Ішкі құлақ (auris interna) самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады. Ол сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын перилимфа — деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықгы эндолимфа — дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс, үш жартыдөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақгық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақша және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопақша қапшық (утрикулюс) бір-бірімен өзара перпендикулярлы жазықтықтарда (сагиттальды, сегментальды және фронтальды) орналасқан үш жартыдөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады.
Есту талдағышының рецепторлары жарғақтық шытырманның ұлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді (Корти мүшесі) мүшеде орналасқан. Жарғақгық ұлу өзегісүйектік ұлу қуысында болады. Олардың аралығындағы қуыс перилимфаға толған. Жарғақтық ұлудың пішіні үшбұрышты болып келеді. ұзындығы 3,5 см, қуысы эндолимфаға толған. Ол спираль тәрізді оралып, жануарлардың түрлеріне сәйкес 3-5 орамдар жасайды. Жарғақтық ұлуды сыртынан пішіні дөңгелекше келген, қуысы перилимфаға толған сүйектік ұлу қаптайды. Сүйектік ұлу өзінің ішкі жағындағы сүйектік білігі (осі) бойымен спираль тәрізді бұралып жатады. Оның перилимфаға толған қуысын үшбұрышты жарғақтық ұлу екіге: кіреберістік және дабылдық баспалдақтарға бөледі. Кіреберістік баспалдақ сопақ тереземен жанасатын сүйектік шытырман қуысынан басталып, ұлу оралымдарының бойымен ұлудың түйық төбесіне карай бағытталады да, ұлу төбесіндегі жарғақгық ұлудың вестибулалы және негіздік жарғақтарының тоғысқан тұсы мен сүйектік ұлу аралығындағы тар тесік (геликотрема) арқылы дабылдық
Лабораторлық сабақ 1
ОСТЕОЛОГИЯ Сүйектер зерттеуінің әдістері, олардың құрылысы және орналасуы.
Жануарлар анатомиясының негізгі оқып-білу әдісі іреп сою және кесу.
Сою , кесу жолдары өткір пышақтың немесе қаңдауырды қолдану мен өтеді. Өлекселер бойын жан-жақты бірдей кескілеу үшін қандауыр мен пинцет (қысқыш) қолда қалам сияқтф ұсталынуы керек және кесіп, сою кезінде өткір пышақпен , қандауырмен қолды кесіп алудан сақтанған жөн.
Өлексені анатомиялық ретімен зерттеу үшін:
Теріні түсіру
Астыңғы жақты бөліп алу үшін шықшыт буынының аумағындағы теріні, бұлшық еттерді және байламдарды кесәп, жақты пышақпен кескілей отырып төмен қарай тартады.
Бөлшектенген аумақтардан сүйектер дайындалады. Ол үшін сүйектерді бұлшық еттерден, шандырдан, жалғамдардан тазартады , сөйтіп сүйек бойындағы құрамдарды; төмпекшіктерді, шұңқырларды, шеміршекті, дене бойын қаптаған дәнекер ұлпаны анықтайды. Сүйектерді қаңқа бойында қай аумақта жатқанын белгілеп, сүйек түрін ажыратады-ұзын, қысқа, жалпақ және аралас деп. Ұзын сүйектерді бойлай кесіп, оның тығыз және кеміік затынан және қызыл, сары сүйек майынан тұратыны есептелінеді.
Осыпай дайындалган суйектерд жидіту аркылы обден тазартып жануарлар кацкасьгн жинайды, немесе болек остеологиялык препараттар рейнде сабактарда колданылады.