1 Дәріс Тақырыбы



бет6/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

3. Екіжақтылық немесе билатеральды (лат. bi — екі, latus — бүйір)
симметрия, болмаса антимерия (грек, anti — қарама-қарсы, meros — бөлік) зандылығы. Жануарлар денесін омыртқа жотасының қыры арқылы дене білігін бойлай жүргізілген тек бір ғана орталық (медиальды, лат. medius орталық) сагиттальды (лат. sagitta — жебе) жазықтық қана тепе-тең екі бөлікке бөледі. Дене бөліктерінің, не мүшелерінің орталық жазықтыққа қараған ішкі бетін медиальды, ал бүған қарама-қарсы жақтағы дене мүшелерінің сыртқы бүйір бетін латеральды беттер — деп, аталған беттерге байланысты дене бағыттарын медиальды жəне латеральды бағыттар — дейді.
Эмбриондық кезеңдегі біліктік мүшелерге (хорда, жүйке жəне ішек түтіктері) немесе ересек жануарлар денесінің арқасына (лат. dorsum — арқа) ойша параллельді жазықтықтар жүргізуге болады. Бұларды дорсальды немесе фронтальды (лат. frons — маңдай) жазықтықтар — деп атайды.
Аталған жазықтықтарға байланысты жануарлар денелерінде бір-біріне қарама-қарсы орналасқдн екі бағытты анықтауға болады. Олар: аталған жазықтықтардан дененің арқасына қарай дорсальды, олардан дененің төменгі бетіндегі құрсағына (лат. ventrum — құрсақ) қарай вентральды багыттар.
Дененің бас аумағында қолданылатын атаулар: Бастың алдыңғы жағына: ауызға немесе мұрынға қарай бағытталған бағытты оральды (лат. or — ауыз) немесе назальды (лат. nasus — мұрын), болмаса ростральды (лат. rostrum — танау — шошқада) бағыт, ал бұған қарама-қарсы бастың артқы жағына қараған бағытты аборальды (лат. ab — кері, or — ауыз) бағыт — деп атайды.
Жануарлардың аяқтары аумақтарында қолданылатын атаулар:
Аяқтар бөлімдерінің дене тұлғасына жақын орналасқан жоғарғы бөліктері, мысалы, жіліктердің бастары проксимальды (лат. proximus —бөліктерін дистальды (лат. distalus — алыс) бөліктер — деп аталады.
Аяқтардың __________алдыңғы беті дорсальды, сыртқы беті латеральды, ішкі беті медиальды беттер — деп аталады. Ал алдыңғы жəне артқы аяқтардың артқы беттері əр түрлі аталады. Алдыңғы аяқтың артқы беті пальмарлы немесе волярлы (лат. palma, vola — алақан) бет, ал артқы аяқтың артқы беті — плантарлы (лат. planta — табан) бет — деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет