Негізгі: 1. 83-88
Қосымша: 4.1-32, 8.25-52.
Тексеру сұрақтары: Графикалық әдіспен есептеу қандай ретпен орындалады?
Жер пайдалану алаңы ауданын есептеудің дәлдігі қалай атқарылады?
№ 7 Дәріс. Аудандарды механикалық әдіспен есептеу. Савич әдісі. Полярлық планиметр аспабын тексеру және өлшеу теориясы
Планиметрді қарап, жұмысқа қосу алдында келесі талаптар қойылады:
1. Есептеу шығыры өз осінде бос айналып тұруы керек, верньерге тимей және подшипниктер ішінде бос жүрмеуі керек. Оны тексеру үшін, шығырды саусақпен бұрып, жан жағына қозғап қарайды. Шығыр 3-4 секунттай бос айналып тұруы керек. Есептеу шығыры мен верньер арасында қағаз өтіп кететіндей саңылау болуы керек, бұл саңылау араларын тазалап отыру үшін керек. Егер бұл шарт орындалмаса, онда есептегіш шығырды cts.d подшипникті ұстап тұрған А және В (18-сурет) бұрандалары арқылы, Е және F бекіткіштерін ағыта отырып, босатады.
Есеп алу шығыры бос айналып, қалыпты жағдайға келгеннен кейін, яғни шығыр мен верньер подшипник үстінде бос қалталақтап тұрғанын қойғып, арсында керекті саңылауды қойғаннан кейін Е және F бұрандаларын бекітеді
2. Верньер (есеп алаушы тетіктиердің бірі) беті шығыр бетінің жалғасы іспеттес болуы керек. Верньерді есептеу механизмінің рамасына бекітіп қойған бұрандалары арқылы ретке келтіреді.
3. Шығырдағы және верньердегі бөліктер дұрыс пішінді болулары керек. Олардың дәл салынғандығынн верньердің соңғы сызығының шығыр сызықтарына дәл келіп тұрғандығын, верньердің соңғы сызығының шығыр сызықтарымен дәлдесіп тұрғандығын жайлап жылжыта отырып тексереді.
4. Есеп алу алу тетігінің рифельдік сызықтары (кертпелері) дұрыс салынған болулары керек, яғни есептегіш көрсеткіштері дұрыс болғанына көз жеткізеді. Тексеру үшін, планиметр иінімен шеңберді сүйір бұрыш (300 градустан төмен) және доғал (бірақ 1500 артық емес) бұрыш жасап тексергіш сызғыштың көмегімен (айналғыш қатесін жою үшін) бірнеше рет айналдырады.
18-сурет
Сонымен, шеңберді үш жағдайда 10-нан аз емес рет айналдырады. Мұнда айналдырғыш шпиль тексергіш сызғыштың арнаулы ұясына кіреді, тірек бұрандасын босатады, егер планиметрде шпиль айналдырғыш шынымен ауыстырылған болса, онда тексергіш сызғышты пайдалынып шеңберді айналдыруға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыны қолданады
Әр жағдайда алынған есептер айырмасының нәтижесі үш бөлік шамасынан аспауы керек (планиметрдің әр жағдайында алынған есептер айырмасы көп болуы мүмкін, бірақ бұл келесі шартты орындамағандықтан орын алуы мүмкін).
Планиметр иінімен айналдыру алдында және одан кейін тексергіш сызғыш штрихын қағаз бетіндег штрихтармен дәл келтіру керек және де бастапқы нүктені таңдауда планиметр иіндерінің арасындағы бұрыш тік бұрышқа жақын болуы керек. Иін полюсінің, тексергіш сызғыштың бір жағдайында және алдағы шарттардың бәрі орындалған жағдайда алынған есептер айырмасының көп болуы есеп алу шығырының дұрыс кертімегендігін көрсетеді, яғни кертілген штрихтар бір-біріне параллель емес. Мұндай барабан шығырлар фабрикаларда қайтадан жасалып немесе түзетіледі. Рифельдік штрихтар планиметрді сақтау жағдайларына байланысты (дымқыл бөлмеде), барабанға терлеп тұрған саусақтармен бұрау т.с.с.
Әрі қарай негізгі геометриялық шарттарын тексереді.
5. Есептегіш шығырдың айналдырғышындағы рифельдік штрихтардың бағыты айналдырғыш иіннің осіне параллель болуы керек. Рифельді штрихтардың және айналдырғыш иіннің арасында ф бұрышы (19-сурет) пайда болады, бұл бұрыш есептеу шығырына рифельдік штрихтар параллель салынбаған, ал есептегіш шығырдың осі, айналдырғыш иіннің осіне параллель емес деген сөз.
Пішін үстімен оңға қарай жүргіу кезінде бұрыш 0 және солға қарай жүргізгенде планиметр әр түрлі көрсететін болса, онда планиметрмен пішінді айналдыра жүргізгенде оның бөлік саны бірдей болмай шығады. Сондықтан планиметрдің иіні оң және сол жағындағы жағдайларында пішінді айналдырғанда есеп бірдей болмаса, онда планиметрді түзетуге кіріседі. түзетеді.
Бірақ 0 болған жағдайда есеп нәтижесіне тек қана бұрышының шамасы әсер етіп қоймайды, планиметр иіндерінің арасындағы бұрышыда әсер етеді. және бұрыштарының осы алшақтыққа әсерін көрсету үшін, айталық шарт орындалмады, яғни 0, ал айналдыру кезінде иіндер арасындағы бұрыш орташа бұрышына тең (айналдыру кезінде бұл бұрыш үздіксіз өзгеріп отырады, ол біресе үлкейеді немесе кішірейеді, сондықтан оның орташа шамасын алады). Айналдыру иіні R , оаb планиметрімен жұмыс істей отырып, полюстері оң және сол жағдайларда жүргізіп, ондағы негізгі геометриялық шарт орындалды деп, есептеу шығыры k жағдайынан k1 ауыстырылғанда оа'b және оа" планиметрін, көзге елестетеді (есептеу шығыры өз жазықтығында айналдыру кезінде көрсетуін өзгертпейді). Сонда көзге елестетіп отырған планиметрдің айналдыру иінінің ұзындығы оң полюсінде R/, ал сол полюсінде R// Планиметрдің и бөлік сандарының, айналдырғыш иіннің R ұзындығына байланысын тұрақтандыру үшін, айналдыру пішінінің ауданын анықтайтын белгілі формуланы жазамыз