1 Дәріс Тақырыбы


КӨПБӨЛІМДІ ҚАРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ



бет61/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

КӨПБӨЛІМДІ ҚАРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Көпбөлімді қарын күйіс қайтаратын жануарларга тəн. Қарында негізінен төрт бөлім болады. Олар: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар. Алдыңғы үш бөлімнің кілегейлі қабықтарында без болмайды.
Оларды біріктіріп, алдыңғы қарыңдар — деп атайды. Бұл бөлімдерде азық механикалық жəне биологиялық өңдеулерден өтеді. Ферменттердің қатысуымен азықты химиялық қорыту ұлтабарда жүреді.
Көп бөлімді қарын бөлімдерінің орналасу орындары (топографиясы).
Мес қарын сақа жануарларда көлемі жағынан бірінші орында. Ол құрсақ куысының сол жақ жартысын толығымен алып жатады. Мес қарын 6-ншы қабырғааралық тұстағы диафрагмадан жамбас куысының кіреберісіне
дейін созылып жатады. Оның қабырғалық беті (facies parietalis) сол жақ құрсақ қабырғасымен, ал ішкі висцеральды беті (facies visceralis) ішектермен жанасады. Мес қарынның дорсальды иіні (curvatura dorsalis) диафрагма мен бел бұлшық еттеріне байламдармен байланады, ал вентральды иіні (curvatura ventralis) құрсақ куысының вентральды қабырғасымен жанасады.
Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында, семсерше өсіндінің жоғарғы жағында орналасады. 6-7 -нші қабырғааралық тұста оның жоғарғы жағы бауыр жəне қатпаршақпен, ал оң жағы бауыр жəне диафрагмамен жанасады.
Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында жатады.
Оның сол жағында мес қарын, оң жəне жоғарғы бетінде бауыр, төменгі бетінде ұлтабар орналасады.
Ұлтабар құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасқан. Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді. Ұлтабардың жіңішкерген пилорустық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12 -нші қабырғааралық тұсқа дейін көтеріліп, сөл ғана алға қарай бұрылады да, 9-11 –інші қабырғааралық тұста ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) өтеді. Ұлтабардың оң жағы бауырмен, сол жəне алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы жағында ішектер жатады.
Мес қарын (рубец) — rumen — көлемі жағынан қарынның ең үлкен бөлімі. Оның өңеш тесігі ашылатын алдыңғы бөлігін мес қарын кіреберісі (anthrum ruminis), одан төменірек орналасқан бөлігін кранио-вентральды қалташа (recessus cranio-ventralis) — деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғы жəне артқы сыртқы сайлар (sulcus ruminis cranialis et caudalis) мен оларға сəйкес: алдыңғы жəне артқы ішкі қатпарлар (pila ruminis cranialis et caudalis) мес қарынды дорсальды жəне вентральды қапшықтарға (saccus ruminis dorsalis et ventralis) бөледі.
Жұмыршақ (сетка) — reticulum — көлемі жағынан сиырда
қатпаршақтан кіші, қой мен ешкіде, керісінше, үлкен болып келеді. Орналасу орындарына байланысты алдыңғы көкеттік беті (facies diaphragmaticum), артқы висцеральды беті (facies visceralis) болады. Өңештен жұмыршақ қабырғасына жұмыршақ сайы (sulcus reticuli) өтеді. Жұмыршақ сайының оң жөне сол ернеулері (labium dextrum et sinistrum) жас төлдерде бір-бірімен тығыз жанасып тұрып, емген сүттің мес қарынға түспеуін қамтамасыз етеді.
Жұмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі аралықта спираль тəрізді бұралып жатады. Осының нəтижесінде жұмыршақ сайының оң ернеуі қатпаршакқа өту алдында, оның сол жағына ауысады.
Жұмыршақ қабырғасының құрылысы мес қарын қабырғасы құрылысына ұқсас, үш қабықтан тұрады. Кілегейлі қабық қабаттарының құрылысы месс қарынның кілегейлі қабығына ұқсас. Көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған кілегейлі қабығаның ішкі бетіндегі қозғалмалы қатпарлар, пішіні көпбұрышты жұмыршақ торламасын түзеді. Жұмыршақтың етті қабығы
сыртқы көлденең, ішкі ұзынша қабаттардан тұрады. Жұмыршақ сыртынан сірлі қабықпен қапталған.
Жұмыршақ көкеттен кейін, мес қарынның алдында, құрсақ куысының семсерше шеміршек аумағында орналасады Жұмыршақ мес қарынмен мес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет