Остеокластар сүйек пен шеміршекті талқандаушы ірі көп ядролы жасушалар, диаметрі 90-100 мкм дей. Олар ескірген сүйек ұлпасы бөліктерін ерітіп жоюға маманданған, моноциттерден жетілетін макрофагтар. Остеокластардың ядролары еріту ферменттерін бөлетін плазмолемма өсінділеріне қарама қарсы жағындағы цитоплазмаларында орналасады. Остеокластар бұзылып, қайта құрылып немесе даму сатысындағы шеміршектер мен сүйектер аймақтарында көптеп кездеседі.
Сүйектің жасушаралық затындағы коллаген талшықтарының орналасуына байланысты сүйек ұлпасының екі түрін ажыратады: ірі талшықты және пластинкалық. Ұрыктар мен жаңа туған жануарларда сүйек ұлпасының жасушааралық заттарының талшықтары ірі болады және түрлі бағытта орналасады, мұндай сүйекті ірі талшықты сүйек деп атайды. Жануарлардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты сүйек құрамында жіңішке параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан тұратын пластинкалық сүйекке айналады.
Пластинкалық сүйек ұлпасының құрылысы күрделі. Пластинкалық сүйек ұлпасына тән ерекшелік көршілес екі пластинканың фибриллалары түрлі бағытта орналасады. Кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне өтеді, сөйтіп олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Сүйек заты кемік және тығыз болуы мүмкін. Екі жағдайдың екеуінде де қан тамырларымен және нервтермен тығыз байланысқан тұтас жүйе құрайтын пластинкалардан тұрады.
Бақылау сұрақтары: бақылау сұрақтары:
1. Жануарлар организмдері құрылысы мен дамуының негізгі заңдылықтарын
қайталап, олардың маңызын түсіндіріңіз.
2. Омыртқалы жануарлар дене құрылысының заңдылықтарын еске түсіріп, оларға байланысты денедегі жазыктықтар мен бағыттарды атаңыз.
3. Мүше, мүшелер жүйесі және ағзаға түсінік?
4. Онтогенез және филогенез дегеніміз не?
5. Тарау мəтініндегі барлық қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп жазып алып, оларды жаттаңыз.
6. Онтогенез және филогенез дегеніміз не?
7. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы.
8. Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.
9. Сүйектің негізгі құрылым бірлігі
10. Пішініне байланысты қаңқа сүйектерінің түрлері.
11. Сүйек ұлпасының жасушалары.
Әдебиеттер: 1 Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных.// М.: Колос, 1984.-543с.
2 Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К. Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы.// Алматы, «Сөздік-Словарь», 2005.- 597б.
3 Ғазизова А.І., Тожыбаева А.С. Латынша-орысша-қазақша морфологиялық терминдердің сөздігі.// Астана, 2008.- 77б.
4 Боранова Т.Ы. Жануарлар анатомиясының практикумы.// Астана, 2018.
5 А.І.Ғазизова, Тожыбаева А.С., Ахметжанова Морфология пәніне арналған практикум.// Нұр-Сұлтан 2019 6 Валл Г.И. Латинский язык.// Москва, «Высшая школа», 1990.