1 Дәріс Тақырыбы



бет3/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Мүсіндік анатомия жануарлар денесінің сыртқы бітімін және оның мүшелері мен мүшелер жүйелерінің мөлшерлік арақатынастарын зерттейді. Мүсіндік анатомияның суретшілер мен мүсіншілер үшін маңызы өте зор.
Морфология ғылым ретінде қалыптасқан елдердің ішінде, әсіресе, Мысырда өлген адамның мәйітін бальзамдап сақтау әдісі ( б.з.д. 10-5ғғ) кеңінен тараған болатын. Аталған әдісті, тек морфологияны, оның ішінде анатомияны жақсы білген адам ғана іс жүзіне асыра алатындығы белгілі. Бұның дәлелі Көне Мысырдағы Эберс папирусында (б.з.д. XVI ғ.) жазылған көптеген анатомиялық терминдер.
Морфологияның ғылым ретінде дамуына және оның терминологиясының қалыптасуына Көне Грекия ғұламалары (Алкмеон, Демокрит, Гиппократ т.б.) үлкен үлес қосты. Бұлардың ішінде адамзат тарихында бірінші болып ғылыми анатомияның негізін қалаған ғалым б.з.д. VI ғасырдың соңында, V ғасырдың басында өмір сүрген дәрігер және философ Кротондық Алкмеон болды. Ол жануарларды ғылыми мақсатта алғаш рет сойып зерттеп, дене мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы туралы сол заманға сай терең мағыналы ғылыми тұжырымдар жасады.
Гиппократ өмір сүрген заманда адам мәйіттерін союға рұқсат етілмеген. Сондықтан, Гиппократ өз шәкірттерімен әртүрлі жануарлардың дене мүшелерін зерттеп, олардың құрылысы мен маңызы туралы өзінен кейін дәйекті деректер қалдырған. Гиппократтың шәкірті Аристотель де морфологияның дамуына зор үлес қосты.
Александрияда гректің атақты дәрігер ғалымдары Герофил мен Эразистрат ғылыми зерттеулер жүргізіп, морфологияның одан әрі дамуына өз үлестерін қосты.
Одан басқа Рим ғалымдары А.К. Цельсті, К.Гален, орта ғасырдағы Әбу Насыр әл Фараби, шығыс ғалымы Ибн Сина сүбелі үлес қосты.
Жануарлар анатомиясының ғылым ретінде қалыптасуына көптеген ғалымдар өз еңбектерін сіңірді. Көне дәуірдегі ғылыми еңбектер негізінен жылқы малының дене құрылысын зерттеуге арналған. Оларға: Д. Руффо, Леонардо да Винчи, В. Койтер, К. Руини еңбектерін жатқызуға болады. Үй жануарларының анатомиясы туралы бірінші оқу құралын 1645 жылы итальян ғалымы М. Северино жазған.
Малдәрігерлік мектептер Ресейде 1733 жылы, Францияда 1761 және 1765 жылдары ашылды.
Ресейде үй жануарлары анатомиясы жеке пән ретінде 18-ші ғасырдың 70 жылдарынан бастап Мәскеу университетінде оқытыла бастады. Бұл пәннен бірінші болып дәріс берген де және оның алғашқы оқу құралын 1804 жылы жазған да Андреевский.
Қазақстанда жануарлар морфологиясы ғылымдарының даму тарихы 1929 жылдан Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтында бірінші ашылған жеті кафедраның қатарындағы анатомия мен гистология және эмбриология кафедраларынан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет