2. Рим азаматтығын алудың негізгі тәсілі- баланың дүниеге келуі болды. Рим некесінде дүниеге келген бала әкесінің жағдайын қабылдады. Ал, некеде тұрмаған әйелден дүниеге келген бала шешесінің жағдайын қабылдады. Сонымен қатар рим азаматтығы құлдықтан босату арқылы, бала асырап алу арқылы, жекелеген тұлғаларға, қауымға, провинцияларға ерекше акт арқылы рим азаматтығын беру арқылы алынатын. Құқыққабілеттілік жария құқық аясында мыналарды қамтыды: тұрақты әскерде қызмет ету құқығы, халық жиналыстарына қатысу және сайлау құқығы; магистрде лауазым алу. Өзінің құқықтық жағдайына байланысты рим азаматтары ерікті туылғандар және рим азаматымен құлдықтан босатылғандар деп бөлінді. Тұлғаның құқықтық жағдайының шектелуінің ерекше жағдайы арынан айырылу болды. Арынан айырылу жағдайы қылмыс үшін сотталған жағдайда; некеге қатысты құқықтық нормаларды бұзған жағдайда; ұят істермен айналысқан жағдайда орын алды. Рим азаматтығы еркіндігін жоғалтумен байланысты жойылып отырды.
2.1 Латындар деп Лациум тұрғындарын және олардың ұрпақтарын атады. Олардың жария құқықтары рим халық жиналыстарына қатысу және дауыс беру еді. Олардың мүліктік дауларын рим соттары қарады. Латындар jus conibiі және jus commercii құқығына ие болды. Латындардың қүқықтық жағдайы дүниеге келумен, мемлекеттік үкіметтің актісімен латын азаматтығын беру арқылы анықталады. Рим азаматтарының ерікті түрде латын азаматтығына көшуі жер алу мақсатында, латын азаматының құлдықтан босатуы арқылы жүзеге асырылды. Латындардың рим легиондарында қызмет ету құқығы болды. Латындар рим азаматтығын арнайы актілер арқылы ала алатын. Гаидың институцияларында, егер латын бұрынырақ өлсе, жастағы баласының рим азаматы екенін анасы да қорғай алатын деп көрсеткен. Кейіннен Троян латындарға, егер ол Римде диірменді үш жыл бойы ұстаса және күүн сайын 100 мер нан шығарса, квириттік құқықты беру керек деп қаулы қабылдады.
2.2 Перегриндар–рим колонияларының тұр.ындары, сонымен қатар Ерте Римнің аумағындағы шет мемлекеттердің тұлғалары. Бастапқы кезде перегриндардың мүлде құқықтары болған жоқ, бірақ сауда айналымының дамуына байланысты преторлық құқықпен қорғалды. 212жылы б.э. император Каракалла оларға рим азаматтығын сыйға береді. Осы жылдан бастап рим азаматтары мен перегиндардың құқыққабілеттіліктері бірдей болды.