1 Дәріс Тақырыбы



бет8/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Алдыңғы аяқ йық белдеуден (cingulum membri thoracici) жəне еркін қозғалатын бөлімнен (skeleton membri thoracici liberi) құралған. Еркін қозғалатын бөлімді иық немесе тоқпан жілік (brachium, s. humerus), білек (antebrachium) жəне алдыңғы аяқ басы (manus) аумақтары құрайды. Алдыңғы аяқ басы өз кезегінде тізе (rg. carpi), алдыңғы жіліншік (rg. metacarpi) жəне бақай (rg. digiti) аумақтарынан тұрады.
Артқы аяқ жамбас белдеуден (cingulum membri pelvini) жəне еркін
қозғалатын бөлімнен (skeleton membri pelvini liberi) тұрады. Еркін қозғалатын бөлімді сан (femur), сирақ (cms) жəне артқы аяқбасы (pes) аумақтары құрайды. Артқы аяқ басы тілерсек немесе толарсақ (rg. tarsi), артқы жіліншік (rg.metatari) жəне бақай (rg. digiti) аумақтарына бөлінеді.
4.Морфология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Ағзаның тіршілік әрекетін терең және жан-жақты ұғыну үшін анатомия, биохимия, биофизика, гистология, цитология, морфология пәндерін толық меңгеру қажет. Морфологиялық зерттеулер тіршіліктің ең қарапайым түрлерінің оның күрделірек түрлерге ауысуының және ағза қызметтерінің бірте-бірте күрделене дамуының себептерін ашады.
Адам мен жануарлар ағзасының қызметтері жайлы алғашқы деректерді Көне грек дәрігерлері Гиппократ, Аристотель, Көне рим дәрігері Гален жинақтаса, ал Орта Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде X-XI ғасырда аттары әлемге белгілі ғұламалар Әбу Насыр Әл-Фараби мен Әбу Әли Ибн Сина еңбектерінде осындай мәліметтер кездеседі. Физиологияны дербес, тәжірибелік (эксперименттік) ғылым ретінде ағылшын дәрігері Вильям Гарвей (1578-1657) таныса, Ресейде XVIII ғасырдың басында орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Ф.В.Овсянников, Н.Е.Введенский және басқалар физиологияның дамуына зор үлес қосты.
Жоғарғы жүйке қызметінде болатын үш принципті И.П.Павлов ұсынды. Олар анализ бен синтез, детерминизм және құрылымдық принциптер: 1.Анализ-талдау- дегеніміз біртұтас құбылыстардың жеке қасиеттерін, жеке ерекшеліктерін тексеру. Синтез-түзілу – жеке қасиеттер мен ерекшеліктерді тексеру арқылы, біртұтас құбылыстарды жан-жақты түсіну. 2- Детерменизм - әрбір құбылысты, әрбір процесті болдыратын себеп, сылтау. 3- Құрылымдық принцип - әрбір мүше құрылымының оның қызметімен байланыстыру. Физиология ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар да жеткілікті.
1. Сүйектер туралы ілім - остеология.
Үй жануарлар сүйектер жүйесінің құрылысын зерттейтін анатомияның үлкен бөлімін – остеология деп атайды. Ол грек сөздері – os – сүйек, logos – ілім деген сөздің баламасы. Бұл грек сөзі – skeleton – (skele – кеуіп, skeletos – семіп, қатып) деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, сүйектер жүйесі немесе қаңқа деп бір-бірімен белгілі заңдылықпен байланысқан қатты мүшелер – сүйектер мен шеміршектерді айтады.
Қаңқа сүйектері дамуына байланысты екі топқа бөлінеді.Олар: біріншілік және екіншілік сүйектер.
Біріншілік сүйектердің дамуында жарғақты, шеміршекті және сүйекті кезеңдерін ажыратады. Бұндай сүйектерге тұлға, аяқ және негіздік бас сүйектері жатады.
Екіншілік сүйектер даму барысында жарғақты және сүйекті кезеңдерінен өтеді. Бұл топты бастың жабынды жалпақ сүйектері құрайды.
Филогенезде жарғақты қаңқа алғашқы рет хордалылар типінің қарапайым өкілі ланцетниктерде дамып жетіледі. Эволюциялық дамудың келесі сатысындағы шеміршекті балықтарда (акула, скат) жарғақты қаңқаны шеміршекті қаңқа ауыстырады. Бұдан кейінгі сатылардағы жануарлар өкілдерінде (сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) шеміршекті қаңқадан сүйекті қаңқа дамиды.
Әрбір жануарлар қаңқасы өзінің онтогенезінде филогенездегі кезеңдерді қысқаша қайталап өтеді. Біріншілік сүйектер дамудың үшкезеңінен, ал екіншілік сүйектер мезенхимадан дамитын жарғақты қаңқа және оның орнында қалыптасатын сүйекті қаңқа кезеңдерінен өтеді.
Онтогенездің бастапқы кезеңінде жас дәнекер ұлпа - мезенхимадан жарғақты қаңқа дамиды. Дамудың келесі кезеңінде жарғақты қаңқа негізінен шеміршекті қаңқаға ауысады. Бұдан соң шеміршекті қаңқаның кейбір жерлерінде сүйектену ошақтары пайда болады. Сөйтіп шеміршекті қаңқа біртіндеп сүйек ұлпасын айнала бастайды.
Қаңқа сүйектері ұлпасының түзілу орнына байланысты сүйектенудің шеміршектік (энхондральды) және шеміршек сырттық (перихондральды) түрлері ажыратылады.
Жілік бөліктерінде сүйектену әртүрлі жолмен жүреді. Жіліктің диафизі перихондральды, ал эпифиздері энхондральды жолмен сүйектенеді. Перихондральды сүйектену кезінде сүйек ұлпасы шеміршектік жілік диафизі қабының ішкі бетіндегі клеткалар - остеобластардан түзіледі. Сүйек ұлпасының одан әрі қалыңдауының нәтижесінде жіліктің сүйектік диафизінің тығыз сүйек заты қалыптасады. Осы кезде жілік шеміршегінің ішіне қарай енген остеобластар мен остеокластардың – osteoclastus (сүйек тканін бұзушы клеткалар) -қатысуымен шеміршектік диафиздің орнында сүйек кемігі түзіледі. Одан кейін тек остеокластардың әрекетіне байланысты сүйек кемігі толығымен бұзылып,оның орнында жілік қуысы пайда болады. Сүйек кемігі диафиздің екі ұшы мен эпифиздердің аралығында ғана сақталып қалады. Бұл кеміктік аралықты метафиз – metaphysis - деп атайды. Метафиз сүйек қуысы жағынан эндоостпен қапталған.
Жілік эпифиздерінің ішкі ортасында пайда болған сүйектену ошақтарынан сүйектің кемік заты дамиды. Осы заттың ұлғайып өсуі нәтижесінде шеміршектік эпифиздер толығымен сүйек кемігіне айналады.Бірақ шеміршек толығымен жойылып кетпей, эпифиздердің сыртқы буындық беттері мен метафиздермен шекаралас жерлерде сақталып қалады. Эпифиз бен метафиздің аралығындағы шеміршекті -метафиздік шеміршекті қабат деп атайды.
Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал сүйектерде кездесетін әртүрлі өсінділер жеке энхондральды сүйектену ошақтары арқылы өсіп жетіледі. Бұндай ошақтарды апофиздер – apophysis - дейді.
Әр түрлі жануарларда қаңқа сүйектерінің толық жетілу мерзімі олардың тұқымына, күтіміне, азықтануына, физиологиялық жағдайларына, өнімдік бағытына байланысты болады. Орта есеппен ол жылқыда 4,5 - 5; Ірі қара малда 4 - 4,5; қой, ешкі, шошқада 3,0 - 3,5; түйеде - 8; итте 1,5 - 2; қоянда 1 жылға тең.
Қаңқа жануарлар дене бітіміне белгілі пішін береді. Қаңқа сүйектері өзара қозғалмалы байланыса отырып бұлшықеттерге тіректік қызметтер атқарады. Сонымен қатар қаңқа сүйектері бір-бірімен тұтаса жалғасып организмнің тіршілігі үшін қажетті ағзаларды ми, жұлын, жүрек, өкпе, бүйрек, жатыр, қуық т.б. сыртқы ортаның қатерлі әсерлерінен қорғайтын қатты қабырғалар түзеді. Қаңқа организміндегі әр түрлі зат алмасуларға да тікелей қатысады. Себебі, денедегі минералдық тұздардың (фосфор, темір, кальций т.б.) дені қаңқа сүйектерінде жинақталған. Сондықтан сүйек оргаизмдегі минералдық зат алмасуды іске асырады. Мұнымен қатар организмдегі май алмасу да сүйектердің қатысуымен жүреді. Сүйектердің қызыл кемік майында қанның құрамына кіретін эритроциттер, дәншелі лейкоциттер және тромбоциттер жасалынады.
Үй жануарлары денесінің жалпы салмағының 6-13% қаңқаның үлесіне тиеді.
Сүйек – os – оның негізін сүйек ұлпасы құрайды.
Сүйекті сыртынан сүйекқап – periosteum - қоршап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы талшықты қабаты – stratum fibrosum - тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген. Осы арқылы сүйек қоректенеді сезеді және қоректенеді.
Сүйекқаптың ішкі камбийалды қабатында - stratum остеобластарға –osteoblastus - өте бай болады. Олар сүйектің өсуін қамтамасыз етеді.
Сүйек құрылысы бойынша бірнеше заттардан тұрады:
• тығыз сүйек заты (substantia ossea compakta) – ол сүйекке тұрақтылық пен беріктік береді.
• кемікті сүйек заты (substantia ossea sponyosa) – ол жілік бастарының, омыртқа денелерінің негізін түзеді;
• қызыл кемік майы (medulla ossium rubra) – кемік сүйек пластинкаларының арасын толтырады;
• сары сүйек майы (medulla ossium flava) - жілік қуыстарында болады.
Тығыз сүйек затын құраушы сүйек пластинкалары өз кезегінде 4 жүйе түзеді: сыртқы жалпы сүйек пластинкалар жүйесі, ішкі жалпы сүйек пластнкалар жүйесі, сүйек пластинкаларының остеондық жүйесі, сүйек пластинкаларының аралық жүйесі.
Сүйектің негізгі құрылым бірлігі – остеон - osteonum – болып есептеледі. Әрбір остеон бір - бірін қаптай орналасқан 4 - 19 сүйек түтікшелерінен тұрады. Осы сүйек түтікшелерінің аралығында тармақты сүйек клеткалары – octeocytus - жатады. Остеондардың ішкі өзектерімен сүйекті қоректендіруші қан тамырлары өтеді.
Сүйектердің пішіні олардың қаңқадағы орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты. Осыған орай қаңқада ұзын, қысқа, жалпақ және аралас сүйектерді ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет