Симпатикалық жұйке жүйесінің ганглийлері жұп омыртқа маңы ганглийлері және тақ омыртқа алды ганглийлері болып екі топқа бөлінеді. Омыртқамаңы ганглийлері әрбір омыртқа денесінің оң және сол жағында орналасады. Омыртқалардың оң жағындағылары бір-бірімен өзара преганглионды миелинді жүйке талшықтарымен байланысып, оң симпатикалық баған (truncus sympaticus dexter), ал сол жағындағылары сол симпатикалық баған (truncus sympaticus sinister) түзеді. Жұп симпатикалық баған орналасу орындарына байланысты: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық бөліктерге бөлінеді. Мойын бөлігін үш: алдыңғы, ортаңғы (жылқада болмайды) және артқы жүйке ганглийлері құрайды. Қалған бөліктердегі ганглийлер саны омыртқалар санына сәйкес келеді. Тек, бірінші көкірек ганглийі артқы мойын ганглийімен қосылып, "жұлдызша" ганглийді түзеді. Жұлдызша ганглийдің түйін соңы жүйке талшықтары көкірек қуысындағы мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді және мойын жұлын жүйкелері мен ми жүйкелерін сұр миелинсіз жүйке талшықтарымен қамтамасыз ететін омыртқалық жүйкені (n. vertebralis) құрайды. Ол артқы мойын ганглийінен алдыңғы мойын ганглийіне бағытталып, әрбір мойын жұлын және ми жүйкелеріне симпатикалық миелинсіз жүйке талшықтарын бөледі.
Ганглийлер нейроциттерінің аксондары жүйке түйіндерінен түйін соңы (постганглионды) миелинсіз жүйке талшықгары түрінде бөлініп, сұр байланыстырғыш тармақгар ретінде жұлын жүйкелеріне кері қосылады да, жүйкелер күрамында тірек-қимыл аппараты мен тері жабыны мүшелеріне барып, солардың қан және лимфа тамырларын жүйкелендіреді, ал жұлын жүйкелерінің сомалық жүйке талшықгары бүлшық еттерді, сүйектерді, буындарды, тері жабынын жүйкелендіреді. Омыртқаалды ганглийлер құрсақ қолқасының ірі артериялары маңында орналасады. Оларға жартыайшықты (екі іш және алдыңғы шажырқай ганглийлерінен тұрады) ганглийлер және артқы шажырқай ганглийлері жатады. Жартыайшықты ганглий іш және алдыңғы шажырқай артерияларының құрсақ қолқасынан ажырайтын тұсында, ал артқы шажырқай ганглийі аттас артерия маңында орналасады. Жұлыннан омыртқаалды ганглийлерге бағытталған түйіналды миелинді жүйке талшықгары үлкен іш жүйкелерін (n. splanchnicus major) және кіші іш жүйкелерін (n. splanchnicus minor) түзеді. Жартыайшықгы ганглий нейроциттерінің аксондары сұр миелинсіз түйін соңы жүйке талшықгары ретінде кезеген жүйке талшыктарымен бірге құрсақ қуысындағы барлық ішкі мүшелерге күн сәулесі тәрізді таралып, осы мүшелердің қан және лимфа тамырларын жүйкелендіреді. Сондықтан, жартыайшықты ганглийді "күндік өрімнің" орталығы деп санайды. Артқы шажырқай ганглийінің сұр миелинсіз түйінсоңы жүйке талшықгары жамбас қуысындағы ішкі мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді.