратын өзекшелер өз кезінде ен қосымшасының өзегіне - ductus epididymis - ашылады. Ен қосымшасының денесі - corpus epididymis - иректелген өзектен құралады. Ен қосымшасының құйрығында өзек біршама кеңейіп шәует жолына ауысады. Осы түста ол еннің арнайы байламы арқылы ен мен, ал шап байламы көмегімен еннің жалпы қынап қабығы мен байланасады.
Шәует жолы - ductus deferens - еннен және ен қосымшасынан шәуетті алып шығатын түтікті мүше. Ол қынаптық қуыстағы ен қосымшасының құйрығынан басталып енбауының құрамында шап өзегінің бойымен құрсақ қуысына қарай өтеді. Құрсақ қуысынан жамбас қуысына қарай бағытталып қуық үстімен өтіп көпіршік без өзегін қабылдап, шәуетағар өзегін түзеді.
Шәует жолының соңғы бөлігінің кілегей қабатында көптеген бездер орналасады, сондықтан бұл тұсты шәует жолының безді бөлігі немесе ампуласы деп атайды.
Енбау - funiculus spermaticus - ен шажырқайынан түзілген, жалпақ конусқа ұқсас құрылым. Конустың төбесі шап өзегімен құрсақ қуысына бағытталған, ал табаны ен қосымшасымен байланысқан. Енбаудың негізін енге келетін қан тамырлары, жүйкелер, еннің ішкі көтергіш бұлшықеті және шәует жолы құрайды.


Аналық жыныс органдары - organa genitalia feminina

Аналық көбею мүшелеріне жататындар: жұмыртқалық жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, зәр-жыныс кіреберісі және сыртқы жыныс органдары.


Жұмыртқалық - ovarium - сиыр жануарында сопақша пішінді бел аумағында, бүйректен кейін орналасқан кішкентай паренхиматозды жұп жыныс безі. Жұмыртқалықта аналық жыныс жасушалары - жұмыртқалар дамиды және аналық жыныс гормондары түзіліп қанға шығарылады. Жұмыртқалықтың алдыңғы, артқы ұштары, шажырқай және бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады. Шажырқай жиегі арқылы жұмыртқалыққа құрсақ аортасынан қоректендіруші қантамырлары қызметін реттеуші жүйкелер енеді. Бос жиегі сыртынан бастама эпителиймен қапталған. Оның астында дәнекер ұлпалы ақ қабат жатады. Әр жұмыртқалықтың ішкі кескінінде бір-бірінен анық ажырайтын фолликулярлық және қантамырлар аумақтарын көруге болады. Фолликулярлық аумақ - zona follicularis - беткейі орналасады, бұнда жас жыныс жасушалары - ұсақ алғашқы фолликулдер орналасады. Фолликулдер өсе келе көлемі жағынан үлкейіп, көпіршіген фоллликулаға айналады. Қуысты сұйыққа толған көпіршікті фолликул үлкейе келе жұмыртқалықтың паренхимасын қысып ығыстыра отырып, сыртқы ақ қабат пен бастама эпителийге келіп тіреледі. Жұмыртқа жасушаның даму сатылары түгелімен осы фолликулдер ішінде жатады. Жыныстық жетілу кезі келгенде көпіршіген фолликулдың жарылу процесін - овуляция дейді. Жұмыртқалықтың алдыңғы ұшына жатыр түтігінің шөлмегі (воронкасы), артқы ұшына жұмыртқалықтың меншікті байламы бекиді, сол жалғам арқылы без жатыр түтігіне және мүйізіне жалғасады.
Ересек бие жұмыртқалығының пішіні бұршақ тәріздес болады. Оның тамырлы аумағы шетінде, ал фолликулярлық аумақ ортасында орналасады. Бос шетінде жұмыртқа шұнқыры ғана бастама эпителиймен қапталады. Сондықтан овуляция тек осы шұнқырда ғана жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет