1 Дәріс Тақырыбы



бет43/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Кілегейлі қабық (tunica mucosa) түтікше ішкі мүшелердің көпшілігінде ішек типтес болады. Ол негізінен төрт қабаттан құралған. Оларға ішкі қабаттан кілегейлі қабықтың сыртына қарай:

  1. эпителий қабаты (stratum epiteliale) түтікше ішкі мүшелердің ішкі бетін жабын ұлпасы ретінде астарлайды. Түтікше мүшелердің кілегейлі қабықтары, олардың дене қуыстарындағы орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты кұрылысы әр түрлі эпителий ұлпасымен астарланған.

  2. өзіндік тақташа (lamina propria mucosae) қоректендіретін қан және лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады;

  3. етті тақташа (stratum muscularis) мүшелердің қызметіне сәйкес түрлі деңгейде, қатпарлы кілегейлі қабықта күшті, ал беті тегіс кілегейлі қабықта нашар жетілген. Бұл қабатты өз кезегінде бір немесе екі қабатта жатқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері құрайды;

  4. кілегейліасты негіз (tela submucosa) құрамында ірі қан және лимфа тамырлары мен лимфа түйіншелері және интрамуральды (қабырғалык) жүйке тораптары болатын борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.

Ал кейбір мүшелердің кілегейлі қабықтары, мысалы, ауыз және мұрын қуыстары мүшелерінің кілегейлі қабықтары құрылысы жағынан тері типтес болып келеді. Ол тек екі: эпителий және өзіндік тақташа қабаттарынан ғана тұрады.
Етті қабық (tunica muscularis) түтікше мүшелердің ортаңғы қабығы. Ол өз кезегінде: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша (бойлама) қабаттардан тұрады. Етті кабық қабықтарын негізінен бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Тек, дененің сыртқы табиғи тесіктеріне жақын орналасқан мүшелердің етті қабығы қабаттарын (жүтқыншақ, өңеш, тік ішектің соңғы бөлігі мен анус, несеп-жыныс кіреберісі т.б.) ерікті жиырылатын көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы кұрайды. Ал тыныс алу түтікше мүшелерінің (көмекей. кеңірдек, бронхтар) ортаңғы қабықтары - талшықты-шеміршекті қабықтан тұрады.
Сірлі қабық (tunica serosa) дене қуыстарында жатқан мүшелерді сыртынан қаптайды. Ол екі қабаттан: ішкі борпылдақ дәнекер ұлпалық негізден (tela subserosa) және сыртқы бірқабатты жалпақ эпителий қабатынан немесе мезотелийден (mesotelium) тұрады. Дене қуыстарынан тыс жатқан мүшелер (өңештің, кеңірдектің мойын бөліктері, көмекей, жұтқыншақ, тік ішек, қынап т.б.) сыртынан адвентиция қабығымен (tunica adventitia) қапталады. Ол борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет