3 тақырып. Рим құқығының субьектілері. Сағат саны: 1 сағат Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1. Тұлға түсінігі.
2. Рим азаматтары, латындар және перегриндардың құқықтық жағдайы.
3. Құлдардың құқықтық жағдайы.
4. Заңды тұлғалар.
Дәріс тезистері:
1. Тұлға терминімен құқықтың субъектісі анықталады. Тұлға болып рим қоғамында жекелеген адамдар мен заңды тұлғалар саналған. Жеке тұлғалар-азаматтар, ал жеке тұлғалардың қауымдастығы және жеке тұлғаларға тәуелді емес мекемелер-заңды тұлғалар. Тұлға бұл құқықтарға ие адам. Құқықтарға ие болу қабілеттілігі құқыққабілеттілік деп аталған. Құқыққабілеттілік адам туған кезден бастап пайда болады да өлген кезде тоқтатылады. Бірақ бұл ережеден ауытқитын жағдайлар да болған. Мысалы, егер анасының жатырында жатқан бала мұрагерлік субъектісі болған жағдайда немесе баланың пайдасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда. Ерте Римде толық құқыққабілеттілік үш элементтен тұрған:
- Еріктілік жағдайы - status libertatis, яғни ерікті болу, құл болмау.
- Азаматтық жағдайы - status civitatis, рим азаматтарының қатарында болу.
- Отбасылық жағдайы – status familiae, яғни отбасы басшысының билігінде болмау.
Жеке құқықтық қатынастарда құқыққабілеттілік екі элементтен тұрады: 1) jus conibiі – рим некесіне тұру құқығы; 2) jus commercii – мүліктік қатынастардың субъектісі болу құқығы. Еріктілік жағдайы тұлғаларды еріктілер және құлдар деп бөлді. Ал, азаматтық жағдайы рим азаматтары және басқа ерікті азаматтар деп бөлді. Отбасылық жағдайы бойынша отбасы басшысы және оған бағыныштылар деп бөлінді. Тұлға үшін тек құқыққабілеттілік мәнді болды, бірақ ол өзінің мәнін жоғалтар еді, егер де сыртқа шықпаса. Бұл сыртқа шығару әрекетқабілеттілік арқылы түсіндіріледі. Әрекетқабілеттілік- бұл тұлғаның өз әрекеттерімен зіне құқықтар мен міндеттерді туғызу қабілеттілігі. Рим құқығы тек ерікті азаматтардың құқық қабілеттілігін таныды. Бірақ кез келген ерікті азаматты құқық қабілетті деп танымайтын. Ерте кезде толық құқыққабілеттілік тек рим азаматтарында танылды.