Дәріс № 10 Тақырыбы: Анализаторлар. Сезім мүшелерінің жалпы сипаттамасы, түрлері.
1 Көру мүшесі.
2 Есту-тепе-теңдік мүшесі.
Сезім мұшелері морфологиялық кұрылымдылығы жағынан жүйке жүйесінің құрамына кіреді. Сезім мүшелері талдағыштардың шеткі қабылдағыш бөлімдері. Талдағыштар(анализаторлар) - сыртқы қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:
Рецепторлар(receptores) - тітіркенгіштерді қабылдайтын жүйке жүйесінің шеткі сезімтал ұштары;
Өткізгіш жолдар - түзілген тітіркеністерді рецепторлардан ми орталықтарына жеткізетін жүйке талшықтары (ми, жұлын жүйкелері, жұлынның және мидың ақ заттары);
Ми орталықтары(мидың сезімтал қыртысты және қыртысасты орталықтары).
Рецепторлар организмдегі орналасу орындары мен қабылдайтын тітіркендіргіш түрлеріне байланысты: ішкі рецепторлар (интеро-рецепторлар), аралық рецепторлар (проприорецепторлар) және сыртқы рецепторлар (экстерорецепторлар) болып үшке бөлінеді.
Интерорецепторлартітіркеністерді организмнің ішкі мүшелерінен, қан және лимфа тамырларынан, әр түрлі ұлпалардан қабылдап, көбіне орталық жүйке жүйесінің қыртысасты орталықтарына жеткізеді.
Проприорецепторларсүйектердегі, бұлшық еттердегі, буындардағы тітіркеністерді қабылдайды.
Экстерорецепторлар сыртқы ортадан келетін тітіркеністерді қабылдайды. Бұл рецепторлардың құрылысы күрделі болып келгеңдіктен, оларды сезім мүшелері (organa sensum) деп атайды. Сезім мүшелері: бірінші сезімтал немесе нейросенсорлы және екінші сезімтал немесе эпителиосенсорлы сезім мүшелері болып екі топқа бөлінеді.
Бірінші сезімтал сезім мүшелеріңдетітіркеністерді тікелей жүйке жүйесінің кұрылымдары қабылдайды. Ал екінші сезімтал сезім мүшелерінде тітіркеністерді алдымен сезгіш эпителиоциттер қабылдап, жүйке толқынынан сезімтал нейроциттерге өткізеді. Экстерорецепторларға көру, есту және иіс, дәм, тері сезімі мүшелері жатады.