3. Магистр эдиктілері. Магистр эдиктілері республикалық магистрдың лауазымға келуімен байланысты шығарылатын арнайы акт. Эдикт бағдарлама ретінде шығарылды және уәкілеттілігі біткенше әрекет етті. Эдиктілер: а) тұрақты; б) белгісіз мерзімге жасалған деп бөлінді. Тұрақты эдиктіде барлық уәкілеттілігі кезінде міндетті болатын ережелерді қамтыды. Ал, екінші түрі белгілі бір тұлғаға қатысты немесе казустық жағдайға қатысты болды.
4. Заңгерлердің қызметі.Юриспруденциямен айналысу лауазымды қызметтердің бірі болды. Рим заңгерлерінің қызметінің бірнеше түрі болды. Біріншісі- respondere – кеңес беру, яғни жеке тұлғалардың сұрақтарына жауап; екіншісі – cavere – жазбаша құжаттарды құрастыру және рәсімдеу; үшіншісі – agere – тараптардың процессуальдық әрекеттеріне басшылық. Заңгерлердің қызметі адамгершілік, адалдық қағидаларына, яғни табиғи құқық элементтеріне негізделді. 426 ж. арнайы заң қабылданды. Бұл заң бойынша тек бес заңгердің пікірі соттар үшін міндетті болды. Олар - Папиниан, Гай, Павел, Ульпиан, Модестин. Егер әртүрлі пікір болатын болса, Папинианның пікірі басымдылыққа ие болды.
5. Юстиниан Кодификациясы. Нормативтік материалдың көлемінің әртүрлі және кең болуына байланысты рим жеке құқығын кодификациялау қажет болды. Заң шығару саясаты бұрынғы ескерткіштерді және соңғы қабылданған заңдарды кодификациялау міндетін қойды. Бірінші кодификация император Феодосии тұсында б.э. бесінші ғасырында болды. Нәтижесінде Феодоси кодексі пайда болды және ол 16 кітаптан тұрды. Б.э. VI ғ. бірінші жартысында император Юстиниан тұсында жаңа кодификация жасалды. Нәтижесінде Юстиниан Ережесі пайда болды және ол кодекс, новелла, дигеста, институциядан тұрды. Кодекс император конституцияларын біріктірді. Новелла ол да император конституциясы. Дигесталар – заңгерлердің шығармаларының жиынтығы. Институция – рим жеке құқығы бойынша оқулықтар.
Негізгі терминдер: Ius – құқық, уәкілеттілік, құқық нормасы Ius publicum –жария құқық Ius privatum – жеке құқық Ius civile – цивильдік құқық Ius gentium – халық құқығы Ius naturale – табиғи құқық Mores maiorum – ата-баба дәстүрі Consuetudo – әдет-ғұрып құқығы Lex – заң Responsa prudentium – білгірлер жауабы Senatusconsulta – құқықтың қайнар көзі күшіне ие сенат қаулысы Edicta magistratuum –магистр эдиктісі Constitutiones principum –магистрат конституциясы Edicta – жалпы міндетті император конституциясы Decreta – төменгі сот инстанциясының шешіміне жауап түрінде берілетін император конституциясы
Rescripta – жеке казустар.а жауап ретінде берілетін император конституциялары
Mandata – чиновниктерге берілетін нұсқау
Бекіту сұрақтары: 1. Әдет-ғұрып.
2. Заңдар.
3. Магистр эдикті.
4. Юстиниан кодификациясы.
Әдебиет: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/
Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.
Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.