1 Дәріс Тақырыбы



бет56/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ерекшеліктері. Жылқыда таңдай шымылдығы өте ұзын. Оның тандай
доғасы тіл түбіріне дейін жетеді. Осыған байланысты жылқы басқа малдармен салыстырғанда аузымен дем ала алмайды. Таңдай шымылдығында тақ тандай бадамшасы, ал тіл түбірінің екі бүйірінде жұп тандай бадамшалары орналасады.
Күйіс қайтаратын малдардың жұмсақ тандайы сəл қысқалау келіп, көмекей бөбешігінің ұшына дейін созылады. Таңдай шымылдығының екі бүйірінде тандай бадамшалары болады.
Шошқада тандай шымылдығы қысқа жəне қалың болып келіп, бөбешікке горизонтальды бағытталады. Таңдай шымылдығында тақ тандай бадамшасы орналасады.
Итте тандай шымылдығы тіл түбіріне қарай бағытталыи, бірақ оған сəл жетпей аяқталады. Таңдай бадамшалары ерекше бадамша қуыстарда (sinus tonsillares) орналасқан.
Ауыз куысының түбіңде (дно ротовой полости) негізінен тіл жатады.
Тіл мен қызыл иек аралығындағы саңылау тəрізді қалтарыста тіласты қатпарлары (plica sublingulis) болады. Аталған қатпарларға көп өзеқті тіласты сілікей бездерінің өзектері ашылады. Тіл ұшының төменгі жағында, ауыз қуысы кілегейлі қабығының тілге қарай өтетін катпары тіл жүгеншігі (frenulum linguae) болады. Оның екі бүйірінде тіласты сүйелшелері (caruncula sublingulis) көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгі жақ жəне бір өзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері ашылады.
Ерекшеліктері. Жылқыда тіласты сүйелшелер жақсы жетілген. Күйіс
қайтаратын жануарлардың тіласты Иђ_______қатпарлары бүртікшелі, тіласты сүйелшелері ірі де тығыз болып келеді. Шошқада тіласты сүйелшелері болмайды, бірақолардың орнындағы без өзектерінің тесіктері жақсы көрінеді. Итте аталған сүйелшелер майда болып келеді.
Тіл (язык) — linqua, s. glossa — қимылы жақсы жетілген бұлшық етті мүше. Ол бұлшық еттердің көмегімен тіласты жəне төменгі жақ сүйектермен байланысқан. Барлык жануарларда тіл ауыздағы азықты араластырып, тшайнау мен жүту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықтың татымын анықтайды. Тіл тіл түбірінен (radix linguae), тіл денесінен (corpus linguae), тіл үшынан (apex linguae), тіл арқасы (dorsum linguae) мен екі бүйір бетінен (facies lateralis) тұрады. Оның негізін ұзынынан, көлденеңінен жəне тігінен өтетін бұлшық ет талшықтарының шоғырлары құрайды. Тіл сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Тілдің бетінде екі түрлі: механикалық жəне татым емізікшелері болады. Механикалық емізікшелерге: жіпше емізікшелер (papillae filiformes) жəне конусша емізікшелер (papillae сопісае), ал татым емізікшелерге: саңырауқұлақша емізікшелер (papillae ftingiformes), қорғанша емізікшелер (papillae vallatae) жəне жапырақша емізікшелер (papillae foliatae) жатады. Татым емізікшелерде азықтың дəмін аныктайтын татым баданалары орналасады.
Тілдің қатысуымен жануарлар организмінде дəм сезімі, сипап сезу сезімі, су мен азықты қабылдау қызметтері атқарылады. Итте тіл дене қызуын реттеуге де қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет