1 Дәріс Тақырыбы


Сақинаша-қалқанша бұлшық ет



бет83/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

2. Сақинаша-қалқанша бұлшық ет (m. cricothyreoideus) сақинаша шеміршек доғасының сыртқы бетінен басталып, қалқанша шеміршек тақташасының сыртқы бетіне бекитін жұп бұлшық ет. Бұл ет қалқанша шеміршекті төмен түсіріп, көмекей қуысын кеңейтеді.
3. Тіласты-бөбешік бұлшық еті (m. hyoepiglotticus) тіласты сүйегі денесінен басталып, бөбешікте аяқталады. Ол бөбешікті алға жылжытып, көмекей кіреберісін кеңейтеді.
Көмекейдің тарылтқыш бұлшық еттері. 1. Латеральды сақинашажауша бүлшық еті (m. cricoarytaenoideus) — сақинаша шеміршек доғасының бүйір бетінен басталып, ожауша шеміршектің ет өсіндісіне бекитін жұп бұлшық ет. Ол қалқанша шеміршек тақташасының медиальды бетінде жатады. Жиырылған кезде ол ожауша шеміршекті төмен тартып, дыбыс қатпарларын босаңсытады.
2. Дыбыс бұлшық еті (m. vocalis) дыбыс қатпарының негізін құрайды.Ол ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісінен басталып, қалқанша шеміршектің тақташасында аяқталады. Дыбыс қатпарларын босаңсытады.
3. Қарынша бұлшық еті (m. ventricularis) қарынша қатпарының негізін түзеді. Дыбыс бұлшық етімен қатарласа орналасып, бірдей қызмет атқарады.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дыбыс жəне қарынша бұлшық еттері бірігіп кеткен.
4. Көлденең ожауша бұлшық еті (m. arytaenoideus transversus) ожауша шеміршектірдің жоғарғы жағында көлденең орналасып, оның ет өсінділерін бір-бірімен жалғастырып тұрады. Дыбыс бұлшық еттерімен бірге жиырылып, дыбыс қатпарларын босаңсытады.
Көмекейге жалпы əсер ететін бұлшық еттер. І.Төс-қалқанша бұлшық еті (m. sternothyreoideus) төс тұтқасынан басталып, калқанша шеміршектің тақташаларында аяқталады. Ол жұтынғаннан соң, көмекейді кейін тартып, дыбыс қатпарларын қатайтатын бұлшық еттерге көмектеседі.
2. Тіласты-қалқанша бұлшық еті (m. hyothyreoideus) тіласты сүйектің үлкен мүйіздігінен басталып, қалқанша шеміршектің бүйірінде аяқталады.
Ол жұтыну кезінде көмекейді алға тартады.
КЕҢІРДЕК
Кеңірдек (трахея) — trachea — көмекейді өкпе бронхтарымен байланыстыратын түтікше мүше. Ол денедегі орналасу орнына байланысты екі бөлікке бөлінеді. Олар: мойын жəне көкірек бөліктері. Кеңірдектің қабырғасы үш қабыктан: ішкі кілегейлі қабықтан, ортаңғы талшыкты- шеміршекті қабықтан жəне сыртқы мойында адвентиция қабығынан, ал көкірек куысында сірлі қабық — плеврадан тұрады. Ортаңғы қабығының негізін жоғарғы ұштары тұйықталмаған шеміршек сақиналары құрайды. Кеңірдек сақиналарының жоғарғы бос ұштары бір-бірімен кеңірдек байламы мен кеңірдек бұлшық еті арқылы байланысқан. Кеңірдек жүректің жоғарғы жағында, ауаны аттас өкпелерге жеткізетін сол жəне оң негізгі бронхтарға ажырайды. Кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын жерін кеңірдек бифуркациясы (bifurcatio tracheae) — деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет