1 Дәріс Тақырыбы



бет109/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Шыны тәрізді дене - көз бұршағы мен торлы қабық арасындағы куысты толтырып түратын мөлдір торлы қоймалжың зат. Оның сыртқы жағы сәл тығыздау келеді. Шыны тәрізді дененің негізін витреин белогі және гаалурон қышқылы құрайды. Сындырғыш коэффициенті - 1,33. Торлы қабық жарық тітіркеністерін кабылдайтын көз алмасының ішкі қабығы. Ол сыртқы жағынан тамырлы қабықпен, ішкі жағынан мөлдір шыны тәрізді денемен жанасып, көз алмасының артқы бөлігін астарлап жатады. Торлы қабық екі бөлімнен: жарық сезгіш және жарық сезбейтін бөлімдерден тұрады. Соңғы бөлім нұрлы қабықпен кірпікті дененің артқы беттерін астарлайды. Оның құрамында жарық сезгіш (фоторецепторлы) нейроциттер болмайды. Тек пигментті эпителиоциттерден құралған. Жарық сезгіш бөлімді: сыртқы жүқа пигментті қабат және ішкі негізгі жүйкелі қабат құрайды. Пигментті қабат бір қабатта орналасқан, пішіні алтыбұрышты биік призма тәрізді эпителий жасушалары - пигментоциттерден тұрады. Олар сыртқы тамырлы қабықтан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Ең биік пигментоциттер сары дақ маңайында, ал аласа жалпақ жасушалар торлы қабықтың шеткі жағында орналасады. Пигментоциттердің апикальды ұшындағы микробүрлер фоторецепторлы таяқша және сауытша нейроциттердің сыртқы дистальды буындарымен (сегменттер) жанасып, оларды қоршап жатады. Бір пигментоциттің микробүрлері 30-45 таяқша нейроциттердің сыртқы буындарымен жанасады. Микробүрлер цитоплазмасында жалпы органеллалар, меланосомалар, фагосомалар болады. Сауытша нейроциттердің сыртқы буындарын қоршайтын микробүрлер үзындау келеді. Олардың цитоплазмаларында органеллалар болмайды. Тек меланосомалар кездеседі. Пигментоциттер меланосомалары тым күшті жарықтан фоторецепторлы нейроциттерді қорғайды. Пигментоциттердегі фагосомалар сезгіш фоторецепторлы нейроциттердің сыртқы буындарының жарамсыз бөліктерін фагоцитоз арқылы жою кезінде ғана түзіледі.
Сондықтан, пигменттоциттерді жүйке жүйесінің маманданған макрофагтарының ерекше түрлеріне жатқызады. Көз алмасына өтетін жарық сәулелерінің 85-90 % -ын меланосомалар жұтып, көздің көру мүмкіндігін күшейтіп, родопсиннің ыдырауын төмендетеді. Жарық сәулелері көздің қасаң қабығынан, көз камераларындағы сұйықтан, көз бұршағынан, шыны тәрізді денеден, торлы қабықтың барлық қабаттарынан кедергісіз өтіп, жарық сезгіш нейроциттерге әсер етеді. Торлы қабықтың жүйкелі қабаты бір-бірімен тізбектеле байланысқан үш қабат нейроциттерден құралған. Олар: сыртқы жарық сезгіш (фоторецепторлы), ортаңғы биполярлы (ассоциативті) және ішкі мультиполярлы (ганглионды) нейроциттер. Фоторецепторлы және ассоциативті нейроциттер жанасуы деңгейінде горизонтальды нейроциттер, ал ассоциативті және ганглионды нейроциттер жанасу деңгейінде амакринді нейроциттер аралық орын алады. Пигментті эпителийден кейін бір қатар болып, жарық сезгіш таяқша және сауытша (колба тәрізді) нейроциттер орналасады. Аталған фоторецепторлы жасушалардың пигментоциттермен жанасатын сыртқы дендриттерінің пішініне байланысты, олар таяқша және сауытша нейроциттер — деп аталады. Таяқша нейроциттердің пішіні таяқ тәрізді дендриттері ымырттың әлсіз жарығы сәулелеріне, ал сауытша нейроциттердің пішіні колба тәрізді дендриттері күшті күндізгі түрлі-түсті жарық сәулелеріне тітіркенеді. Жоғарыда аталған нейроциттер тізбегі гистологиялық препараттарда анық көрінетін торлы қабықтың төмендегідей қабаттарын құрайды. Сыртқы қабаты пигментті қабат. Фоторецепторлы нейроциттердің сыртқы таяқша және сауытша дендриттері торлы қабықтың пигментті қабатынан кейінгі таяқшалар және сауытшалар қабатын, жарық сезгіш нейроциттердің ядролары орналасқан перикариондары (денелері) сыртқы ядролы қабатты, олардың аксондары мен екінші қатарда жатқан биполярлы нейроциттердің дендриттері бір-бірімен синапстық байланыс жасап, сыртқы торлы қабатты, биполярлы нейроциттерінің перикариондары ішкі ядролы кабатты, соңғы нейроциттердің аксондары мен мультиполярлы нейроциттер дендриттерінің синапстық байланысы ішкі торлы қабатты, мультиполярлы нейроциттердің перикариондары ганглионды қабатты, олардың аксондары миелинді жүйке талшықтарына айналып, жүйке талшықтары қабатын түзеді. Жүйке талшықтары бірігіп, көз алмасының артқы жағындағы тесіктен шығып, ми жүйкелерінің екінші жұбы көру жүйкесін құрайды. Ол көру талдағышының өткізгіш жолын құрап, екі көз алмасы көру жүйкелерінің айқасынан кейін, көру жолдары ретінде аралық миға барады. Торлы қабық нейроциттері аралықтарында ұзын талшықты нейроглиоциттер орналасады. Олардың ядролар орналасқан денелері ішкі ядролы қабатта жатады. Ал сыртқы ұзын өсінділері таяқша және сауытша қабат пен сыртқы ядролы қабат аралығындағы сыртқы шекаралық қабатты, ішкі өсінділері жүйке талшықтары қабатын шыны тәрізді денеден оқшаулайтын ішкі шекаралық қабатты жасайды. Сөйтіп, көздің торлы қабығында сырттан ішке қарай 10 қабат ажыратылады. Олар: 1) пигментті, 2) таяқша және сауытша, 3) сыртқы шегаралық, 4) сыртқы ядролы, 5) сыртқы торлы, 6) ішкі ядролы, 7) ішкі торлы, 8) ганглионды, 9) жүйке талшықтары, 10) ішкі шекаралық қабаттар. Фоторецепторлы нейроциттерінің таяқшалары мен сауытшалары сыртқы және ішкі буындардан құралған. Таяқшаның сыртқы буынының пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Оны бір-біріне жабыса орналасқан, қалыңдығы 140 нм тұйық жарғақтық дискілер құрайды. Сыртқы буын жарғағында көру пигменті родопсин болады. Ішкі буынының цитоплазмасында митохондриялар мен эндоплазмалық тор жақсы көрінеді.
Сыртқы және ішкі буындар кірпікшелер арқылы байланысқан. Сауытшаның сыртқы буыны қысқалау және көлемділеу келеді. Оны түйықталмаған жарғақтық жарты дискілер құрайды. Ішкі буынында липид тамшысы мен митохондриялардан түзілген эллипс тәрізді құрылым бар.
Көру жүйкесінің көз алмасының артқы жағындағы тесігі арқылы торлы қабықтан шығатын дөңгелек келген дөңес тұсында жарық сезгіш нейроциттер болмайды. Сондықтан, бүл жерді «соқыр дақ» деп атайды. Көз алмасының білігі бойындағы торлы қабықтың дөңгелек немесе сопақ келген бөлігін сары дақ дейді Оның ортасындағы шұңқырлау жерін орталық шұңқыр - деп атайды. Орталық шұңқыр торлы қабықтың ең жақсы көретін бөлігі талдағышының қыртысты орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының шүйде аймағында орналасады.
Көздің көмекші мүшелеріне: көздің бұлшық еттері, қабақ және көзжасы аппараты жатады. Бұлшық еттер көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан құралған. Қабақтарға жоғарғы және төменгі қабақтар жатады. Олардың сыртқы қабатын тері, ішкі қабатын көздің кілегейлі қабығы және олардың аралығындағы борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық пен ондағы ет шоғырлары құрайды. Қабақтарда кірпіктер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет