1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы



бет6/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
лекция рим (1)

3. Құлдардың құқықтық жағдайы құқықтың объектісі ретінде танылды. Құлдық күң-анадан туу, қамауда болу, құлдыққа сату немесе өлім жазасына кесу немесе кен орындарына жұмысқа жіберуге жазаланса орнады. Құлдық құлды бостандыққа жіберумен тоқтатылды. Уақыт өте келе құлдың мәртебесі жақсара бастады. Империя кезеңінде құлдар құлиеленушінің мүлкінің бір бөлігін басқару және пайдалану құқықтарын ала бастады, яғни кейбір мүліктік құқықтарға ие болды. Қабілетті құл өзіне мүлік жинау және сол мүлік арқылы қожайынынан еркіндігін алуға мүмкіндігі болды. Егер құл, тек преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, онда ол квириттік құқыққа сол қожайынның ерігін (еркін) қажет етеді. Немесе, құл квириттік және преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, сол еркіндікке жіберген қожайынының азаматтығын ала алатын, яғни латын болатын және квирит құқығына ие бола алатын. (Гаи Институциясы). Принципат кезінен бастап құлдықтан босатудың басқа да жағдайлары болды. Мысалы, қожайынын өлтірген адамды тапқан құл құлдықтан босатылатын, 20 жыл ерікті адам секілді жүрген құл құлдықтан босатылатын. Бірақ lex Aelia Sentia заңдарды құлдарды босатудың келесідей талаптарын орнатты:
- 30 жасқа толмаған құлды босату немесе 20 жасқа толмаған қожайын құлды босататын болса ерекше комиссияның алдын ала тексеруі қажет болды;
- таңбаланған құлдар босатылғаннан кейін перегриндар қатарына жататын.
Егер де құлды босатудың салдарынан несие берушіге немесе патронға зиян болатын болса, құлдықтан босатудың еш мәні жоқ деп саналатын. Себебі Элия Сенция заңы еркіндікті жоққа шығаратын. Жиырмаға толмаған қожайын құлды еркіндікке жібере алатын, егер бостандыққа жіберу сот арқылы болатын болса және бостандыққа жіберудің заңды негізі кеңес алдында дәлелденген болса. Құлды бостандыққа жіберудің заңды негізі болып табылатын, мысалы, кім әкесін немесе шешесін не тәрбиелеушісін бостандыққа жіберсе, немесе бірге туған туысын жіберсе. Когнициондық процесстің енгізілуімен қатар құлдар әдеттегі сотқа талап беру құқығының болмауына байланысты чиновниктерге өтініш жасай алатын. Рим құқығы бойынша құқықтың субъектісі ретінде жеке тұлғамен қатар заңды тұлға да өмір сүрді, бірақ рим құқығы заңды тұлға ұғымын анықтаған жоқ. Бірақ, 12 кесте заңдарында әртүрлі діни және кәсіби сипаттағы корпорациялар туралы айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет