Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықгары симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы тәрізді орталық жүйке жүйесі мүшелерінде біртұтас орналасады. Жүйке жүйесінің бұл бөлімінде барлығы алты өзіндік орталық болады. Олар ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның қүйымшақ бөлімінің сегменттері сұр затының латеральды мүйіздерінде орналасады. Ортаңғы ми орталығы көз-қимыл жұйкесінің парасимпатикалық ядросында (nuclei parasympathici n. oculomotorii), ортаңғы мидың алдыңғы төмпешіктер аймағында жатады. Аталған орталықтың нейроциттері аксондарынан түзілетін түйіналды миелинді жүйке талшықгары көзқимыл жүйкесі кұрамында мидан шығып, осы жүйке бойында жатқан кірпікті ганглий (ganglion ciliare) нейроциттерінде синапспен аяқталады. Аталған ганглий нейроциттерінің түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықгары кірпік жүйкелері (nn. ciliares) — деп аталып, көз алмасындағы кірпікті дене және карашықгың қысқыш бүлшық еттерін жүйкелендіреді де, көз қарашығын тарылтады. Ал алдыңғы мойын ганглийінен келетін симпатикалық түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары көз қарашығын кеңейтеді.
Сопақша мида төрт орталық болады. Олар: І.Көзжасын бөлу орталығының (nucleus lacrimalis) түйіналды жүйке талшықтары бет жүйкесі құрамында мидан шығып, одан бөлінеді де, сына-тандай шұңқырында жатқан қанат-таңдай ганглийі (ganglion pterygo-palatinum) нейроциттерінде аяқталады. Ганглийден шығатын түйінсоңы жүйке талшықтары көзжасы безін, таңдай мен мұрын қуысы кілегейлі қабықгары бездерін жүйкелендіреді.
2.Алдыңғы сілекей бөлу орталығының (nucleus salvatorius rostralis) түйіналды жүйке талшықтары да, бет жүйкесі құрамында мидан шығып, төменгі жақ ганглийі (ganglion mandibulare) нейроциттерінде аяқталады. Ганглий нейроциттерінің аксондарынан түзілетін түйінсоңы жүйке талшықтары төменгі жақ және тіласты сілекей бездерін жүйкелендіреді.
З.Артқы сілекей бөлу орталығының (nucleus salvatorius caudalis) түйіналды жүйке талшықтары тілжұтқыншақ жүйкесі кұрамында мидан шығып, жырымдалған тесік маңындағы құлактың ганглий (ganglion oticum) нейроциттерінде аяқталады. Бүл нейроциттердің түйінсоңы жүйке талшықтары күлақтүбі, ұрт және ерін сілекей бездерін жүйкелендіреді.