1 Дәріс Тақырыбы


Қомақты паренхималы мүшелер



бет44/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Қомақты паренхималы мүшелер ішкі мүшелер жүйелері кұрамына жеке мүшелер ретінде кіреді немесе олар түтікше мүшелердің қабырғаларында орналасады. Олар негізінен ішкі мүшелер жүйелеріндегі бездер.
Без (glandula) өзінен арнайы сөл бөлетін құрылысы қомақты паренхималы мүше. Бездерге сілекей, өңеш, қарын, ішек бездерін, бауырды, ұйқы безін, жыныс бездерін, бүйректі, ішкі секреция (эндокринді) бездерін т.б. жатқызуға болады. Шығару өзегі арқылы сыртқы ортаға шығарылатын без сөлі секрет, ал организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) бөлінетін бөліндіні инкрет — деп атайды. Жануарлар денесінен сыртқы ортаға шығарылатын ыдырау өнімдері мен улы заттарға бай, организмге керексіз бөліндіні экскрет (зәр, тер т.б.) - дейді.
Без құрылысы жағынан паренхималы мүше. Ол бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқаратын паренхимадан және стромадан тұрады. Паренхима (parenchyma) бездің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі. Бездердің паренхимасын негізінен безді эпителий ұлпасы кұрайды. Ал кейбір эндокринді бездерде без паренхимасы жүйке ұлпасынан да тұрады. Строма (stroma) без паренхимасы бөліктерін өзара байланыстырып, безді біртұтас мүше ететін дәнекер ұлпалық аралық. Строма арқылы безді қоректік заттармен камтамасыз ететін кан мен лимфа тамырлары және без жұмысын реттейтін жүйкелер өтеді.
Бездердің жіктелуі. Без сөл бөлу сипатына қарай үлкен екі топқа: ішкі және сыртқы секреция бездері болып бөлінеді. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер инкреттерін организмнің сұйык ішкі ортасыиа (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) шығарады. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Олар тек қана бөлінді бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады. Ал сыртқы секреция бездері немесе экзокринді бездер секреттерін шығару өзектер арқылы қоршаған сыртқы ортаға немесе сыртқы ортамен қатысатын түтікше мүшелердің қуысына шығарады.
Бездер құрылысына қарай: бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді. Бір жасушалы бездер төменгі сатыдағы жануарларға тән. Сүтқоректі жануарлардағы бір жасушалы бездердің өкілі құты (бокал) тәрізді жасушалар. Бұлар кеңірдектің, бронхтардың, ішектің эпителий қабаттарында, эпителиоциттер аралықтарында орналасады. Сондықтан, құты тәрізді бездерді эндоэпителиальды бездер — деп атайды. Бұлар эпителий қабатының ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөледі.
Көп жасушалы бездер мүшелер эпителий қабаттарының астындағы қабаттарда немесе түтікше мүшелер қабырғаларынан тыс орналасады. Сондықтан, бұларды экзоэпителиальды бездер — деп атайды. Көп жасушалы бездер орналасу орындарына қарай қабырғалық (интрамуральды) және қабырғадан тыс (экстрамуральды) бездер болып бөлінеді. Қабырғалық бездер түтікше мүшелердің қабырғасында, кілегейлі қабық эпителий қабатының астындағы қабаттарда орналасқан майда бездер. Қабырғадан тыс бездер (бауыр, ұйқы безі т.б.). Бұлардың өзектері де, түтікше мүшелер қуыстарына ашылады. Көп жасушалы сыртқы секреция бездері екі бөлімнен: секрет бөлетін соңғы бөлімнен және без өзегінен тұрады.
Без өзегінің тарамдалу сипатына байланысты бездер: карапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым бездердің өзектері тарамдалмайды, ал күрделі бездердің өзектері, керісінше, бірнеше тарамға ажырайды.
Соңғы бөлімдерінің пішініне қарай бездер: көпіршікше (альвеолалы), түтікше және көпіршікше-түтікше бездер болып бөлінеді. Көпіршікше бездердің соңғы бөлімінің пішіні көпіршік немесе кеңейген капшық тәрізді болып келеді. Көпіршікше бездерге терінің май бездері, шықшыт сілекей безі жатады. Түтікше бездердің соңғы бөлімдерінің пішіні түтік тәрізді болып келеді. Түтікше бездерге қарын, жалпы ішек, жатыр бездері жатады. Ал көпіршікше-түтікше бездерге соңғы бөлімдерінің пішіні көпіршік және түтік тәрізді болып келетін бездер жатады. Бұларға: төменгі жақ және тіласты сілекей бездері жатады.
Бездерден секрет үш түрлі жолмен бөлінеді: мерокринді, апокринді және голокринді. Мерокринді секрет бөлу кезінде, безді жасушалар гландулоциттер цитоплазмасында түзілген сөл, олардың плазмолеммалары арқылы диффузды жолмен сүзіліп өтеді. Бөліндіні бөлу кезінде гландулоциттердің бүтіндігі бұзылмайды. Сілекей бездері сілекейді мерокринді жолмен бөледі. Апокринді секрет бөлу кезінде, сөл гландулоциттердің жоғарғы бос (апикальды) ұшына жиналады да, жасушаның апикальды ұшы үзіліп, секрет тамшысына айналады. Секрет бөлу кезінде гландулоциттердің бүтіндігі жартылай бұзылады. Апокринді жолмен тер, сүт бездерінің секреттері бөлінеді. Голокринді секрет бөлу кезінде, гландулоциттердің цитоплазмасы сөлге толып, безді жасушалар толық бұзылып жарылады да, секретке айналады. Голокринді жолмен терінің май бездері секреттерін бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет